Теннис • 08 Сәуір, 2018

Жартылай финалға Хорватия шықты

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хорватия - Қазақстан құрамалары арасындағы теке тіресте жеңімпаз белгілі. 

Жартылай финалға Хорватия шықты

"Дэвис кубогы" жарысының ширек финалында кездескен Хорватия мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойында корт иелері жеңімпаз атанды. 4-ойында Марин Чилич пен Михаил Кукушкин шыққан болатын. Әлемнің үшінші ракеткасы Чилич отандасымызға ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Есеп 3:0. Жалпы есеп 3:1 хорваттардың пайдасына.

Енді жартылай финалда Хорватия құрамасы АҚШ ұжымымен кездеседі. 

Соңғы жаңалықтар