Әлеуметтік дамудың бес тетігі

Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арна­ған әр Жолдауы, мақаласы және Үн­деулері – аса өзекті, страте­гия­лық маңыз­ға ие тарихи саяси құ­жаттар. 

Егемен Қазақстан
03.04.2018 326
2

Парламент палата­лары­ның бір­лескен отырысында өз отандастарына арнаған «Пре­зи­денттің бес әлеуметтік бас­та­масы» атты Үндеуі бұған дейінгі «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» мақаласы мен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының заңды жалғасы. Үндеудегі бес бастаманы жоға­рыда аталған бағдар­лама­лар­дағы міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін тетіктер деуге де болады. Өйт­кені, бұл бастамалар негізінен ха­лық­тың, оның ішінде еліміздің келе­шегі жастардың әлеуметтік проблемаларын шешуге арнал­ған.

Үндеудің бірінші бастамасы «Әрбір отбасына баспана алу­дың жаңа мүмкіндіктерін беру» деп аталады. Бұл бастама­сын­да Елбасы баспана алудың «7 – 20 – 25»бағдарламасын ұсы­н­ған. Бағдарламаға сай несие­ге алынған қаражаттың үстем­­ақысы 14-16 пайыздан 7 пайыз­ға дейін төмендеп, банкке төленетін бастапқы жарна 30-50 пайыздан 20 пайызға дейін қыс­қарған. Ал толық төлеу мер­зімі 10-15 жыл­дан 25 жылға д­ейін ұзар­тыл­мақ. Әрине бұл ша­ра қара­пайым азаматтар мен ен­ді ғана шаңырақ көтерген жас жұ­бай­лар үшін үлкен көмек болады.

Елбасының 2019 жылдан бас­тап, жалақы мөлшері 60 мың теңгеден аспайтын азматтардың табыс салығын 10 есеге дейін қыс­қарту туралы ұсынысы да көп­шіліктің көңілінен шығып, қол­дауына ие болып отыр. Сон­дай-ақ Президент Үндеуінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жүрген азматтар үшін шағын несие беру тетіктері, елді көгілдер отынмен қамтамасыз ету мәселесі де ұмыт қалмаған.

Еліміздің студенттері мен ұстаздар қауымы білім алудың мем­лекеттен бөлінетін гранттар сан­ының 20 мыңға дейін ұлғай­тылатындығын зор тебіре­ніс­пен қарсы алды десек артық айт­қандық болмас. Сөз жоқ, бұл шара жоғары білім алуды қолжетімді етудегі игі бастама болмақ.

Сондай-ақ Президенттің Үкі­метке 2022 жылдың соңына дейін 75 мың орындық жаңа жатақ­ханалар салуды тапсыруын, оның студент жастарға деген әкелік қамқорлығының шынайы көрінісі деп білуіміз қажет.

Сүйікті Отанымыздың халық­аралық бәсекеге қабілеттілігі, оның гүлдене өркендеп, әлемнің мейлінше дамыған 30 елінің құрамынан көрінуі жастардың қолында. Елбасының биыл­ғы Жолдауында көтерілген төртін­ші өнеркәсіптік революцияны жүзеге асыру терең білімді, жоғары білікті мамандарсыз тіпті де мүм­кін емес. Қоғамның негізі қоз­ғау­шы күші болып табылатын сол мамандар, біздің бүгінгі сту­дентер. Міне, сондықтан да Пре­зидент студентердің әлеуметтік жағдайын бір мезет те назардан тыс қалдырған емес.

Халқына арнаған өз Үндеуін Президент: «Бүгінгі бастамалар еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болса ғана табысты жүзеге асады. Ал ел бірлігі – ең бірінші қазақтың бірлігі. Жаһандық көштің басында жүретін мерейлі ел болу үшін, бірлік пен ынтымақ алдымен өзімізге – қазаққа керек», деп түйіндеді. Елбасының бұл жерде сирек те болса байқалып қалатын рушылдық, жершілдік деген келеңсіз құбылыстарды меңзеп отырғандығы айтпаса да түсінікті.

Ынтымақ пен бірлігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, ту етіп ұстайық, қадірлі ағайын!

Саттар ҚУАШБАЙ,
экономика ғылымдарының докторы, профессор

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.01.2019

Білім мен руханият ордасы

16.01.2019

Жас мамандар Балқашқа келіп, баспаналы болды

16.01.2019

Дәрі-дәрмек бағасы реттеледі

16.01.2019

Медициналық туризмді дамытуға үлес қоспақ

16.01.2019

Енді дәрігер «қағазсыз» емдейді

16.01.2019

Саланы ілгерілетудің соны мүмкіндіктері

16.01.2019

Түркістанның (Шауғар, Ясы) ортағасырлық кемеңгер перзенттері жайлы жаңа деректер

16.01.2019

Ескі тарихтың жаңаша жазылуы

16.01.2019

Нөмір сатудан 4 миллиард теңге табыс түсті

16.01.2019

Bas paıda algorıtmi

16.01.2019

Электронды қызмет – заманауи міндет

16.01.2019

Өмірдегі орны бөлек еді

16.01.2019

Қазақстанда баспасөздің міндеті

16.01.2019

Шыңғыс Айтматов. Эйфельдейін мұнараның маңында...

16.01.2019

Бағалы металдар нарығы: Инвестиция салғандар өкінбейді

16.01.2019

Теңге бағамының тұрақтылығы сақтала ма?

16.01.2019

Дуал дауы саяси текетіреске ұласты

15.01.2019

Елімізде бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік құрылады

15.01.2019

Македония бұдан былай екі тілді мемлекет

15.01.2019

Астанада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетушілер саны ұлғаяды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ataý men aqaý

Dúken, meıramhana, qonaq úı, shashtaraz, sulýlyq, sán salondary, basqa da túrli nysandardyń ataýy mańdaıshaǵa japsyryla salǵan jáı ǵana jazý emes, ulttyq bolmysymyzdy, ulttyq rýhymyzdy, qoǵamdyq sanany qalyptastyratyn, tárbıelik máni zor mańyzdy faktor sanalady. Solaı degenmen ókinishke qaraı, bul qurǵyryń túbiri sýyrylmaı qalyp qoıatyn aramshópti qansha otaǵanyńmen qaıta-qaıta qaýlap shyǵa beretini sıaqty áli kúnge deıin sheshimin tappaǵan túıini kóp túıtkildiń birine aınalyp otyr.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу