Қазақстан • 06 Сәуір, 2018

Сырт көз - сыншы. Серпіліс жасау мүмкіндігі

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы алдымен жастарға бағытталған. Оны жүзеге асыру Қазақстан қоғамын жаңғырту жолында маңызды серпіліс жасауға мүмкіндік береді. 

Сырт көз - сыншы. Серпіліс жасау мүмкіндігі

Сондай-ақ жастардың сапалы білім мен баспана алып, тиімді несиеге қол жеткізуі – Төртін­ші өнеркәсіптік революция дәуірінде өте сәтті қадамдардың бірі. Мәселен, соңғы жылдары Еуропа, оның ішінде Польша қоғамы Қазақстанды жас буынның білім алуына ерекше жағдай жасаған бірегей ел деп таныды. Бұл үдерісті президенттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша қазақстандық жастардың шетелдерде білім алып, тәжірибелерін шыңдап жатқандығының өзі айғақтайды. 

Қазақстанның соңғы жылдардың өзінде жүзеге асырған ауқымды бастамаларын тізбе­леп шықпай-ақ, тек болашақтың энергиясы тақы­ры­бындағы ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месін өткізуі, Сириядағы шиеленісті реттеуге арналған бітімгерлік ұстанымы арқылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік деңгейдегі реформаларды жүзеге асыруда көрегенділік танытты деуге болады. Ал «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» осынау істердің заңды жалғасы деп есептеймін. 

Аркадиуш ЯКУБЧАК,
Поляк дипломаты, «UNICASE CONSULTING» компаниясының Еуроодақ бойынша басқарушысы (Польша)