Надандықтан туған мақтан

Абай атамыз өзінің 12-ші қара сөзінде: «Қазақ барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады» дегені сияқты қазір қазақ қоғамында мақтанның алуан түрі пайда болды. 

- 1521205388_user.jpeg -
Егемен Қазақстан
11.04.2018 226
2

Соның бірі – «баяғыда аталарымыз ақ патшадан шен алыпты, губернатордан хат алыпты, ояздан бата алыпты» дейтін «тарихи» маңызға ие мақтандар қазір әр жерде құмырсқадай қаптап жүр. Аталарының жоғарыдағыдай «абыройы» туралы жазылып жатқан кітаптар қаншама. Біздегі түсінік бойынша мақтанның дәл осы түрі дұрыс емес. Өйткені халқымыздың рухани отарланып, саяси-әлеуметтік тұрғыдан орасан зор құлдырауына негіз салған Ресейдің патшалық дәуіріне тән оқиғаларды қазіргі тәуелсіздік заманында мақтаныш етіп айту, оны ұлықтау – надандық. Яки Абай атамыздың «Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады һәм қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмей, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болады» дейтіні осы шығар. 

Мақтанның да мақтаны бар емес пе?! Одан да «атамыз Бөгенбай батырдан бата алыпты» немесе «Жамбыл жәкемнің қолынан құлақ жепті» деп мақтан. Ондай оқиғалар көп ғой. Осы орайда жоғарыдағы «надан мақ­танның» арада қанша ғасыр өтсе де үзіл­мей, тәуелсіздіктің атқан таңымен бірге жасап келе жатқанына не себеп? Осыған тоқталайық! 

Бұл мақтан түрі – әуелі қазіргі қазақ қоғамында өткен ғасырлардағы отар­лық сананың әлі жойылмағандығына әрі жаңа­дан тарихи сананың қалыптаспаға­нына куә. Философия ғылымдарының докторы Арғын Қасымжанов біз айтып өткен «тарихи сана» деген ұғымды – әрбір жеке адам, тұтас ұрпақтың өткен тарихты сезінуі, өзі­нің шыққан тегін, өлкесін, халқын, нәсі­лін, оның рухани түп-тамырларын танып-білуге ұмтылып, сана-сезімнің оянуы деп түсіндіреді. Оның екінші беті – мәңгүрттік. Ендеше отарлаушылар езгіге түскен халықты ең алдымен тарихи санасынан айырып, мәңгүрттікке ұшырауына күш салады деген сөз. 

Академик Манаш Қозыбаев 1997 жылы 4 қараша күні «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген «Ұлттық рух – ұлағат бас­тауы» атты мақаласында: «Бодан болған елдің санасын тұсап, рухани құлдыққа қарай икемдеу үшін қолданылатын ең төте тәсіл – халықты өз тарихи жадысынан айыру» деп нақты айтады. 

Осылай санамыз бұлыңғырланып, тарихи жадымыздың көмескіленуі арқылы көп жағдайда өмір шындығын кері мағынасында түсініп, өткен тарихымыздың ақиқат болмысын парықтау қабілетінен айырды. Нәтижесі мынау: тәуелсіздік дәуірінде «атамыз ақ патшадан шен алған» деп мақтанып отырмыз. 

Сол шенді атамыз не үшін алды деп бір уақ ойландық па?! Бұл жерде мынадай нақты тарихи шындық жатыр. Айтайық, отарлаушылар өздерінің қолайына жаққан, отарлау саясатын қолдағандарға ғана шен-шекпен, атақ-мансап сыйлаған. Дәлел керек пе? Әдебиетші ғалым Мекемтас Мырзахмет: «Ресей отарлаушылары қазақтың сатымсақ басшыларына шен-шекпен үлестіріп, олардың ішкі қайшылықтарын отарлау ісіне шебер пайдаланды және ол әрекетін культурогерлік сылтаумен бүркемелеп отырды» деп жазса, заңғар тұлға Мұхтар Әуезов: «Білгенін, білімін қатардағы қазақтан қулығын асыруға жұмсаған пысықтар да отаршылдардың «жемтіктесі» боп «момын даланың құйрығын обырлармен қоса сорысып жатты» деп сол кездің қоғамда орын алған ащы шындығын кесіп айтыпты. 

Сол сияқты әйгілі Майлықожа ақын: «Орыс­тың жолын тосады, Оңлы болған би-болыс, Жылтыратып танадай, Тақтырды шын­жыр мойнына, Мақтанышпен талтаңдар, Қуанышы сыймай қойнына» деп толғаса, Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханов: «Кім орысқа жағымтал болса, сол жұртты бір қамшымен айдайтын болып, қазақ жақсысы орыс етегінен жем жегенді ұнатты», деген жоқ па. 

Яғни «жікшіл ел жетпей мақтайды, желөкпелер шын деп ойлайды» деп Абай атамыз айтқандай, қазір басқа ештеме қалмағандай оңлы болған би-болыс аталары­мыздың мойнына жылтыратып таққан танасын әспеттеп апарып музейлердің төріне қойып жатқан жайымыз тағы бар. 

Осы орайда Қазан төңкерісінің көсемі Лениннің «Орыстанған бұратаналар шынайы орыстық көңіл күй мәселесінде әрқашан орыстан асып түседі» (Ленин В.И. толық шығ. жинағы 45 т. 358-б.) дегені қазіргі «надан мақтанның» көлеңкесі сияқты елес берсе, ХХІ ғасырдың басында қазақ қоғамы­ның тыныс-тіршілігін терең зерттеген орыс ғалымы, тарихшы-этнограф Алексей Лев­шин өзінің «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» атты 1832 жылы жарық көрген еңбегінде: – Қазақ­тардың атаққұмарлығы әсіресе, атқамі­нер­лерінен анық көрінеді. Патшадан алған медаль, қылыш, мақтау грамота алғандар ауылға бір орыс келсе көрсетіп қалуға құмар. Мұндай сыйға ие болған қазақтың баласы түгіл немересіне дейін осыны өзі алғандай күпсінеді. Лентасы жоғалған медальды қайысқа, жіпке тағып іліп қояды деуі бүгінгі «надан мақтанның» сорабы сонау ерте кезде қалыптасқандығынан нақты хабар беріп тұрған сияқты... 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.10.2018

Астанада вирусты менингитке күдікті сегіз оқушы ауруханаға жатқызылды

18.10.2018

Еуроодақ саммиті: «Брексит» мәселесі қиындай түсті

18.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Рольф Драакпен және Мехран Эфтехармен кездесті

18.10.2018

Қарағандыда әнші-композитор Қорабай Есеновтің мерейтойлық кеші өтті

18.10.2018

Мемлекет басшысы Еуропаның іскер топтар өкілдерімен кездесті

18.10.2018

Маңғыстауда алғашқы электр қуаттандыру станциясы ашылды

18.10.2018

«Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасы басталды

18.10.2018

Көлік кептелісінде көмекші - Road Zipper

18.10.2018

«Хабар 24»: «Egemen Qazaqstan»-ға шолу

18.10.2018

Венгрияға баратын балуандар белгілі

18.10.2018

Қыздар университеті туған жерге тағзым етіп қайтты

18.10.2018

Керчьтегі оқиғада қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ

18.10.2018

Илья Теренченко «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды

18.10.2018

Д. Кәлетаев Қостанайдағы үкіметтік емес ұйымдар республикаға үлгі екенін айтты

18.10.2018

Таиланд қазақстандықтарға визаны тегін бермек

18.10.2018

Қызылордада Жолдаудағы тапсырмалардың мәні түсіндірілді

18.10.2018

79 жасында алғаш рет подиумға шыққан Ван Дешунь

18.10.2018

Жалпы азаматтық құқықтар ар-ұждан бостандығымен шиеленіспейді

18.10.2018

Қызылордада апатты үйлер мәселесі шешілді

18.10.2018

Марат Сұлтанғазиев Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу