Қазақстан • 07 Сәуір, 2018

Астанада проблемалы тұрғын үйлерді аяқтауға алғашқы транш бөлінді

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бәйтерек девелопмент» АҚ Астана қаласындағы түйткілді тұрғын нысандарының құрылысын аяқтау үшін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-на 4 млрд теңге мөлшерінде бірінші траншты аударды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Астанада проблемалы тұрғын үйлерді аяқтауға алғашқы транш бөлінді

«Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, қарыз «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасына сәйкес 4 жыл мерзімге бөлінеді.

«Жуырда «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы мен «Елорда құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік және Астана қаласы әкімдігінің арасында ҚР Ұлттық қорынан қаржы бөлу туралы келісімге қол қойылды. Екі жылдың ішінде үлескерлердің мәселесіне 40 млрд теңге бөлінетін болады», - деп хабарлады «Бәйтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алтай Куздибаев.

Мемлекеттік қаржы қайтарым негізінде беріледі. Аяқталмаған құрылысты бітіруге бөлінетін қаржыны несие негізінде Астана қаласының мекемеаралық комиссиясы қалыптастырады.

Айта кетейік, «Бәйтерек девелопмент»АҚ - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы - несиелік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасының қаржы операторы болып табылады.