Қазақстан • 06 Сәуір, 2018

Астанада сәулетшілер мен дизайнерлер сайысына арналған баспасөз конференциясы өтті

280 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласы­ның 20 жылдығына орай 9 тұрғын үй кешенінің кел­бетін дамытуға арналған сәулетшілер мен дизайнерлер сайысына арналған баспасөз конференциясы өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған мамандар Астана мен Алматы қалаларындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің аула кеңістігін жетілдіріп, сәулет ансамблінің дамуына өз үлесін қосуға ынталандыратын BI Art Debut байқауына қатысуға шақырылады. 

Астанада сәулетшілер мен дизайнерлер сайысына арналған баспасөз конференциясы өтті

«Бүгінде біз тек үй ғана салып қоймай, сондай-ақ қолайлы өмір үшін қазіргі заманға сай жайлы ортаны құрамыз. Біз тұр­ғын үй кешендерімізге сұлу­лық пен эстетиканы жет­кіз­гіміз келеді. Ең алдымен, ой­лап табылатын нышан тұр­ғын үй кешенінің жалпы тұжы­рымдамасына сәйкес келуі керек, сонымен қатар оның тартым­дылығын арттыру, позициялау тұжырымдамасына лайық болып, күндіз де, түнде де көзге тартымды болуы керек. Сыртқы факторларға төзімді, өрт қауіпсіздігінің талаптарына сай болуы тиіс», деп атап өтті «BI Development» компаниясының даму жөніндегі басқарушы директоры Расул Мұстафин. 

Қоғамдық мойындау мен авторлық жұмыстарды жүзеге асыру мүмкіндігімен қатар, әрбір жобасының жеңімпаздары 150 000 теңге алады. Жүлденің жал­пы қоры 1 350 000 теңгені құ­райды. Сайысқа қатысуға өті­нім­дер 22 сәуірге дейін ком­пан­ия­ның сайтында қабыл­дана­ды. Конкурстық жобаларды Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қаты­нас­тары басқармасының өкіл­дері, сондай-ақ Астана қаласы­ның Урбанистикалық орталығы бағалайды. 

Брифингке қатысушылар атап өткендей, 30 сәуір күні байқаудың қорытындысы бо­йынша қазылар алқасы жеңім­паз­дарды жариялайды, сөйтіп, жұрт­шылық Астана мен Алматы қалаларының заманауи ар­хи­тектуралық және көркем көрі­ніс­теріне өз үлестерін қосатын жаңа есімдерді танитын болады. 

BI ART Debut сайысы BI Group компаниясының бір жыл бойы жүзеге асырып келе жатқан және Астана қаласының 20 жылдығына орайластырыл­ған «20 игі іс» бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда. Айта кететін болсақ, бұрын компанияның өкілдері Happy StartUp тұрғын үй кешендерін жетілдіру идеясын ұсынған болатын.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»