Аймақтар • 04 Сәуір, 2018

Роналдуға қазақ шапаны сыйға тартылды

1309 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық «Теңізшевройл» мұнай компаниясы португалиялық әйгілі футболшы Криштиану Роналдуға Маңғыстаудың шапаны мен қыран құстың мүсінін сыйға тартты. Арқасына байрақ бейнеленген көрікті шапан Ақтаудағы танымал сән үйінде тігілді. 

Роналдуға қазақ шапаны сыйға тартылды

Роналдуға шапан тіккен «Нұр-Шах» сән үйінің туын­ды­­лары Қазақстанға кеңі­нен та­нымал, елімізде оның өнім­де­рін тұтынатын өнер адамдары жетерлік. Қазақтың ұлттық нақы­шы мен ою-өрнектеріне жа­ңа­ша сән-сипат беріп, ке­ше­гі мен бүгінді байланыс­тыру арқылы заманауи тал­ғам қалыптастыруды, Маң­ғыс­таудың өзіндік ерекше на­қы­шын танытуды, қазақтың ұлт­тық ою-өрнегінің бірінен-бі­рі озған әлемдік сән тас­қы­нын­да тасада қалып қоймай, қол­данысқа дендей енуін көз­деген шебер Нұржамал Нұр­пейісова сән әлемінде өз ар­ман-мақсатына қол жеткізді деу­ге болады. Он жеті жыл бұ­рынғы аяғын апыл-тапыл бас­қан кәсібі қазір өрге до­малап, елімізде танымал бренд­ке айналды. Бүгінде сән үйі­нің өнімдеріне тек Қазақ­стан­ның емес, шет елдердің тұрғындары да қызы­ғу­шылықпен сұраныс беріп жатады. 

Мемлекеттік қолдауларға сүйеніп кәсібін жолға қойған кәсіпкер Н.Нұрпейісованың «Нұр-Шах» сән үйі Маңғыстау облыстық, республикалық байқауларында жеңімпаз атанып, республикалық және халықаралық көрмелерге қаты­­сып, ел мерейін көтерді. Қазір Ас­тана, Ақтау және Жаңа­өзен қа­ла­ларында бөлім­ше­лері бар сән үйі 50-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр, мү­гедек бала­лар­­ға, тұрмысы төмен от­ба­сы­­ларға қайырымдылық кө­мек ұйымдастыруды да ұмыт қалдырмайды. 

Сән үйі­нің иесі Нұржа­мал Нұр­пейісованың айтуынша, ұжым қызметкерлері мұнай компаниясының Роналдуға шапан тігу туралы тапсырысы бойынша екі ай тапжылмай жұмыс істеген. Алдымен, жер­гілікті және ресейлік сур­ет­­шілердің көмегімен он шапан­ның эскизі жасалынған, ал тап­сырыс берушілердің тала­бы бойынша шапанның ар­тында, яғни жауырынында Қа­зақ­станның туы, күн жә­не қы­ран бейнесі болу мін­дет­те­ліпті. 

Дизайнермен Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқу­шылары кездесу өткізіп, ди­зайнерлік әлем, сән үйі және атақ­ты футболшыға шапан тігудің қиындығы мен қызығы туралы сұрақтарын қойды. 

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы