Әлем • 12 Сәуір, 2018

Сайлауды ұйымдастыру деңгейін атап өтті

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баку қаласында Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Әзербайжан Республикасының президенттік сайлауында ТМД байқаушылар миссиясы жұмысының қорытындылары бойынша баспасөз конференциясына қатысты. 

 

Сайлауды ұйымдастыру деңгейін атап өтті

Миссия басшысы, ТМД Атқа­ру­шы комиссиясының төр­ағасы Сергей Лебедев 11 сәуірде болған кезектен тыс президенттік сайлау бәсекелестік негізінде, еркін, ашық және Әзербайжанның Конституциясы мен Сайлау кодексіне сай өткеніне тоқталды. 

Қазақстан ОСК төрағасы Б.Имашев ТМД байқаушылар миссиясы құрамында 34 қазақ­стан­дық байқаушы Әзербай­жанның 5 аймағында жұмыс атқарғанын атап өтті. 

«Ұйымдастырудың және сайлауды өткізудің жақсы деңгейін, аймақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің жоғары біліктілігін және олардың өз елінің сайлау заңнамаларын білуін, IT-технологиялар мен техникалық құралдарды қолдануын, оның ішінде сайлау учаскелеріндегі маркерлеуді де атап өткен жөн, – деді ОСК төрағасы.

Сондай-ақ Б.Имашев Әзер­байжан сайлау комиссия­ларының, оның ішінде төменгі деңгейдегі сайлаукомдардың, мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру тәжірибесі назар аударып, арнайы зерделеуге лайықты екенін атап өтті. 

«Егемен-ақпарат»