Парламент • 10 Сәуір, 2018

Сенатта ТМД-дағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заң жобасы қаралды

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Сенатта ТМД-дағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заң жобасы қаралды

Келісімнің негізгі мақсаты қатысушы мемлекеттерде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған үйлестірілген бірлескен
іс-шараларды өткізу болып табылады.

2013 жылғы 20 қарашада Санкт-Петербургте жасалған Келісім Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдер арасындағы ақпаратты трансшекаралық беру, ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігінің қатерлерін талдау және бағалау; қатысушы мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін және нормативтік-әдістемелік құжаттарын жақындастыру; халықаралық стандарттармен үйлесімді ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекетаралық стандарттар әзірлеу; ақпараттық жүйелерде орналастырылған ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуге және оның техникалық арналар арқылы сыртқа шығуына жол бермеуге бағытталған келісілген іс-шараларды іске асыру; қорғалу дәрежелері әртүрлі ақпараттық жүйелердің өзара іс-әрекеті кезінде қол жеткізу деңгейі шектеулі ақпараттың және ақпараттық технологиялардың қорғалуын қамтамасыз ету; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кадрларды білікті қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру және басқа бөліктеріндегі іс-қимылды реттейді.

Келісімде көзделген барлық ережелер ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді атқаруға бағытталған.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Отырыста депутаттар Төлеубек Мұқашевті Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы етіп сайлады. Ол бұл лауазымдағы дін істері және қоғамдық келісім министрі болып тағайындалған Дархан Кәлетаевты алмастырды.