Сақтану өз алдына, сабақ алсақ, қане

Атам қазақтан қалған бір сөз  «Сақтықта қорлық жоқ» дегенге саяды. Шынында, айтып келмейтін апаттар әлемде жиілеп кеткен секілді. Әсіресе 64 адамның, оның ішінде бейкүнә 41 баланың өмірін жал­маған Кемерово қасіреті кімді де болса ойландырғаны анық.

Егемен Қазақстан
10.04.2018 58

Қаптаған базар, сам­саған сауда ойын-сауық орталықтары көз тұндырғанмен, ондағы қауіпсіздік жайы қалай екен деген сұрақ көкейден кетер емес. Көрші елдегі сұрқай сұмдық билікті ғана емес, жалпы жұртты да ойландырды. Меншік иесі, оның қожайыны болып ақша санау нарыққа тән қасиет екені рас. Бірақ өзім білемдікпен халықтың қауіпсіздігін ойламау, заманды желеу етіп қара бастың қамын күйттеу опық жегізбей қоймайтынын білген абзал. Мұның мысалы өзгені қойып өз елімізден де табылып жатады. Өткен жылы Алматыда болған өрт кезінде құлыпталған есіктен шыға алмай 6 адам өртеніп кеткені естен шыға қойған жоқ.

Бұрын өрт болса түтінге шашалып, көз ашығанмен көп жағдайда аман қалып жататын. Қазіргі жасанды заттан шыққан түтін түтін емес, у десе болғандай. Тіпті жаналғыштың өзі екенін ғалымдар дәйектеп отыр. Бір жұтқаннан кейін-ақ естен тандырып, есеңгіретіп тастайды екен. Есеңгіреген адам ес таба ма? У өмір емес, өлім әкелетіні осыдан көрінеді. Оның үстіне бұған бәрі ойдағыдай деп, атынан ат үркетін лауазым иелерінің мәліметтерінің де кейде жарға жықпай қоймайтынын қосыңыз. Шындығына келгенде, бәрін заманға телиміз. Заман жал­ғанды жалпағынан басқандарға емес, жалпы жұртқа қызмет етуді қалайды. Сонда ғана ел­дің ішіндегі ала-құла тірлік тыйылып, береке орнайды. Дәулеттілер дейміз, солардың бәрі табанынан тозып, маңдай терін төгіп дәулетке қол жеткізді ме екен? Аз болса да қисық ине, тесік түйме өндіргендер туралы сөз бас­қа. Әлемдегі байлардың қалай байығаны бүк­песіз айтылады. Нарық халықтықты қарық қы­луға, бірі зор, екіншісі қор көрінбей тең дәрежеде, әділетті өмір сүруге әкелетінін дамыған мемлекеттерден байқауға болады. Оның жақсы үлгісін бас басылымда да көрсетіп келеміз. Байлар мен кедей, әлді мен әлсіз болып бөлінген жұрттардың келешегі кемел болуы екіталай. Себебі алакөз тірлік ірілікке апара қоймайды. Біз мұны неге айтып отырмыз. Кемерово қасіретінен кейін ірі қалалардағы демалыс орындарын, өзге де мекемелерді кезектен тыс тексеру басталып кетті. Иә, оларды жиі тексеріп, екі өкпесін қыспау керек дегенге қосылуға болар. Бірақ сол жеңілдікті еркелікке балап еркінсіп кеткендердің қылығы бір күні тығырыққа тіреуі мүмкін ғой. Адам өміріне қауіп төнген кезде шығатын есіктерді ұры-қарыны сылтау етіп тарс жауып, бар кілтті күзетшінің қалтасына салып қойғаннан пайда болмайды. Беті аулақ, бір сұмдық болса есік ашады деген күзетшінің өзі әлгі у түтіннен өз ба­сын қорғаумен әлек болары сөзсіз. Тағы бір айтарымыз, осы бір тексерулерді әттеген-айлардан кейін ғана емес, мәдениетті түрде тұрақты ұйымдастырып отырсақ ұтылмас едік. Ал оның қорытындысына келгенде, су қосқан сүттей сұйылтпай, нақты ақиқатты анық­тап, иесінің кім екеніне қарамай шешім қабылдау қажет секілді.

Айталық, қысқа әзірміз деп жүріп, елімізде бар байлықты халыққа дұрыс жеткізе алмай, биылғы қақаған қыста көмір дауына ұрындық. Одан құтыла бергенде, көктемгі су тасқыны килігіп, сол бойынша әлек болып жатырмыз. Мұның бәрі жиындарда көтеріле сөйлеп, көңілді отырып, бәрі жақсы, төрт құбыламыз түгел дегеннің кесірінен шығып жатса керек. Тіпті Қызылағаш, Қарағанды, өзге де өңірлердегі су тасқынынан сабақ алмағанымыз қалай? Алматы, Шығыс Қазақ­стан облыстарында бұрқ ете түскен биылғы тасқын тағы талма жерден тигендей. Мұндай апаттардың алдын алуға Елбасының бастауы­мен Үкімет миллиардтаған қаржы бөліп келеді. Мәселен өткен жылы 5,8 миллиард теңге қарастырылғаннан хабардармыз. Сол мол қаржының 3,2 миллиард теңгесімен бір шағын аудан салуға болады деген әкімнің уәжін де естігенбіз. Барлық мәселе сол ақшаны тиімді жұмсамауда болып тұрған секілді. Бұған бір мысал келтірер болсақ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметов Үкімет отырысындағы есебінде су тасқыны кезінде қажетті құрал-жабдықтардың жетпей жатқанын күйіне айтқан еді. Төтеншеліктердің төтенше жағдайға дайындығы осы болғаны ма? Сонда әлгі қаражат қайда жұмсалған? Жыл сайынғы су тасқынын биыл да «Қазгидрометке» сілтей салып отыра береміз бе? 

Жалпы, мемлекеттің тұғыры – халық. Ха­лық­тың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Елбасының қабырғасы қатайсын, бұғанасы бекінсін деген үлкен қамқорлығын меншік иелері сезе отырып, қауіпсіздікті ендігі жерде естен шығармауы керек-ақ. Қаланы қойып, елді мекендердегі өзен-көлдерге иелік ететіндер де ес жиса, қане. Алып сауда орталықтары мен қым-қуыт тірлік жүріп жататын базарлар, сән-салтанаты мол мейрам­ханалардан бастап, адамдар қызмет ете­тін мекемелерді, оның ішінде ұрпақ оқып, тәр­бие алып жатқан ұйымдарды жан-жақты сарап­таудан өткізу қажеттігі туындап отыр. Бұл істе бармақ басты, көз қыстыға бармай, көк­тен сұрағанымыз жерден табылды демей, адам­дардың қауіпсіздігі жолындағы жұмыс деп жұрт болып жұмыла отырып жүргізу қа­жет секілді. Мұның бәрі сақтану өз алдына, қасіреттерден сабақ алу керек деген ұғымды ұлық­таса екен...

Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.07.2018

Білім гранттарының 70 пайызы «ІТ» мамандықтарына бөлінеді

22.07.2018

Қызылордада 18 ауылшаруашылық кооперетиві құрылды

22.07.2018

Шемонаиха тұрғындарына баспана кілті тапсырылды

22.07.2018

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

21.07.2018

Денистің дара жолы

21.07.2018

ЖСҚ-ны әзірлеу ісі сылбыр

21.07.2018

Атыраулықтар Денис Тенмен қоштасты

21.07.2018

Тараз қаласына Денис Тенді еске алуға арналған баннер орнатылды

21.07.2018

Денис Тенді еске алу шаралары Өскемен мен Семейде өтті

21.07.2018

АҚШ-тың атақты хореографтары Астанада шеберлік сыныптарын өткізеді

21.07.2018

Қостанай облысында жыл басынан бері қылмыс азайған

21.07.2018

Астанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті

21.07.2018

Алматылықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды

21.07.2018

Қостанай облысында жаз басталғалы 12 адам суға кетті

21.07.2018

Астаналықтар Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жұмыс таба алады

21.07.2018

Қызылордада «Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету» атты республикалық семинар өтті

21.07.2018

Қостанайда Дениспен қоштасу рәсімі өтті

21.07.2018

Қостанайда Ұлы Отан соғысының ғасыр жасаған ардагері ұлықталды

21.07.2018

Денсаулық сақтау министрлігі алты айдың жұмысын қорытындылады

21.07.2018

Денис Теннің өліміне қатысты екінші күдікті ұсталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Атақ қымбат па, абырой қымбат па?

Бүгінде қандай жолмен келсе де атақ үшін есі кете, есерлене қимылд­ай­ты­ны­мыз­ды бәрі біледі. Айта­лық, жуырдағы бір мереке күндерінде орден сатылыпты. Бұл орденнің атауы қандай дерсіз – «Қазақстанның құрметті азаматы».

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу