Тіл білместіктің салдары неге апарады?

Ал, енді латыншаға көшетін де, оралатын да болдық! Тәуел­сіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі әліп­биін кирил­лица­дан латын гра­фи­касы­на көшіру туралы» Жарлыққа 2017 жылдың 26 қазаны күні қол қойды. Бұл бір-қайырлы іс!

1940 жылдың 13 қарашасындағы заңмен қазақ жазуы латындан­дырыл­ғ­ан әліпбиден орыс гра­фи­касы негізіндегі жаңа әліп­би­ге көшірілсе, енді міне, тура жет­піс жеті жылдан соң заң да өз­герді. Бұл – заманның өзгергені!

Егемен Қазақстан
04.04.2018 2887
2

Бүгінгі заман Тәуелсіз Қазақстан үшін, соның ішінде еркіндік пен бос­тандықты ғасырлар бойы аңса­ған қазақ деген халықтың ой мен сана еркіндігіне жол ашты. Елбасы­ның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде айтылған сана мен болмыстың жаңғыруы ең әуелі осы ана тілін, яғни қазақ тілін жаңғыр­тудан, мемлекеттік тілді қоғам­­ның да, тұрмыстың да бар­лық сала­сын­д­а қолданылатын етіп, нығыз ор­нықтырудан басталуы керек сияқты.

Өйткені... Иә, өйткені қазақта уызына жарымаған деген сөз бар. Уыз  – жаңа төлдеген малдың, жаңа босанған әйелдің алғашқы сүті. Қазақ жаңа туған төлді де, жаңа туған сәбиді де сол алғашқы уыз сүтке жарытып, әбден тойдырып емізуге ден қойған. Өйткені уызына жарымай өскен төл де, уызына жарымаған бала да өсе келе аурушаң болады екен.

Бүгінгінің қазақтарының басым көп­шілігінің өз ана тілінде еркін сөй­лей алмай жатқандығы да, сол құді­ретті де қасиетті қазақ тілі­нің уызына туғанынан жарымай өскен­діктерінен болып отыр ма деп ойлаймын. Жарық дүниеге енді келіп, тілі енді шығып келе жатқан бүгінгі жас сәби өзінің туған анасы мен әкесі сөйлеспесе өз ана тілінің уызына қалай жарысын?!

Анасы ана тілінде сөйлемеген баланың өзі де ана тілінде сөйлей алмайды. Туған әкесі туғанынан өз баласымен таза қазақша сөйлеспесе, ол бала өз ана тілін енді келіп кімнен үйренеді?! Осы күнгі ұрпақтың әжесі мен атасының тілі де айнып бара жатыр. Өйткені бүгінгінің қариялары да өз немерелерімен қатарласа жарысып, олар да өз ұрпақтарымен өзге тілде шүлдірлесіп жүр. Өзін дүниеге әкелген ең қымбат жандардан, яғни өз ата-анасынан, өзінің туған шаңы­рағында отырып, ана тілін естімесе және де төрдегі көгілдір экран мен қолындағы байланыс құралдары күні-түні өзге тілде сайрап тұрса, тілі енді шығып келе жатқан қазақтың баласы қазақтың тілін енді қалай, кімнен және қайтып, қайда барып үйренеді?!

Қазақ қоғамы қазақ тілі үшін әлі де алаңдаулы болса, ендігі арада оған мемлекет те, одан қалды бұған Қазақстанды мекендеп отырған өзге диаспоралардың өкілдері де кінәлі емес. Әр қазақ өзіміз кінәліміз! Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып санал­ғаны­мен және де Елбасы Бірік­кен Ұлттар Ұйымының мәртебелі мінбесінен қазақ тілінде сөйлесе де, өзіміз сол мемлекеттік тілімізді өз еліміздің мемлекеттік мінбелеріне, өз төрімізге шығара алмай келеміз.

Осы күні өз анасының тілін өзінің өгей балалары өзектен теуіп жатқан қазақ тілін өзге біреу маңдайынан сыйпап, өзге біреулер жарылқайды дегеніңіз бос әурешілік. Кейде әлдебір ұлт өкілінің біреуі қазақ тілін үйреніп, сөйлей бастаса болды, соны бүкіл қазақ болып жар сала, жатпай жарнамалап, соған мәз-мейрам болып, қазақтың тілінің көсегесі енді көгеріп шыға келетіндей масайраймыз.

Ал, өз елімізде, өз мемлекетімізде өз тілінде сөйлей алмай жатқан, тіпті сөйлейін-ау деген ой қаперіне де кіріп-шықпайтын, болмаса өз тілін білмейтіндігін ар-ұят санаудың орнына, керісінше соны өзінің бір «жетістігі», өзінің «білімдарлығы» санайтындардың жыртылып-айы­рылатынына мән бермейтініміз қалай? Әрине олардың айтар жауа­бы әзір. «Мен қай тілде сөйлегім келеді, ол өз еркім» дейді. Оңай жауап, заң бойынша әрине орынды да жауап. Және де «қазақ тілінде неге сөйлемейсің» деп мемлекеттік тіл­дің «құнын» сұрағандарды «менің құқы­ма қол сұқты» деген айыппен сотқа жетелеудің төте бір жолы да осы!

«Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді. Бұл – жаңа жаһандық болмыс, оны біз қабылдауға тиіспіз!», – деген Елбасының осы бір ауыз пікірінің төңірегінде адамының ойлау қабілеті мен көзқарасы да, білімі де, ғылымы да көз ашпас шапшаңдықпен дамып келе жатқан бүгінгі дүниенің бет-бейнесі жатыр. Сол «жаңа жаһандық болмыстың» қазанында бұрқ-сарқ қайнап жатқан сол дүниенің иелігінің тізгінін өзгелермен бірге біз де ұстаймыз, сол дүниенің игілігін тағы да өзгелермен бірге біз де көреміз десек, білімді болмағымыз керек.

Жаһанданудың ендігі ортақ «тілі» – білім! Алайда өзіңнің ана тіліңді білмей де білімді болуға бола ма екен?! Міне, қазақ тілінің мәселесіне осы тұрғыдан келетін болсақ бізді мына бір жайлар алаңдата түседі.

– Тіл білместік қазақы ойлауды шектеді, қазақы сананы улады.

– Тіл білместік ұлттық болмыстан айырып келеді.

– Тіл білместік «малым жанымның, жаным арымның садағасы» санаған арлы ұлтты арсыздықтың апанына жығып жатқандай.

– Тіл білместік Ұлы даланы мекендеген ұлы халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған адами әдебі мен кісілік қасиетін ескіліктің қалдығы деген ұғыммен күресінге шығарып тастады.

– Тіл білместік қазақтың ескілі­гінде де естілік бар екендігіне ой жүгірту, соны ойлау қабілетінен де айырып барады.

– Тіл білместік өз тілі жойыл­ған ха­лықтың өзінің де жойыла­тын­ды­ғының қаупін сездірсе де, соған еріксіз көніп отырғандай немқұрайлылық пен бойкүйездікке ұшыратып жатқандай.

– Тіл білместік өз халқымыздың әдеби-мәдени бай мұрасын оқи алмайтын, оның құндылығын сезіне алмайтын қасіретке ұрындырды.

– Тіл білместік қазіргілер үшін қазақтан басқа халықтың айтқаны жөн, істегені дұрыс көрініп тұратындай, ойланбастан соған еліктей жөнелетін дүбәралыққа жетелеп алып барады.

– Тіл білместік қазір қазақша сөйле­сең жүре тыңдайтын, орысша сөй­лесең тұра қалып тыңдайтын орта қалыптастырып келеді.

– Тіл білместік көше-көшелердегі ілулі тұрған қазақ тіліндегі түсініксіз әрі сауатсыз жазылған түрлі жарнама­лар мен түрлі билбордтарға да бо­йы­мызды үйретіп, енді соған да селт етпейтін жауапсыздыққа алып барады.

– Тіл білместік қазақша не нәрсені болса да қате жаза беруге болады екен ғой, бұл тілдің сұраушысы жоқ, жетім тіл екен деген қауіпті бір көзқарас қалыптастырып отыр.

