Тіл сауаттылығына сақ болайық

Білім және ғылым ми­нистр­лігінің басшылығымен мектептерде жүзеге асырылу үстіндегі реформаны алдымыздағы заманға бүкіл ел болып дайындалудың үлкен бір шарасы ретінде атап көрсетуге болады. Алдымыздағы заман қандай заман? Мәймөңкелемей ашығын айтайық, ол – жұмыссыздық заманы.

Егемен Қазақстан
06.04.2018 371
2

Қазіргі күні әлемде күнделікті түрде ашылып жатқан жаңалықтар, шығарылып жатқан жаңа технологиялар бүкіл өндірісті, қызмет көрсету салаларын автоматтандыру мен роботтандыруға әкеліп тіреді. Осының екпінімен жер бетінде жұмыссыз адамдар қатары жылдан-жылға ұлғайып барады. Демек әрбір жұмыс орны үшін адамдар арасындағы бәсеке мен тартыс та жылдан-жылға күшейе бермек. Ендігі кезекте жұмыс іздеген адамдардың бір кәсіптен екінші кәсіпке, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысып отыруы дағдылы жағдайға айналмақ. Бұл, адамдарды өмір бойы оқып үйренуге, заман мен жеке өміріндегі өзгерістерге әркез даяр болуға итермелейді.

Министрліктің қазіргі қолға алып жатқан реформаларының, пәндерді бі­рін біріне кіріктіре отырып оқытуды қолға алуының, осының негізінде мектеп бағдар­ламасына заман талабынан туындайтын жаңа пәндерді (соның ішінде әлемнің ор­тақ тілі – ағылшын тілі де бар) енгізуінің жал­пы бағыты дұрыс деп есептейміз. Бұл бағ­дарламаның мәнісін көпшілік қазір түсін­бегенімен кейін түсінетін болады.

Бірақ бұл реформада қазіргі қоғамның жанайқайын тудырып отырған кілтипан бар. Ол – мектептердегі қазақ тілінің мәсе­лесі. Қазір байқасаңыз, мектептерде ағыл­шын тілін енгізуге ешкім қарсы емес. Тек ағыл­шын тілі мен орыс тілі қазақ тілінің еңсесін баспауын, ол үшін, ең алдымен, қазақ тілі мен әдебиетін дұрыстап оқытуды, баланың қазақ тілінде еркін сөйлеп, жазуын қамтамасыз етуді, содан кейін барып басқа тілдерді бірте-бірте баланың басын қатырмайтындай жағдайда енгізуді талап етуде.

Қазақ тілі – біздің ұлтымыздың басты құндылығы. Бірі емес, бірегейі. Кавказдағы грузин халқы таудың басындағылары төмендегілерінің тілін айқын ұға алмайтындай деңгейге түскенде, біздің ата-бабаларымыз осынау ұшы қиырына көз жетпейтін алып далада тілдің тазалығын, анда-санда кездесетін диалектілері болмаса, бөлінбес бірегейлігін, тұтастығын қалай сақтап қала алды?! Қарасаңыз, біздің әр өңіріміздің халқының ырым-тыйымдарында, тіпті ойлау жүйелері мен мінез-құлықтарында аздап та болсын ерекшеліктер кездеседі. Бірақ тілге, оның ұғымды беруіне келгенде бұлай деп айта алмайсыз. Демек қазақ тілі, бұл – қазақ халқын біріктіруші ең үлкен күштің бірі. Қоғамның біртұтастығының басты кепілі.

Жалпы кез келген дамыған, тәжірибесі толысқан, кемеліне келген елдің өмірлік ұстанымына қарасаңыз, онда ұлттық құндылықтардың ерекше орынға қойы­латындығын байқайсыз. Неге? Себебі тұр­­мыс та өзгереді, тіршілік жолдары да өзге­реді, экономика да өзгереді, керек десе­ңіз, мемлекеттің идеологиясы да өзге­реді. Өзгер­мейтін бір мәселе, ол – елдің бас­ты ұлт­тық құндылықтары. Өйткені сол ар­қылы ол – дара, сол арқылы ол – басқа халықтарға ұқ­самайды, сол арқылы ол – ұлт. Егер ол өзінің ұлттық құндылықтарын сақтай алмаса, онда жер бетінен ұлт ретінде жойылады. 

