Аймақтар • 13 Сәуір, 2018

Ақмола облысында Ақан серінің шығармашылығына арналған ша­ра өтті

1111 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Арқадағы сал-серілік дәстүр өкіл­де­рінің бірегейі Ақан сері Қорамса­ұлының 175 жылдық мерейтойы­на орай Ақмола облыстық мәде­ниет басқармасы «Рухани жаң­ғы­ру» бағдарламасы аясында­ Қазақ­стан тарихи-өлкетану музейлері бас­шы­ларының, ғалымдар мен зерт­теушілердің және ақын әндерін орындайтын әншілердің басын қосып, Ақан серінің шығармашылығына арналған «Мәңгілік әуені» атты ша­ра өткізді. 

Ақмола облысында Ақан серінің шығармашылығына арналған ша­ра өтті

 Дүбірлі тойдың тұсауы Ақан сері­нің кіндік қаны там­ған өлкеден бастау алды. Ақ­мола мен Солтүстік Қазақ­стан облыстарының ғалымдары мен зерт­­­теушілері, қоғам қайрат­керлерін, бұ­қаралық ақпарат құ­рал­дары өкілдері  Солтүстік Қазақ­стан облысы, Айыртау ауданы, Ақан се­рі ауылындағы ақынның мемориалдық ке­ше­нінде Ақан сері ескерткішіне гүл шоқ­тарын қойды. Сондай-ақ ақынды еске алып, оның шығармашылығын зерттеу бойынша тәжірибе алмасты. Жиналған қа­уым алдында сөз алған Солтүстік Қа­зақ­стан облысының құрметті азаматы, Айыр­тау аудандық ардагерлер кеңе­сі­нің төрағасы Армия Әбіл­қайыров ме­мориалдық кешеннің көз көрім жерде емес, қалың то­ғай­дың арасына салын­ғанына өкі­ніш білдірді. Сонымен кезінде Ресейдің Челябі өлкесінен көшіп келген шаруаларға жер беру үшін Ақан сері өмір­ге келген ауыл тұрғындарын малмен айна­лысасыңдар деген желеумен отырықшы орнынан қозғаған сая­сат та сын тезіне алынды. Өз кезегінде ақынның мол мұ­ра­сы барша қазақтың рухани қазы­насына айналғандығы да айтылды. 

«Тұлғалар емес, кейінгі ұрпақ ұсақ­талып бара жатырмыз. Біз үшін Абай, Жам­был, Бауыржан сияқты тұлғалар барша­ қазаққа ортақ еді. Сондықтан да ұлттық құндылықтарымызды насихат­тап, қазақ баласының санасына сіңіру және әлемдік деңгейге шығару уақыт талабы. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты мақа­ласында айтылғандай, бізде тамыр да, тарих та бар», деді Жабал Ерғалиев. 

Ақан сері мемориалынан ке­йін­­гі шара Көкшетау қала­сындағы Ш.Құсайынов атын­дағ­ы қазақ музыкалық драма теа­трын­­­да жалғасып «Ақан сері­нің адал­бақаны» атты қысқа­метражды фильм көр­се­тілді. Фильм­­де­ кезінде ақын­ның бел­­гілі ұстаға темір­ден илеп жасат­қан адалбақаны тоза баста­ған­дығы арқылы өмірдің өткінші екен­дігін әсерлі көрсете білген. 

Мәшһүр-Жүсіп Көпеев ке­зінде «Ақан сері – заманының сұң­­қары, қызыл тілдің ділмәрі, жігіт­­тің құлпы жібегі, сөздің ағы­­­тылған тиегі», деп айтып кет­­кендей Ақан сері­нің әлі де ашыл­маған қырлары көп екен­дігіне көз жеткізгендейміз. Сон­дық­тан да Ақан сері жырға қосқан Ақтоты сұлудың жиен немересі Орынбасар Төке­нованың қо­лын­дағы жүзікке ерік­сіз телміресің. Иә бұл Ақан­ серінің сыйлаған жүзігі. Сол­ махаб­баттың символына ай­налған жү­­­зік­ті қолынан бір сәт тастамайтын Орын­­басар апамыз да айтулы жиынға қа­тысып, өз естеліктерімен бөлісті. 

Бұдан кейін Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының қойы­лымындағы «Ақан сері – Ақтоқты» спек­так­лінің көрсетілімі болды. Ға­бит Мүсі­реповтің 1941 жылы жа­зыл­ған шы­ғар­масының желісі бойынша жазылған пьеса сол заманның тарихи шындығын ашып көрсетеді. Осыдан 20 жыл бұрын театр шымылдығы бас режиссер, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері Жа­қып Омаров қойған осы спектаклмен ашыл­ған болатын. Қойылымнан кейін М.Жұмабаев атын­дағы облыстық кітап­ха­нада кітапсүйер қауым Ақан сері өмі­ріне және шығармашылығына арнал­ған кітап көрмесін тамашалады. Одан соң шара Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филар­­монияда да жал­ғасын тапты. Әдебиет және өнер мұра­жайында «Сал-серілік дәс­түр­дің сал­танаты» атты көр­ме ұйымдастырылып, келу­ші­лер Үкілі Ыбырай, Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақтың музы­ка­лық аспаптары, сонымен қатар Ақан серінің жеке заттарының көр­месімен танысты.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, 
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы