Білім • 10 Сәуір, 2018

Қазақстан тарихы бойынша ҰБТ сұрақтары (10.04.2018)

16340 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Тек бір ғана жауабы дұрыс. Жалпы 20 сұрақ – 20 балл.

Қазақстан тарихы бойынша ҰБТ сұрақтары (10.04.2018)

1. Мезолит дәуіріндегі адамдардың қол жеткізген жетістігі:

A) Терімшілікпен айналыса бастауы
B) Ат әбзелдерін ойлап табуы
C) Қыш құмыра жасауды үйренуі
D) Аң аулауды үйренуі
E) Садақ пен жебені ойлап табуы

2. Кейінгі тас ғасырына жататын Орталық Қазақстандағы көрнекті ескерткіш:

A) Бұқтырма
B) Шүлбі
C) Батпақ
D) Обалсай
E) Бөріқазған

3. Қарақытайлардың мемлекет басшысының лауазымы:

A) хан
B) гуньмо
C) жабғу
D) шад түтік
E) гурхан

4. Ғұн атауы Қытай жазбаларында алғаш кездесетін кезең:

A) Б.з. V ғ. басы
B) Б.з.б. IIІ ғ. ортасы
C) Б.з.б. IV ғ.
D) Б.з.б. III ғ. соңы
E) Б.з. IIІ ғ. Басы

5. Шах-Махмұд Шоростың «Тарих» (Хроника) еңбегінде баяндалады:

A) Бұйдаш
B) Жәнібек
C) Батый
D) Берке
E) Өзбек

6. Кіші жүздің Ресейге қосылуы басталған жыл:

A) 1736 жыл
B) 1735 жыл
C) 1740 жыл
D) 1730 жыл
E) 1731 жыл

7. «Қыш құмыралар заманы» деп аталған тас ғасырының дәуірі:

A) мезолит
B)  энеолит
C)  неолит
D)  кейінгі тас ғасыры
E) ерте тас ғасыры

8. Марафон шайқасының болған уақыты:

A) Б.з.б. V ғ. басында
B) Б.з.б. III ғ. басында
C) Б.з. II ғ. соңында
D) Б.з. V ғ. ортасында
E) Б.з.б. IV ғ. соңында

9. Брест қамалын қоршауда ерлік көрсеткен қазақ жауынгері:

A) Қ.Тұрдиев
B) М.Ғабдуллин
C)  Т.Бигелдинов
D)  М.Мәметова
E) С.Баймағамбетов

10. 1847-1857 жылдары қазақ жерінде айдауда болған украин ақыны:

A) В.Н.Витевский
B)  Е.П.Михаэлис
C) Т.Г.Шевченко
D) Л.Ф.Костенко
E) А.М.Богомолец

11. ХХ ғасырдың басында өлкедегі революциялық оқиғалардың ішінен ерекше көзге түскен интернационалдық бой көрсету:

A) Жаркент гарнизонындағы ереуіл
B) Верныйдағы әскерилердің ереуілі
C) Семейдегі әскерилердің ереуілі
D) Семейдегі пошта-телеграф қызметкерлерінің ереуілі
E) Успен (Нілді) кенішіндегі оқиға

12. Түргеш қағанатының орнына құрылған мемлекет:

A) Қарахан
B) Түрік
C) Қарлұқ
D) Оғыз
E) Қарақытай

13. Тасмола мәдениетіне ұқсас ерте темір дәуірінің ескерткіші:

A) Шілікті
B) Ұлыбай
C)  Бөріқазған
D) Берел
E) Покровка

14. Қарақытайлардың Баласағұн қаласын жаулап алған мерзімі:

A) ХІІІ ғасырдың басы
B) ХІІІ ғасырдың 30 жылдары
C) ХІІ ғасырдың 50 жылдары
D) XII ғасырдың 20 жылдары
E) ХІІ ғасырдың 70 жылдары

15. Оқиғаларды хронологиялық реті бойынша анықтаңыз:

1. Ақтабан шұбырынды
2. Қарақұм құрылтайы
3. Аңырақай шайқасы
4. Ордабасы құрылтайы

A) 2, 1, 4, 3
B) 3, 2, 1, 4
C) 2, 1, 3, 4
D) 1, 3, 2, 4
E) 2, 3, 1, 4

16. 1836-1838 ж.ж. Ішкі Ордадағы көтеріліске қатысқан ақын:

A) Шөже
B) Орынбай
C) Шернияз
D) Сүйінбай
E) Жанақ

17.Қыпшақтардың сол қанатының орталығы орналасқан өзен бойы:

A) Сырдария
B)  Еділ
C) Ырғыз
D) Жайық
E) Ертіс

18. Орта Азияны қан қақсатқан Әмір Темірдің ұрпағы – Ұлықбекті жеңген Ақ Орда ханы:

A) Темір-Мәлік
B) Барақ
C)  Ерзен
D) Ұрыс
E) Қойыршақ-Оғлан

19. 1992 жылы дүние жүзі қазақтары құрылтайына Түркиядан келген, «Алаш» сыйлығының иегері, дінтанушы ғалым:

A) Ә.Қара
B) М.Бұлұтай
C) Х.Алтай
D) М.Өзтүрік
E) З.Қинаятұлы

20.«Хан 1368-1369 ж.ж. өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырады. Ол 1374-1375 ж.ж. Еділ бойына қарай жорық жасап, Алтын Орданың астанасы Сарайды, Қажы-Тарханды алып, Кама бұлғарларын бағындырады. Бірақ Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жеңе алмайды».

Мәтінде қай тарихи оқиға сипатталғанын анықтаңыз:

A) Алтын Ордада Тоқтамыс билігінің нығаюы
B) Ақ Орданың Алтын Ордадан мүлдем оқшаулануы
C) Алтын Ордада Әмір Едіге билігінің күшеюі
D) Әмір Темірдің Алтын Ордадағы жаулаушылық соғыстары
E) Алтын Орданың мемлекет ретінде жойылуы

Құрастырушы: Республикалық «KAZBILIM» орталығы

©Авторлық құқық толығымен сақталған

Байланыс нөмірі: +7 776 4318008