Өнер • 13 Сәуір, 2018

Дидар да Парижде ән салды

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париж төрінде ән салған Әміре Қашаубайұлының сара жолын жалғастырушылар қатары кейінгі 100 жыл­ға жуық уақыт бойына үзілген жоқ десек, қателесе қоймаспыз. Оның дәлелі ретінде арғы-бергі оқиғаларды санап шықпай-ақ, күні кеше ғана француз жұртының құлақ құрышын қандырып қайтқан қаршадай бала тура­лы айтсақ та болар... 

Дидар да Парижде ән салды

Жақында халықаралық дең­гейде өтетін «Салют талан­тов» байқауы аяқталды. Әлем­дегі талантты балалардың ба­сын қосатын өнер жарысы биыл Париж қаласында ұйым­дас­ты­ры­лыпты. Осы байқауға Алматы облысының Ақсу ауданынан 6- сынып оқушысы Дидар Мұқатай, қатысып келді. Жай келген жоқ, жүздеген елдің өрендерінің арасынан топ жарып, жүлделі 1 орын иеленіп қайтты.

– Ақсу ауданындағы Қ.Сәтбаев атындағы мек­теп­тің 6-сыныбында оқи­мын. Ән айтуды 2-сыныптан бастадым. Парижге барардан бұрын Астанада өткен «Ақ көгершін» бай­қауында бас жүлде алдым. Шетелге шыққанымда аздап тол­қыдым, бірақ өте көңілді болды. Жаңадан достар таптым, таныс­тым. Болашақта қазақтың әнін әлемге танытып, дү­ниежүзін аралағым ке­ле­ді. Мені әншілікке баулып жүрген ұстазым Ильяс ағайыма алғыс айтамын, – дейді талапкер әнші. 

Болашағынан үлкен үміт күттіретін өнерлі өрен Фран­ция астанасының тө­рінде «Ақ жайық» әнін шыр­қап, шетелдіктердің таң­дайын қақтырған екен.
Айтпақшы, Дидар Мұ­қатай халықаралық бай­қау­ларда өнер көрсетіп жүрген жалғыз жетісулық өнерпаз емес. Ескелді ауда­нындағы «Аяна» жас бишілер тобы да Дидармен бірге «Ақ көгершін» халықаралық бай­­қауынан бірінші орын алған болатын.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы