Қазақстан • 03 Сәуір, 2018

Елбасы бастамалары басты мәселелерді шешеді

400 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

 «Болар істің басына, жақсы келер қасына», деп айтқандай елінің ертеңін ойлаған Елбасы өзінің айқын бес бастамасын халыққа жария етті. Ел тұрғындарының тұрмыс жағдайын одан әрі жақсарта түсуі тиіс бұл қадам дер кезінде жасалып отыр.

Елбасы бастамалары басты мәселелерді шешеді

Бастамалар аясында ұсыныл­ған бағдарламалар мен іс-шара­лар елдің еңсесін көтерері сөз­сіз. Атап айтсам, баспана алу­дың жаңа мүмкіндіктері бойынша ұсынылған «7–20–25» бағдарламасы бүгінгі бас­панасыз жүрген талай отбасына үлкен көмек. Әсіресе болашағына сенім тудыру үшін жас отбасыларға жасалып жат­қан жақсы жағдай деп айту­ға болады. Еліне өз үлесін қосу үшін еңбек етіп етіп жүрген білім­ді жастар баршылық. Алай­да көбінде отбасылық-тұрмыс­тық жағдайлары нашар болып келеді. Осылайша күйбең тіршілік­тен арыла алмай жүрген жастар енді қолжетімді баспанамен қам­тамасыз етіледі деп ойлаймын. Жалақысы мардымсыз азаматтарға салық төлемін азайту жөніндегі бастама да орынды. Салықты азайту арқылы олардың жалақысын көтеру көзделген. Бастамада халыққа әлеуметтік тұрғыда қолдау көрсетілетіндігі көңілге сенім ұялатады.

Ең бастысы, жоғары білім алудың сапасы мен қолже­тім­ділігін көтеру бастамасы қан­шама жастарды тығырықтан шығ­арары сөзсіз. Елбасы ұсын­ған техника саласындағы мем­лекеттік грантты көбейту ел эко­но­микасын арттырудағы қажет­ті мамандықтарға көңіл бөлуді білдіреді. Осы маман­дықтарға жастарды тарту үшін оларға жағдай туғызу керек­тігін атап көрсеткен Елбасы жоға­ры оқу орны мен колледждер­де жатақхана мәселесін шешу керек­тігін баса айтты. Осы бас­тама бойынша салынатын заманауи тұрғыдағы жаңа жатақ­ханалар пәтер жалдап жүрген студенттердің мәселесін шешеді. Олардың толыққанды білім алуына жағдай жасалатыны қуантады. Елдің еңсесін көтерген бастамалардың бірі – ша­ғын несие беру көлемін кеңейту. Бұл өз кәсібін бастап, шаруа­шылығын кеңейтуді көзд­е­ген әр кәсіпкерге таптырмас көмек. Қаржылай көмекті қажет ететін әрбір кәсіпкер өз шаруа­шылығын кеңейтуде мемлекет тарапынан жасалған бұл қолдауды қуанышпен қарсы алып жатыр деп ойлаймын. Елді көгілдір отынмен қамтамасыз етуді көздеген бесінші бастама халық тұрмысында қордала­н­ып қалған талай мәселені шешері даусыз. Ыстық су мәселесі, отын тапшылығы сияқты қара­пайым дүниелер әсіресе біздің Көк­шетау қаласы бойынша қол­жетімді болар еді. Осы бас­та­маларды азаматтық тұрғыдан қолдаймын және жақын арада жүзеге асатынына сенемін.

Шаттық ҚАРАСАРТОВА,
М.Ғабдуллин атындағы №3 көп тілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ақмола облысы

Соңғы жаңалықтар