Аймақтар • 12 Сәуір, 2018

Ақтөбеде «Серпін» жәрмеңкесі өткізілді

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде сотталғандардың қолынан шықан 500-ден астам қолөнер бұйымдары қойылған «Серпін» жәрмеңкесі өткізілді. 

Ақтөбеде «Серпін» жәрмеңкесі өткізілді

Суретте «Серпін» жәрмеңкесінен көрініс

Көздің жауын алып, көрген жанды тағалдырған дүниелер Ақтөбе қаласындағы қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде әзірленген. «Серпін» жәрмеңкесіне келгендер үй мен тұрмысқа қажетті киім-кешектерді, есіктер мен бесіктерді, кәдесыйлар мен қобдишаларды, қазақша әзірленген ет салып ұсынатын астауларды, тіпті нар мен шахмат тақталарына дейін аттай қалап сатып алып жатты.

Шебердің қолы ортақ демей ме дана халқымыз. Осы орайда «Еңбек» РМК-ге қарасты «Еңбек-Ақтөбе» филиалында жұмыс істеп жүргендердің қолы қала тұрғындарының бір кәдесі мен пайдасына жарап жатса, бұған тек қол соғу керек шығар. Екінші бір ой тұрғысынан қарастырғанда бұл көріністің өзі еңбекпен түзеу мекемесінің жазасын өтеп жүргендерді еңбекке тарта білуінің оң мысалы. Сондай-ақ республика өңірлеріндегі «Еңбек-Ақтөбе» сипатындағы құрылымдар Үкіметке қомақты салық көлемін төлеп отырғанын айта кеткен жөн. Бұған өңірдегі еңбекпен түзеу мекемелерінің жанында екі колледж бар екенін қоса айтқан орынды. Мұнда 150-ден астам сотталғандар жұмысшы мамандығы бойынша білім алып жүр екен.

Темір Құсайын,

«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе

Соңғы жаңалықтар