Қазақстан • 04 Сәуір, 2018

Депутат Сергей Ершов «Нұр Отан» партиясының активімен кездесті

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Сергей Ершов Қарағанды қаласында «Нұр Отан» партиясының облыстық актив өкілдерімен кездесті.

Депутат Сергей Ершов «Нұр Отан» партиясының активімен кездесті

Сенатор Президент Н.Ә.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын іске асыру тетіктері туралы айта келіп, еліміздің Үкіметі әзірлеген «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» жол картасының мазмұны жайында партия өкілдерін хабардар етті. Кездесуге қатысушылар депутатқа «7-20-25» және «Серпін-2050» бағдарламаларына, студенттік жатақханалар құрылыстары мен оқу орындары түлектерін жұмысқа орналастыруға қатысты бірқатар сауалдар қойды.

Кездесу барысында спорт саласының, оның ішінде жоғары дәрежедегі спорт нысандарының құрылысы, бұқаралық спортты дамытудағы салалық кәсіподақтардың рөлін көтеру, спортқа жақын дарынды балаларға арналған облыстық арнаулы мектеп-интернаттың құқықтық мәртебесін биіктету жөніндегі өзекті мәселелер көтерілді.

С.Ершов Кәсіподақ үйінде облыстағы салалық кәсіподақтың (мәдениет, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көмір өнеркәсібі және басқа да салалар) аумақтық құрылымдарының және «КәсіпҚазақмыс» кәсіподағының төрағаларымен әңгімелесті. Сенатор Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру тетіктері туралы жан-жақты әңгімеледі және аймақты дамытудың келешегі туралы өз ойларымен бөлісті.