А.Сүлей­меновтің «Адасқақ» повесі отыз жылдан кейін драма­ тілімен сөй­леді

Өнерді серік еткендердің ішін­дегі өркештісі сал Біржан­ның өмірі арқылы ән мен ән­шілік тағдырдың ғақлиясын шерткен жазушы Асқар Сүлей­меновтің «Адасқақ» повесі отыз жылдан кейін драма­ тілімен сөй­леді.

Егемен Қазақстан
09.04.2018 3455
2

М.Әуезов атын­­дағы ака­демиялық драма театры­ ұсынған «Адасқақтың» сах­на­лық нұсқасын жасап, ықшам­даған белгілі әдебиет сыншысы, мәдениеттанушы Әлия Бө­пе­жанова болса, қатпары қалың, астары мол күрделі шығар­ма­ның бас-аяғын қамтып, режис­сура тілімен тәпсірлеген Әу­бә­кір Рахимов. Ілгеріректе А.Сү­лейменовтің «Төрт тақта – жай­намаз», «Қыз­дай жесір – штат қысқарту», «Жетінші палата», «Кек» секілді фи­лосо­фия­­лық мәні терең пьесаларын сахналаған Ә.Рахимов «Адас­қақпен» отыз жылдан бе­рі «ауырмаса» дәл осындай­ кең ауқымдағы даналықты май­дан қыл суырғандай етіп, динамикалы драмаға айналдыра алуы екіталай еді. Асқар шы­ғар­машылығындағы ешкімге ұқ­самайтын тіл, ой, стиль ерек­шелігімен ертерек танысқан шеберге ғана бағынатын кесектік бұл.

Спектакльдің инсценировкасын жасаған Ә.Бөпежанова шығарманың өзегін сақтай отырып, Біржан өмір сүрген кезеңге тән ахуалды, Ақан – Біржан – Абай тізбегін көтеретін ең маңыз­ды диалог-діңгекті дұрыс ірік­тей алғаны туындының то­­лық, біртұтас сахналық шы­ғарма болуына мүмкіндік бер­ген. Спектакльдің мәңгі қозғаушы күші махаббат па – бар және ол қандай махаббат десеңізші, аспандағы айға, Абай­­дың айнамкөзіне азуын бі­леген ессіз әлде есірік сезім. Елінің сөзін сөйлеп, еркесіне айналған әншілер өз кезеңінің бай-манабының қолжаулығы болды ма – болған. Бармақ бас­ты, көз қысты жемқорлық па – дерттің тамырын сол заманның топырағынан да тауып аласыз. Жалпақшешей, жағымпаздық ше – жайлап алған. Жадағай, жабы әншілеріңіз бе – олар бүгін өніп шыққан жоқ, өлермендер Біржан мен Ақанның өзін де жабықтырған. Осының бәрі бүгінгі көрерменге ғажап таныс оқиғалар. Біржан – Әпіш, Біржан – Абай, Біржан – Ақан, Біржан – Паң Нұрмағамбет, тіпті Біржан – Тәшмат арасында өрбитін диалог-спектакльде біз іздеген өзектілік кезек-кезек көрініс тауып жатты.

Спектакль өң мен түс арасында, екі әлемнің ортасындағы кеңіс­тікте өтеді. Әлдеқашан о дүние­лік болған жақындарының бәрі – өбектеп, жанынан шықпайтын жан жары Әпіш, Жанботаның қысастығы, Паң Нұрмағамбеттің нығыметіне бөленген күндер, Абаймен кездесуі, Ақанмен қа­уышуы – кенет Біржанның жадында қайта жаңғырады. Өлім ал­дындағы алаң-елең дүние. Кү­нәл­ары көз алдына келіп жатыр. Ар азабы тән азабынан ауыр. Ұят адамды өмір бойы қуалайды, міне, Біржанды да ақыры уысына түсіріп, өлетін сәтінде бе­тіне шыжғырып басып жатыр. Бір­жанның екі аяғы мен екі қолы тақ­тайға тарс таңулы, байлаулы жіпті шешкісі келіп бұлқынады. Ағаш тақтай болғанымен, режис­сердің пайымында, бұл – ар тақ­тайы. Біржанның жантәсілім етер алдындағы жарты сағаттық, бәл­кім жарты минөттік жан қиналысын Ә.Рахимов бір жарым сағаттық драмаға құрған. Режиссер Біржанның ажал ал­дындағы арылуын, арымен, әні­мен арыздасуын тұтас драмаға ай­налдырарда, әр штрихты, әр детальды мейлінше ойластырған. Қара киінген қарақшылардың көзіне әзірейіл болып көрініп, қайта-қайта сабап кететін тұсы – осқылап жатқан Біржанның өз күнәлары.

Фәнимен қоштасып жатқан­дағы қас-қағым сәтте күнәдан арылудың бір мүмкіндігі, жалғыз жолы қазақтың салтында бағзы заманнан «бақұлдасу» аталғаны аян. Негізгі қақтығыс – Біржан мен Абай, соңыра Біржан мен Ақан арасында өрістеп, бірі ма­хаб­бат, ар идеясын, бірі ән, өнер идеясын түрлі қайшылықта қау­зағанымен, бұларды ортақ ли­нияға біріктіріп тұрған осы бақ­ұл­дасу.

Біржан секілді күрделі әрі терең, қазақ музыка әлеміне ерекше әсер еткен қуатты құбылысқа «Адасқақпен» ескерткіш соққан Асқар Сүлейменов оның қара­пайым қалыпқа, жалпақ ұғымға сыя қоймайтын жұмбағын шешу­ді діттегенін осы спектакль анық аң­датады. Әйелдің намысынан ән­нің құдіретін, әншінің алтын басын биік қойған Абайдың ал­дындағы өкініш өлімнен де күш­ті болып өртеп барады қазір. Абай­мен жауаптасуы – өртеген арымен жауаптасуы.

Ал Ақанмен кездесуі шиыр­шық атқан шарпысуға толы. «Мен ғашықтықты машық қылған сен емес. Көңілім құламаса, бар­май­мын да, алмаймын. Үздіге қал­сам, кер домбыра әзірге дүмі­мен түсіп жарылған жоқ. Бірақ жа­­дыңда желімдеп сақта: менің бір әнім матап берген қырық то­ғыз» дейді Ақан. «Ән мал ма сон­да?» дейді Біржан. «Ән – зар. Зар һәм мінәжат. Ал мал ма, жоқ па, оны өзіңнен сұра». Ақан ұстазына зор айып тағып тұр. «Әнді көңілдестің қалыңмалы сияқты пайдаланасың, ал мен үшін зар және мінәжат» деп тұр. Ақан үшін ән деген – махаббатқа, адалдыққа деген мінәжат. Ән құдіреті деген бар. Ол – ардың үні. Ақан Біржанға «сен жұмсалдың» дейді. «Сен әніңді, өнеріңді, атағыңды малға саттың». Өнерді дүние-малдың жолына жұмсадың деп кінә тағып тұр. Ал өнер жұмсалмауы керек. Азды-көпті ғұмырында жалған өмірден мән іздеген рухы биік Біржанның жантәсілім алдындағы шындығы шошындырмайды, керісінше, сүйсіндіреді. Бұл үшін Біржанды еш жазғыра алмайсың. Себебі артына өлмейтін, өміршең ән қалдырып кеткен Біржанның өзі өмір сүрген қоғамның шарт­ты заңдылықтарына мойын­сұнбай, тіршіліктің мәнін өнер­дің биігінен табу үшін бәрі­нен безініп, рухани арпалыс­пен ғұмыр кешкені онсыз да көп­шілікке бұрыннан белгілі шын­дық емес пе? Біржанның мінезіндегі ең маңызды қасиеті – өзін-өзі түсінбей, әділдік таппай, қоршаған ортасынан қорған, тірек таба алмай, бәрінен беті қайтып, өкініп, аласұру, соған сәйкес кейіп­керінің ішкі жан дүниесін ашатын әрекет, штрихтар тауып, құбылтуға жанын салғанына қарап Біржан – Бекжан Тұрыстың рөлге тыңғылықты дайындықпен келгенін байқатады. Бүкіл спек­такльдің жүгі бір өзіне көбірек түсетін Біржанның кесек бейнесі Бекжанды ия «бар», ия «жоқ» жасайтын, көрерменнің алдында күрделі сынақтан өткізетін жауапкершілігі мол рөл болатыны аян еді. Актерлік таланты, му­зыкалық қарымы сыналатын тұс осы. Актерлік ішкі қуаты мол Б.Тұрыс Біржанның бойын кернеген ызаны, ойын бүкпей айтатын тікмінезділігін, әншінің ішін өртеп бара жатқан күйінішін, рухани күйзелісін бір бояумен емес, жан-жақты шеберлікпен ашып көрсетті.

Қойылымның мазмұнын ашу­ға қызмет етіп тұрған декорация­ны құрудағы суретші Мұрат Сапа­ровтың еңбегін де атап өту орын­ды. Қара көлеңке сахнадағы қара киімді қарақшылардың го­тикалық әсер беруі, Ләйлім-шы­рақтың хор қыздарының ара­сынан табылуы, қайта-қайта қақ­пақылға түсетін қаңбақ секілді дөң­гелек шар – спектакльдің ұтымды ой-тұжырымы. Шар – дүние-қаңбақ. Қаңбақтың образы. Ал қаңбақ – халықтың образы. Олар осы қаңбақтың ішінде отыр. Жел айдаса домалап жүре береді. Абай мен Біржанның, Біржан мен Ақанның диалогында олар бір-біріне бар екпінімен қаңбақ домалатады. Осындай ұлы адамдардың ерегесінде халық қаңбақша домалап, қай жағына жығыларын білмейді. Екі ұлы адам егесті ме, ортасында халық топалаң болады. Тегеурінді ре­жис­серлік тың шешім. Режиссер халықты екі ұлының диалогының ішіне тастады да, отаршылдық идеологиядағы қазақтың халінің қандай болатынын қапысыз көрсетті. Тікенек шардың ішін­дегі халық қызыл ала қанға боял­ған. Халық қансырап торда отыр, ал әншісі бай-байшыкештің шаш­бауын көтеріп, әнін айтып, әңгімесін қыздырып жүр. Триумф сұрақ осы – ал халықты кім­ ойлайды? Бай-байшыкеш пе,­ әлде халықпен арадағы дел­­­дал Паң Нұрмағамбеттер ме?­ Режиссер Ә.Рахимовтың көрер­менді осы сұрақтың төңірегінде ойландырғысы келген мақсатын батыл қадам деп бағалауға әбден тұрарлық.

Біржанның соңына қал­дыр­ған музыкалық мол мұ­расының қай-қайсысы да сахнада шырқалуға сұранып тұ­ратынына қарамастан, за­ма­нының әділетсіздігіне, зор­лық-зомбылығына күйіне оты­рып шығарған трагедияға то­лы бір ғана «Теміртастың» таң­далып, лейтмотив ретінде алынуы спектакльдің салмағын арттыра түскен. Бұл – Біржанның жанайқайы. «Теміртас» – жалпы, «Адасқақ» қойылымының темірқазығы, жұлын-жүрегі. Ара­да енді жүз, мың жыл өтсе де, әр заманның өз Біржаны болаты­нына, оның зары бірде у, бірде дәрі болып, осы оқиғалардың тап осылай қайталана беретініне мынау «Теміртас» куә бола бермек...

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

22.01.2019

Жастар жылының логотипі бекітілді

22.01.2019

Жол азабына ұшырағандарға шекарашылар көмекке келді

22.01.2019

Р.Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

22.01.2019

Жаңақала ауданында жоғалған адам табылды

22.01.2019

Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

22.01.2019

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

22.01.2019

Төсек тартқан науқасты үйде күтетін «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алу керек

22.01.2019

Қарағанды облысында адасқандар құтқарылды

22.01.2019

Іскер әйелдер қауымдастығы – қайырымдылық бастамашысы

22.01.2019

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22.01.2019

Алуа Балқыбекова: Қазақтың боксшы қыздарымен әлемде барлығы да санасады

22.01.2019

Қасиетті қамшы

22.01.2019

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

22.01.2019

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жаңа жобаны таныстырды

22.01.2019

Ақырзаман жақын ба?

22.01.2019

Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

22.01.2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

22.01.2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

22.01.2019

Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Әлия Бөпежанова (11.04.2018 00:09:53)

Дархан Өмірбекке: Сіздерге жолданған заң аясындағы, мәдениетті пікірлер модерациядан неге өтпейтінін білсем деймін. С.Абдрахмановтың кезінде жақсы ой қосулар да, тіпті ескертпе пікірлер де жарияланатын еді. Тым цензурашыл болсаңыздар - "Пікір қосуды" алып тастау керек шығар.

Әлия Бөпежанова (09.04.2018 16:02:22)

Бүгінгі номердің сүбелі бір дүниесі - М.Әуезов театрының осы маусымдағы жаңа туындысы - А.Сүлейменовтің философиялық "Адасқақ" драма-диалогы бойынша қойылған спектакль туралы мақала екен. Бүгінгі сахнаға осындай құнарлы, ойлы спектакльдер көбірек керек. Шығарманы жақсы танып-талдаған мақала авторы Айгүл Аханбайқызына және мақаланы үлкен ықыласпен жариялаған азаматтарға, басылым басшылығына ырзашылық білдіремін және шығармашылық табыстар тілеймін.

Пікір қосу