Театр • 12 Сәуір, 2018

Қазақстандық мәдениет – жаһан назарында

1257 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағдар­ла­­масы бүгінде ұлттық бірлікті қа­лыптастырудың аса тиімді құ­рал­­дарының біріне айналып отыр. Соның ішінде, әсіресе еліміздің мә­дени өмірінің жаһанға танылуы­на айтарлықтай ықпал етуде. Се­бебі мәдениет һәм өнер – ұлт­тық идеологияның басты тірегі.

Қазақстандық мәдениет – жаһан назарында

Осыған орай, аталмыш рухани бағ­дар­ламада қойылған міндеттер Мәдениет және спорт ми­нистрлігі тарапынан басты нысанға алынып, қарқынды түр­де жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, ми­нистрліктің бағ­дар­лама аясында қолға алған жоба­лары мен атқарған жұмыстары бү­гінде үздік нәтижелерге жеткізіп отыр.

– 2017 жылғы қазан айында біз Па­риждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пә­терінде Н.Ә.Назарбаевтың «Бо­ла­­шақ­­қа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдар­ламасының тұсау­кесерін өткіздік. Тұсаукесер ая­сын­да «Қазақстандық жол және Н.Назарбаевтың үлгісі» ха­лық­ара­лық ғылыми-тәжі­рибелік кон­ференция, «Қазақстан – Астана» фо­то­­көрмесі, «Алтын адамның әлем му­зей­ле­ріне шеруі» жобасы ая­сында «Ұлы да­ладағы көшпен­ділер тарихы», Қазақ­стан­ның ақындары мен жазушыла­ры кітаптарының, белгілі қазақ­стандық суретшілер жұмыстары­ның көрмелері, «Қазақстан­ның киелі жерлерінің географиясы» атты картасының тұсау­кесері өтті. Сонымен қатар Қа­зақ­стан және Астана тура­лы біре­гей деректі фильмдер көр­се­­тіліп, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік акаде­мия­лық халық аспаптар ор­кестрі, «Астана Балет» театры, «Ас­тана Опера» театры­ның жетек­ші солистері, Қазақ­стан­ның ең­бек сіңірген қайраткері Еділ Құсайынов, Димаш Құдай­бер­ген және т.б. отандық өнер ше­бер­лерінің гала-концертін өткіздік, дейді мәдениет және спорт министрлігі мәдениет жә­не өнер істері департаменті дирек­торының орынбасары – Музы­калық өнер басқармасының басшысы Әсел Қахарманқызы.

Аталған жұмыстардың ішін­де «Жа­һандағы заманауи қа­зақстандық мә­де­ниет» бағдар­ламасының алар орны айрықша. Өткен жылдан бастап шет­ел­дерде заманауи қазақстандық мә­дениетіміздің жетістіктерін көрсету мақ­­сатында Мәдениет және спорт ми­ни­стрлігінің тікелей бастамасымен қолға алынған бұл жобаның қа­зақ өнері мен мәдениетін жаһандық ке­ңіс­тікке шығарудағы ықпалы мен рө­лі үлкен. Бағдарлама аясында Қазақ­с­тан Республикасының Ұлттық музейі Қы­тай, Ұлы­бри­тания және Беларусь Рес­пуб­ликасында бірқатар халықаралық жо­ба­л­арын жүзеге асырды.

Соның ішінде, әсіресе 2017 жылдың 14 қыркүйегінен 2018 жылдың 14 қаң­тарына дейін Британ музейінде (Ұлыбритания) өткізілген «Еуразияның ежелгі көшпенділері» халықаралық көрмесі мен Тәуелсіздік күні қарсаңында Нью-Йорк қаласында (АҚШ) ұйым­дас­тырылған «PHOTOfest.KZ – гүлденген Қазақстан әлем фот­о­­­суретшілерінің көзімен» атты фото­көр­месін ерекше атап өтуге болады. Фото­көрме аясын­да қатысушылар Бура­бай, Қор­ғал­жын, Баянауыл, Ұлытау, Қар­қаралы, Түр­кістан, Отырар, Шарын шат­қалы, Шым­бұ­лақ, Медеу, Тамғалы тас, Көлсай сынды Отанымыздың та­ри­хы тереңдігімен та­ғылымды, та­биғаты сұлулығымен көз тартар әсем жер­лерімен фото тілі арқылы танысуға мүм­кіндік алды. Қазақтың байтақ даласы фотосурет тілінде әлем халқының назарын өзіне бұрғызды.

