Президент • 05 Сәуір, 2018

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары тағайындалды

664 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігі Басшысының жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары тағайындалды

«Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын» делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.