Міне осы шындыққа Білім және ғылым министрлігі, оның білім реформасын жүр­гізіп жатқан азаматтары жете мән берсе дей­міз. 

Егер мұғалімдер мен педагогика маман­дарының пікірлеріне сүйенсек, қазақ мектеп­теріндегі «Қазақ тілі» пәнінің жаңа оқу бағдарламасында әлемдік тәжірибеде толық орныққан, осы саладағы барлық елдің озық ойлы әдіскерлері негіздеген пәнді оқытудың ең басты 5 канонының (оқыту мақсаты, білім мазмұны, оқыту формалары, оқыту әдіс-тәсілдері, оқыту нәтижелері) жүйесі бұзылып отыр. Заман қалай өзгерсе де, қоғам қалай дамыса да сақталуы тиіс осы аталған канондардың ең басты ұйытқысы – Білім мазмұны. Қалғандары уақыт талабына сай үнемі дамып, жетіліп, өзгеріп отырады да, сол мазмұнды игертуге қызмет етеді. Егер мазмұн дұрыс болмаса, онда қалғандарын қанша түрлендірсе де, оның нәтижесі болмайды. Мазмұн жоқ жерде форма әлжуаздық танытады. Бір сөзбен айтқанда, қазақ мекте­біндегі қазақ тілінің реформаланған (жаңар­тылған) бағдарламасы еліміз латын әліпбиіне көшкен кезде, жалпыға тән сауаттылықты қалыптастыруда бұрынғы бағ­дарламаға қарағанда әлдеқайда әлсіздік танытады.
Оның үстіне қазақ мектептерінде қазақ тілі сағат сандары да қысқартылған. Бұрын 5-7-сыныптарда қазақ тілі пәні 4 сағаттан оқы­тылса, қазір 3 сағаттан оқытылатын болған. Жаңа бағдарламаның басқа да еске­ретін тұстары бар екен. Біз бұл жолдарды мектеп мұғалімдері, қазақ тілі жөніндегі ғалым­дар, әдіскерлермен сөйлескеннен кейін ба­рып жазып отырмыз.

Демек Қазақстан мектептерінде (мейлі ол қазақ, мейлі орыс, мейлі ағылшын тіліндегі мектеп болсын) қазақ тілін дұрыстап оқытуды мықтап отырып шегелеу керек. Бұл, әсіресе, қазақ тілін білмейтін қазақтары көп біз секілді ел үшін қажет. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
 

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2018

Елбасы көрмесі – Атырауда

19.09.2018

Таразитану қарлығаштары

19.09.2018

Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастығы дамуға бағытталуда

19.09.2018

Қылқалам шеберінің дара жолы

19.09.2018

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тағайындалды

19.09.2018

Сенат Төрағасы Бразилияның жаңа елшісіне тілектестігін білдірді

19.09.2018

Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр

19.09.2018

Жанат Шаймерденов  «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды

19.09.2018

Алматыда «ANQ 2018» XVI Азия Сапа Конгресі өтуде

19.09.2018

Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Алматы қаласына барды

19.09.2018

Білім жарысында болашақ экономистер

19.09.2018

Петропавлда жылу беру маусымы басталды

19.09.2018

Астанада әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды дамыту декларациясы қабылданады

19.09.2018

«Барыс» Омбының «Авангард» клубынан 3:4 есебімен ұтылды

19.09.2018

Қостанайлық  спортшы қыз Азия мен Океания чемпионатынан қос алтын медаль әкелді

19.09.2018

Көп көрсеткішке көңіл толмайды

19.09.2018

Елбасы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

19.09.2018

Аралдағы жатақхана туралы ақпарат негізсіз

19.09.2018

Оралда Құрманғазы Сағырбайұлының мерейтойы аясында республикалық конференция өтті

19.09.2018

Өскеменде Қазыбек би даңғылы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу