Қазақстан • 06 Сәуір, 2018

ҚазҰУ ұжымы ШҚО-дағы су тасқынынан зардап шеккендерге қар­жылай көмек көрсетті

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси­тетінің ұжымы Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге қар­жылай көмек көрсетті.

 

ҚазҰУ ұжымы ШҚО-дағы су тасқынынан зардап шеккендерге қар­жылай көмек көрсетті

ҚазҰУ ғалымдары мен оқы­ту­­шылары су тасқыны кезінде қиын жағдайға тап болған жандарға кө­мек көрсету үшін бір күндік жалақыларын аудару жөніндегі жоғары оқу орны басшылығы мен кәсіподақ комитетінің ұсынысын бірауыз­дан қолдады.

«Біз күнделікті жаңалық­тардан апат салдарының қалай жойылып жатқанын көріп отырмыз, өңір тұрғындары үлкен қиын­­шылыққа тап болды. Адам­дар баспанасыз қалды, мү­лік­терінен айы­рылды. Осын­дай­ қиын­ тұста ел болып қолдау та­ны­туға тиіспіз», деп атап өтті фи­­лософия және саясаттану факуль­тетінің деканы Әлия Ма­салимова.

Университеттің барша­ қыз­мет­­керлері, бөлімдері бұл шарадан тыс қалған жоқ. Материал­дық көмек арнайы қаражат есе­­біне ауда­рылды, қа­ражат жи­­нау жұмысы одан әрі жал­ғас­ты­ры­лады.

«Біз зардап шеккендерден алыс­тамыз, алайда осы жиналған қаражат оларға қандай да бір жәрдем болар деп үміттенеміз. Су тасқынынан зардап шеккен аудан­­дарда біздің кейбір оқы­ту­шы­ларымыздың туысқандары мен таныстары тұрады», деді журналистика факультетінің доценті Марлан Негізбаева.

Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