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» бағдарламасының келесі бағыты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың желтоқсан айындағы Беларусь Республикасына ресми сапары аясында Беларусь Республикасының Ұлттық бейнелеу өнері музейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Пре­зи­денті күніне арналып тұсауы кесілген «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы шеңберіндегі «Ұлы даладағы көшпенділер тарихы» атты көр­меде өз жалғасын тапты. Аталмыш көр­менің бағыты одан әрі Мәскеу қала­сына бұрылды. 2018 жылдың 4 сәуі­рін­де Мәскеудің Бүкілресейлік халық өне­рі мен декоративті-қолданбалы өнер музейінде қазақтың мәдени құн­дылықтары Ресей халқына кең ауқым­да таныстырылды. Мәдени шарада Қазақстан Республикасының бас­ты нышаны ретінде «Алтын адам» көрер­мен назарына ұсынылды. Көрме алдағ­ы уақытта да жұмысын тоқтатпай, Әзербайжанның ұлттық тарих музейінде, Қытай Халық Республикасы Шэньси провинциясының тарих музейінде, Кореяның Ұлттық музейінде әрі қарай өз жалғасын табады деп жоспарлануда. «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы, сонымен қатар 2019 жылы Жапония, Грузия, Ұлыбритания, Испания және Түркияның музейлерінде, 2020 жылы АҚШ, Италия, Аустрия, Франция, Германия музейлерінде таныстырылатын болады.

Туған елдің тарихын паш етер фото­көр­мелер мен музей жұмыстары ғана емес, қазақтың театр мен кино өнерін де әлемдік мәдени кеңістікте жан-жақты насихаттау – бүгінде «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» бағдар­ла­масының басты бағыттарының бірі­не айналып отыр. Оның бірден-бір дәле­лі – өткен жылдың аяғында Лос-Анд­желес қаласында «Қыз Жібек» (режи­с-
сері – С.Қожықов), «Анаға апарар жол» (режисері – А.Сатаев), «Алмас қылыш» (режиссері – Р.Әбдірашев) картиналарының көрермен назарына ұсынылуы һәм АҚШ-тағы қазақстандық кино күндерінің жоғары деңгейде өтуі. Кино күндері аясында АҚШ-тың ірі кинокомпанияларының басшылары және продюсерлерімен ресми кездесулер, Голливуд жұлдыздарымен ынты­мақ­тастық келіссөздер, соны­мен қатар Лос-Анджелес кино­академиясының сту­денттерімен кездесулер өтті.

Отандық кино индустриясы мен голли­вудтық кинокомпаниялар ара­сын­дағы әріптестік байланыс мұны­мен шектелмей, күні бүгінге дейін сәтті жал­ғасын тауып келеді. «Қазақфильм» АҚ киностудиясының голливудтық кино­режиссер Джеф Веспамен бірлесе түсір­ген «Әміре» кинокартинасы сөзімізді дәйектей түседі. Кинонарыққа шық­қа­нына көп уақыт өтпесе де, көрер­меннің қызу пікірталасына ар­қау болған бұл фильмнің ұлттық киношежіреден алар орны айрықша. Ең бастысы, кино тілі арқылы әлем Әміредей қазақтың көмейіне бұлбұл ұя салған біртуар әнші­сін танып, өнеріне бас иіп жатса – аталмыш жобаның өз міндетін толықтай атқарғаны деп білеміз.

Сондай-ақ аталған мәдени бағдарл­а­ма негізінде жүзеге асырылған және бір маңызды оқиға – ұлттық театр өне­рі­нің әлем елдерін аралауы. 2018 жы­лы «Астана Опера» мемлекеттік опе­ра және балет театры Италия, Вен­грия елдеріндегі гастрольдік сапарын сәтті өт­кізсе, Абай атындағы Қазақ мем­ле­кеттік академиялық опера және балет театрының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын жү­зеге асыру мақсатында Италияның бір­неше қаласында көрсеткен өнері өзінің ерек­шелігімен жергілікті халық тарапынан ыстық ықыласқа ие болды. Сонымен қатар жоба аясында «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы Италия, Франция, Германия, Аустрия, Ресей т.б. қалаларына үлкен гастрольдік сапармен шығып, сәтті өнер көрсетіп қайтты.

Мәдени шеру алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп жоспарлануда. Шетелдерде заманауи қазақстандық мәде­ниетіміздің жетістіктерін көрсету мақ­сатында 2018-2020 жылдары «Астана Опера» мемлекеттік опера жә­не балет театры мен Абай атындағы Қаз­ақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры «Абай», «Қыз Жі­бек», «Біржан-Сара» сынды ұлттық опера жауһарларын Ресей, Италия, Франция, Түркия, Қытай, Жапония, Корея Рес­публикасы, Грузия және т.б. ел­дерде көрсетуді жоспарласа, рес­пуб­­­ликалық драма театрлары ұлттық жә­­не шетел авторларының үздік театр қойылымдарын Түркия, Ресей, Корея Республикасында ұсынатын болады.

Бұл мәдени іссапарлардан бөлек, Рес­публикалық музейлердің қоры­нан дайындалған көрмелер Жапония, Қы­тай, Мажарстан, АҚШ сынды әлемнің ал­пауыт елдерінің назары­на ұсы­ны­ла­ды деп күтілуде. Ұлыбритания, Әзер­бай­жан, Ресей, Түрікменстан елде­рін­де Қазақстанның мәдениет пен кино күн­дерін өткізу, сонымен қатар рес­пуб­ликалық мәдениет ұйымдарының Испания, Үндістан, Люксембург, Швей­ца­рия, Германия және т.б. ел­де­рін­е ұйым­дастыратын іссапар бағ­дар­ла­ма­лары да – келер жылдың үлесіне тиесілі маңызды іс-шаралар қатарында.

Назерке ЖҰМАБАЙ,

«Егемен Қазақстан»