Биылғы Жолдау – ауылды дамытуды көздейтін аграрлық саясат

Елбасымыз өзінің биылғы «Төртінші өнеркәсіптік револю­ция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуына тың серпін беретін, аса маңыз­ды 10 міндетті белгілеп берді. Оның ішіндегі үшінші міндет – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүм­кіндігі аясында тиімді өндірісті қамтамасыз етуі және тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруы үшін ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге айрықша елеулі қолдау болады деп күтілуде. 

Егемен Қазақстан
09.04.2018 2454
2

Елбасымыз осы Жолдауында «Біз егін егіп, дәнді дақылдарды өсіру­ді үйрендік. Оны мақтан тұта­мыз. Алайда қазір ол жеткіліксіз. Шикі­зат­ты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет», деп ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер алдына нақты міндеттер қойып отыр. Айта кету керек, бүгінде еліміз астық экспорты бойынша әлемдегі алғашқы он елдің сапында, ал ұн экспорты бойынша алғашқы үштіктеміз. Десек те, ғалымдардың айтуынша, табиғи ауа райы біздің жерімізге сәйкес келетін Канаданың Саскачеван аймағында нөлдік технология қолдану арқылы әр гектардан 2,5-3 тонна астық бастырылуына қол жеткізілуде екен. Ал бізде орташа көрсеткіш бұдан екі еседей төмен.

Рас, соңғы 5 жыл көлемінде ауыл шаруа­шылығы малының орташа өнім­ділігі артты, дегенмен дамы­ған елдер деңгейінен төмен күйінде қалып отыр. Мысалы, біздегі 1 бас мүйізді ірі қара малының орташа тірі сал­мағы 335 кило болса, экономи­касы дамыған елдерде бұл көр­се­т­кіш 520 килоны құрайды. Ал рес­пуб­ликамыз бойынша бір сауын сиырдан орташа сүт сауылымы 2200 килодан айналады, жоғарыда айтылған Канадада бұл көрсеткіш 4 есе жоғары.

Мемлекетіміз тарапынан ауыл шаруашылығы саласына көрсетілетін қолдау, көмек жылдан-жылға ұлғаю­да. Мұндай ынталандыру шараларымен мал шаруашылығы саласының барлық бағыттары дерлік қамтылған. Десек те, саланың дамуы әлі де төменгі деңгейде. Бұл ешкімге де құпия емес. Не себепті еліміз ауылшаруашы­лық саласының өркендетілуі тұрғысы­нан өркениет көшіне ілесе алмауда? Меніңше, оның мына төмендегідей бірқатар себептері бар. Бұл ретте ғылыми-зерттеу институттарының қабырғаларында, тәжірибелік алқап­тарында егжей-тегжейлі зерттеулермен бекітіліп, өндіріске ұсынылған ғылы­ми технологиялар талапқа сай орын­далмайды, қажетті техника және агрегаттар жетіспейді, қайта өңдеу кәсіпорындарының қондыр­ғылары моральдық тұрғыда әбден ес­кірген, өндірілетін өнімдер бәсеке­лес­тікке қабілетті емес, жергілік­ті басшылар мен мамандар тарапы­нан қолданыстағы бірқатар ауылшаруа­шылық заңдарының орындалуына бақылау кемшіндеу болып тұр.

Ауыл шаруашылығы министр­лігі­нің деректері бойынша, соң­ғы бес жылда егінге себілген ауыл­шаруашылық дақылдары тұқым­дары құрамының супер элитасы – 0,6, элитасы – 3,4, бірінші репродукциялысы – 20,2, екінші репродукциялысы – 26,9, үшінші репродукциялысы – 30, төртінші репродукциялысы – 9,6, бесінші репродукциялысы – 6,3, жаппай репродукциясы 2,8 пайызды құраған. Тыңайтқыштарға деген жыл сайынғы ғылыми негізделген қажеттілік, әрекет етуші құрамда 1 миллион тонна болса, енгізілген минералды тыңайтқыш орташа 130 мың тонна (соңғы бесжылдықта) құрап, тыңайтылған алаңның үлес салмағы, барлық егіс алаңының 6,9 пайызын ғана қамтып отыр. Сол сияқты орга­никалық тыңайтқыштарға қажет­тілік 100-110 миллион тонна, енгізілгені – 0,6 миллион тонна, үлесі – 0,3 пайыз ғана. Егістікте қолданылатын гербицидтің көлемі сұраныстан 3 есе кем. Шағын шаруа қожалықтары иелігіндегі жерлерде ауыспалы егіс жүйесі сақталмауда. Бұған себеп рес­публикамызда, оның ішінде оңтүстік өңірлерде ұсақ шаруашылықтардың шектен тыс көп тіркелуі айтарлықтай орын алып отыр. Мысалы, жер көлемі Жамбыл облысындағы 18693 шаруа­шы­лық­тың 173-інде екі мың гек­тар­дан жоғары, 328-інде – 2 мың, 3840-ында – 1 мың, 2446-ында – 50-100, 6132-інде – 10-50, 5653-інде – 2-10, 121-інде 1 гектар көлемінде ғана.

Инновациялық технологиялар әрқашанда өсімдік және мал шаруа­шылықтары салаларының талап­тарына сай технологиялық жүйе­леуді қажет етеді. Ғылыми-зерттеу институттарының зерттеулеріне қарағанда, елімізге кешенді түрде өнім өндіру, өңдеу және сақтау үшін 1200-ден астам түрлі ауылшаруа­шылық машиналары мен техникалық құралдар, қондырғылар қажет және олармен қамтамасыз ету өте төменгі деңгейде. Қолда бар техниканың 80 пайызы тозған. Машина-трактор көлігінің жаңаруы жылына 1,5-2 пайыздан аспайды.

Тағы да сол ғылыми-зерттеулер­ге сүйенсек, әлемдік экономикада ауыл шаруашылығының негізін шағын отбасылық фермалар құрайды екен. Жапонияда олардың саны 1,8 миллионға жетеді, Оңтүстік Кореяда – 1,5 миллион, ал біздің елде небәрі 200 мыңдай ғана, ал миллиондаған гектар жайылымдық жерлеріміздің пайдаланылмай, тектен-текке бос жатқаны баршамызға аян. Яғни ұсақ жекеменшік шаруашылықтар санын бүгінгіге қарағанда әлденеше есеге көбейтудің мүмкіндігі бар. Осыған орай ұсақ және шағын шаруашылықтарды одан әрі дамыту мен оларға жан-жақты қол­дау көрсетудің тиімді жолдарын қарас­тыру қажет-ақ. Салада қорда­ланған мәселелерге байланысты, әсіресе Ауыл шаруашылығы министрлігі ғалымдарды, мамандарды, сарапшыларды көптеп тарта отырып, ауыл­шаруашылық өндірісінің көлемін ұлғайту және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамыту мақсатында бәсекеге қабілетті өнімді бастапқы қайта өңдеу, сақтау мен өткізу бойынша қолайлы жағдай жасау және инфра­құрылым қалыптастыру арқылы ауылшаруашылық тауа­рын өндірушілерді мемлекеттік қол­даумен мейлінше мол қамтуды қамтамасыз етуге тиіс.

Осы орайда өткен жылы ұсақ және орта шаруашылықтарды ауыл­шаруашылық кооперациясына тарту, агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік реттеу шараларын жетілдіру, ішкі және сыртқы сауда саясатын оңтайландыру сияқ­ты 8 негізгі бағытты қамтитын еліміз­дің Агроөнеркәсіптік кешенін дамы­ту­дың 2017-2021 жылдарға арнал­ған мемлекеттік бағдарламасы қабыл­данғаны белгілі. Бағдарлама аясында ауыл шаруашылығы саласында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін тиісінше іс-шаралар жоспары әзірленіп, ауқымды жұмыстар нақты іс жүзіне де асырыла бастады. Ауыл шаруашылығы министірлігінің мәліметіне қарағанда, былтыр ауыл­шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі оның алдындағы жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға артып, 4,1 триллион теңгені құраған. Оның ішінде өнім өндіру мал шаруашылығында – 3,9, өсімдік шаруашылығында 2,2 пайызға өскен. Былтыр, сондай-ақ 836 кооператив құрылған, оның ішінде 297-і сүт және 405-і ет өндіру бағытында. Бұдан бөлек 119 мың бас ірі қара малға арналған 7422 отбасылық бордақылау алаңы құрылыпты.

«KAZAGRO» ұлттық холдингі» АҚ-тың несие саясаты қайта қаралуы да салаға соны серпін берері анық. Сондай-ақ 2017 жылдың маусымынан бастап кредит және лизинг алу үшін электронды өтініш жүйесі енгізілді. Соның нәтижесінде холдингтің кре­дит­тік өнімдеріне құжаттар пакеті 24 пайызға қысқартылды.

Бағдарламада белгіленген мін­деттер аймақтарда, жергілікті жерлерде ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер тарапынан қызу қолдау табуда. Мысалы, Жамбыл облысында 196 ауылшаруашылық коо­перативі шаңырақ көтерген. Олар­дың күш жұмылдыруымен былтыр 2 мың тонна ет, 32 мың тонна сүт өндіріліпті. Шын мәнінде де қуанарлық һәм құптарлық нәтиже емес пе?

Алайда кооперативтерге қатысты қиындықтар да жеткілікті. Оның ішіндегі күрделісі, әрине мамандар тапшылығы. Мүшелікке тартылған шаруа қожалықтары жетекшілерінің көпшілігінің ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізудегі тәжірибелері жеткіліксіздеу, арнаулы білімдері де жоқ. Шаруашылықтар бойынша жерге орналастыру, алқаптарда ауыспалы егіс жүйесі бойынша агрошаралар жүргізілмейді. Техникалар алу үшін көптеген тұрғындар мен шаруа қожалықтары қолында кепілдікке қоятын мүліктер де жоқ. Мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдалану бірнеше факторлармен ғана шектелген.

Осы тектес, басқа да мәселелер жүйелі жоспарлы жұмыстар жүр­гізуге қолбайлау болуда. Алайда бағдарлама аясында қабылданған заңдар негізінде оларды тиімді шешудің мүмкіндіктері бар. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші, өңдеуші, қайта өңдеуші, кредиттік-сервистік және ақпараттық-марке­тингтік қызмет көрсетуші жеке және заңды тұлғалар аймақтарда, аудан­дарда және жергілікті жерлерде кооперативтік негізде бірлесіп қызмет істей алады. Кооперацияның басты бағыттарының бірі – еңбек өнімділігін ұлғайту және өндірістік шығындарды төмендету негізінде ауылшаруашылық тауарын өндіру­шілердің нарыққа кірігуіне қолдау көрсету.

Сол себепті бірінші кезекте аграр­лық сала қызметкерлерінің ой-сана­сы мен нақты іске көзқарастарын түбегейлі өзгертуге күш салу керек. Себебі, шаруалардың басым дені бірігудің, кооперативтік негізде жұ­мыс істеудің артықшылықтарын әлі де жете түсінбейді немесе түсінгі­сі кел­мейді. Көбінесе, «ортақ өгізден оңаша бұзауым артық» деген қағи­дат­ты ұстануда. Елбасымыздың қоғам­дық сананы өзгерту жөніндегі алға қойған міндеті бізді осындай немқұ­рай­лылықтан арылуға үндейді емес пе?

Екіншіден, орта және ұсақ шаруашылықтар жетекшілерінің, мамандарының кең көлемде қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталықтарында, ҒЗИ және университеттер, колледждер базаларында бүгінгі күннің инновациялық шараларын жүргізу жолдарын оқытып, оның технологияларын қолдану мен озық тәжірибелерді таратып, насихаттауды ауылдық тауар өндірушілердің озық үлгідегі өндіріс орындарында ұйымдастыру керек. Бұл шара кезіндегі компьютерлік сауат ашуда ұйымдастырылған іс-әрекеттер сияқты кең көлемде, жаппай жүргізілуге тиіс.

Үшіншіден, қоғамдық сананы түбегейлі өзгерте отырып, тиісті ма­мандарды дайындау, ұсақ және шағын шаруашылықтарды әртүр­лі кооперативтерге біріктіру жұмыс­тарын жандандырған жөн. Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылары қолға алып отырған ірі, орта және ұсақ шаруашылықтардың тік және көлденең кооперативтерін дамыту керек-ақ. Алайда кешегі күнгі шаруа қожа­лықтарының және ауыл тұр­ғын­дарының жеке қосалқы шаруа­шылықтарының, кооператив­тердің жұмысын жылы жауып қоюға мүлдем болмайды. Оларға одан әрі де қолдау көрсетіп, дамыту керек. Мысалы, Жамбыл облысының Талас, Сарысу, Мойынқұм секілді шалғай аудандарының тауарлы-сүт фермаларында ертеректе жүздеп, мыңдап сиыр сауылып, өнімі шаруа­шылық орталықтарына тасымал­данып, өткізілетін. Ауыл тұрғын­дарының да өздеріндегі басы артық сүттерін шаруашылық арқылы өткізу мүм­кіндіктері бар болатын. Ал соң­ғы жылдары тұрғындар қолда бар сауын сиырларын отбасылық қажет­тіліктері көлемінде ғана сауып, көбінесе өріске бұзауларымен бірге айдап, жайып, сүт дайындауды мүлде қойып та кеткен еді. Ауылдарда кооперативтер мен сүт қабылдау пункттерін құру қайта қолға алына бастауына байланысты жаппай сүт дайындау мәселесі жүйелі жолға да қойылып келеді. Бұл мақсаттағы жұмыстар одан әрі жемісті жалғасын табуы керек деп ойлаймын. Әлеуетті инвесторлар, ірі шаруашылықтар шалғайдағы ауылдарға барып, ауылшаруашылық кооперативтері құрылуына қозғау салып, уақ шаруалар іріленіп жатса, нұр үстіне нұр! Алайда оған біраз уақыт қажет болады.

Төртіншіден, несиелеу жүйесі басым бағытқа ие болуға тиіс. Қолжетімді несие – ауыл шаруашы­лығын дамытудың кепілі. Біздегі екінші деңгейлі банктер ауылдық тауар өндірушілерді 15 – 17 – 20 пайыздық үстеме ақысымен несиелендіреді. Талаптары тым ауыр. ҚазАгро-ның жеңілдетілген несиесі әлеуетті талапкерлердің барлығына бірдей жетпейді. Сондықтан бұл мәселе тиімді шешілуі тиіс.

Бесіншіден, әлемдік тәжиірибеде кең қолданысқа ие өндірілген өнімді субсидиялау тетіктерін жетілдіру керек-ақ. Оның ережелерінің жиі өзгертілуі шаруалардың орынды наразылығын туындатуда. Себебі белгілі бір жобаның бизнес-жоспарларында мемлекеттік қолдау тетіктері ескеріледі де, ал жобаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік қолдау ережелерден алынып тасталған болып шығады.

Жалпы, ауыл шаруашылығын қарқынды дамытуды қамтамасыз ету үшін, тұқым, тыңайтқыш, техника және жылыжай субсидияларынан басқа субсидиялардан бас тарта отырып, арзандатылған қолжетімді несие көлемін ұлғайтқан дұрыс деп ойлаймын.

Жер және жер ресурстары ұлттық байлығымыз. Қазақстанның ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы алаңы 177,8 млн гектарды, оның ішінде жайылымдар 146,9 млн гектарды, егістік пен тыңайған жерлер 26,7 млн гектарды, шабындықтар 4,2 млн гектарды құрайды.

Республиканың барлық өңір­лерінде жер сапасының нашарлауына, құрамында қарашіріктің, қоректі заттардың, өсімдіктердің түрлік құра­мы мен оның өнімділігінің төмен­деуіне қатысты тұрақты үрдіс бай­қалуда, бұл ауылшаруашылық өнді­рі­сінің әлеуетін төмендетеді. Сол себеп­ті Сенат қабырғасында қаралып жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында жер қатынастарына байланысты қор­да­ланған мәселелер өз шешімін таба­­ды деген үміт бар. Мысалы, заң жоба­­сы­ның ережелері ауыл шаруа­шылы­ғы жерлерін пайдалануға тұрақ­ты мониторинг жүргізуді көздейді. Айта­лық 5 жыл ішінде жыл сайын, ал кейінгі кезеңдегі әрбір 3 жылда суармалы жерлерде және 5 жыл сайын тәлімді жайылымдарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Бұл шаралар ауылшаруашылық жер­лерін тиімді және ұтымды пайдала­ну­ды, пайдаланылмаған жер­лер­­ді ай­қындауға және ауыл шаруашы­лы­ғы айналымына енгізуге мүмкін­дік береді. Сондай-ақ жерді пай­дала­ну­­дағы қоғамдық бақылау рөлін және жерді ұтымды пайдалану үшін жер пайдаланушылардың жауап­кершілігінің де деңгейін арттырады.

Сондай-ақ меңің әріптестерім көтеріп жүрген шалғайдағы шекаралас елдермен қатар орналасқан әлеуеті төмен ауылдардың тұрмыс-тіршіліктері көңіл құлазытады. Ал көршілес Ресей, Қытай, Өзбек­стан елдерінде шекаралас елді мекен­дерінің өсіп, көркейіп және ұлғайып бара жатқанын көріп отырмыз. Шекаралас елдердегі сияқты бізде шалғай, шекара бойында орналасқан ауылдық елді мекендердің өсіп өркен­деуіне Үкімет кешенді бағдар­ла­ма қабылдап, жүзеге асырғаны дұ­рыс болар еді. Жерімізді сақтап, қор­ғап және тиімді пайдалануымыз керек.

Абдалы НҰРАЛИЕВ,

Парламент Сенатының депутаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.09.2018

Тіл ықылассыз істі емес, періште көңілді ұнатады

23.09.2018

«Әкім Тарази шығармашылығының феномені» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

23.09.2018

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

23.09.2018

Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді

23.09.2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

23.09.2018

Энтони Джошуа ресейлік боксшы Александр Поветкинді жеңді

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

23.09.2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

23.09.2018

Астаналықтар заң мәселесі бойынша тегін кеңес алды

23.09.2018

Ақтауда триатлоннан Қазақстан Кубогының финалы басталды

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

22.09.2018

Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауы өз мәресіне жетті

22.09.2018

Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

22.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

22.09.2018

Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

22.09.2018

Жаңа Жібек жолы: Алматы

22.09.2018

Катонқарағай ауданы тұрғынының сібір жарасынан көз жұмғаны расталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу