Қазақстан • 10 Сәуір, 2018

Мұқтаждықты азайтудың төте жолы

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы әлеумет­тің әлеуетін арттыруға бағыттал­ған құжат – «Президент­тің бес әлеуметтік бастамасын­да» ұлттық тұтастықты нығайту­ға, әлеуметтік саланы бекемдеуге ерекше көңіл бөлінгендігін атап өткім келеді. 

Мұқтаждықты азайтудың төте жолы

Мәселен, бас­пана қолжетімді болса, жастар грант арқылы тегін білім алса, ол мемлекеттің болашағы баянды болмақ.

Бұл – жаһандану заманында ұрпақтың нанотехнологияны алаңсыз игеріп, уайым­сыз өсуіне бағытталған негізгі жоба. Әлеуметтік салаға бағыттал­­ған түрлі бағдарламаларды жұрт болып жүзеге асырғанда ғана, ұлы мақсаттарға жетуге болады. Сол себепті бұл бар­лық әлеуметтік бастамалар өте маңызды. Мысалы, халықты баспанамен қамту, көгілдір отын жеткізу, салық төлемдерін мейлінше азайту көпшіліктің әлеуметтік жағдайының жақ­саруына әсер етеді. Шағын несиелік инновациялық жобалар мен «7 – 20 – 25» бағдарламасы да бүгінгі нарықтық экономикада әлеуметтік бағыттың дамуына негіз болады.

Равшан НАЗАРОВ,
Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Тарих институтының «Заманауи тарих және халықаралық зерттеулер» бөлімі меңгерушісінің орынбасары