– Тіл білместік өсіп келе жатқан ендігі ұрпағымыздың санасына қазақ тілінсіз де күн көріп, адам болуға болады, ендігі заманда қазақ тілінің қажеті де жоқ екен ғой деген ең бір қасіретті ұғымды сіңіріп жатқандай.

Біздің қауіпті қорқынышымыз да осы, міне! Өйткені бесіктен белі шықпай жатып-ақ баланың өзі қазір қазақ тілінде оқып, қазақ тілінде білім алудың қажет еместігін де біліп алғандай. Өйткені айналамыздағы күнбе-күн гі тіршілігімізде қазақ тілі керек болмай бара жатқан сыңайлы. Соны сезімтал бала санасы да сезіп отырғандай.

– Тіл білместік және енді не істеу керек деген көкейімізге жиналған өз сауалымызға орай төмендегі осы бір үш бағыттағы бағдарлама құруды ұсынар едік.

 I. Мемлекеттік тіл және отбасы­ның жауапкершілігі

Бұл бағдарлама арқылы ең әуелі мемлекеттік тіл алдындағы әр отбасының жауапкершілігін қалыптастыру, әр отбасы сол жауапкершілікті сезіне алатындай сана қалыптастыру керек болады. Әр отбасында әр ата-ана өз балаларымен тек өз ана тілдерінде ғана сөйлесу әдетін қалыптастыру аса маңызды. Мемлекеттік тіл үшін әр ата-ана, әр бала өздері жауапты екендіктерін сезіне алу қасиетін дарыту әрі дамыту қажет. Барлық ақпарат және электронды құралдар мен барлық әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік тіл алдындағы отбасының жауапкершілігін санаға сіңіретіндей әсерлі жарнамалық роликтер мен насихаттық сипаттағы мәнді де ғибратты сөз беріліп тұруы керек. Қазақ тілінде әуелі әр баланың ата-анасы сөйлемейінше, баласы сөйлемейтіндігін ұғындыра білейік!

II. Мемлекеттік тіл және мемле­кеттік қызметкер жауапкершілігі

Бұл мәселені мемлекеттік мекемелер қолға алғаны жөн. Әрине бұл жерде мемлекеттік қызметке бардың екен, енді тек қана мемлекеттік тілде сөйлеу керек деген қағиданы алға тартпаймыз. Бұл арада өз ұлтымызға талап қою керек. Жарайды, жиын-жиылыстарда ресми тілде сөйлесін-ақ, бірақ екі қазақ былай шыға бере бір-бірімен қазақ тілінде сөйлеп бара жатса ғой деп ойлайтын болдық. Осы арада Елбасының «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген қағидасын алға тартар едік.

III. Мемлекеттік тіл және бизнес пен халыққа қызмет көрсету саласының жауапкершілігі

Қазір кез келген сауда, демалыс орындарына бара қалсаңыз қызмет көрсетуші қазақтың жап-жас ұлдары мен қыздары орысшалап қарсы алады. Міне, солардың санасына Қазақстанның азаматтары ретінде олар ең әуелі алдарына қай ұлттың, қай мемлекеттің адамы, былайша айтқанда кім келсе ол келсін, бірауыз «сәлеметсіз бе?» деп қазақшалап қарсы алатын болсын, осындай талап қою керек. Содан кейін қай тілде жауап берсе де өз еркі. Қазақстандағы балалардың ойын-сауық орталықтарының барлы­ғында да қазақ баласына қазақ тілі арқылы қызмет көрсету тәртібін орнық­тыру керек. Бала да өз ана тілі­нің де керек әрі қажет екендігін сол ойын алаңдарында көрсетіліп жатқан қызметтен-ақ сезініп өссін.

Міне, осы бағдарламалар негізінде Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл комитеті осы бағыттағы жұмыс­тарды ұйымдастырулары керек. Біздікі мемлекеттік тіл алдында бір ғана мемлекет жауапты емес, өзіміздің ана тіліміздің алдында әр қазақ баласы жауапты екендігін және де ендігі жерде ана тіліміздің тағдыры, обалы мен сауабы да әр қазақтың мойнында екендігін айту еді. Бар қазақ осыны ойлайық!

Жабал ЕРҒАЛИЕВ,

жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

КӨКШЕТАУ

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу