Теннис • 06 Сәуір, 2018

Кукушкин таразы басын теңестірді

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хорватия - Қазақстан құрамалары арасындағы кездесуде таразы басы теңесті. 

Кукушкин таразы басын теңестірді

"Дэвис кубогы" аясындағы ширек финалдық кездесуде есеп теңесті. Хорватия құрамасының өкілі Марин Чилич Дмитрий Попконы жеңгеннен кейін екінші ойында Борна Чорич пен Михаил Кукушкин кортқа шыққан еді. Алғашқы сетті жеңген хорватиялық теннисші отандасымызды біршама тығырыққа тіреді. Алайда, ойын барысында 6 мәрте эйс жасаған Кукушкин қатарынан 3 сетте жеңіске жетті. 

Енді ертең Астана уақытымен 19:00-де жұптардың тартысы өтпек. Онда Қазақстан намысын Тимур Хабибуллин мен Александр Недовесов қорғайтын болады.