Хоккей • 15 Сәуір, 2018

Астанада сурдлимпиада жеңімпаздары марапатталды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құлағының мүкісі бар жандардан құралған құрама команда шайбалы хоккейден Республика чемпионатының үш дүркін жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Астанада сурдлимпиада жеңімпаздары марапатталды

Астана әкімі Әсет Исекешев жеңімпаздармен кездесіп, құраманы жеңісімен құттықтады. Елордалық құрама команда шайбалы хоккейден өткен республикалық чемпионаттын жеңімпазы атанды.

«Сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймын! Спортқа қашанда рухы мықты жандар құштар болған. Оның ішінде хоккей ер азаматтардың ойыны. Сіздерге енді әлемдік жарыстарда жеңіс тілеймін», деді Ә. Исекешев.

Жеңімпаздарға грамоталар, естелік және ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Айта кетейік, өткен чемпионат 2019 жылы Италияда өтетін сурдлимпиада ойындарына ҚР-ның құрама командасына ең үздік спортшыларды алуға септігін тигізеді. 

«Әрине әр жеңісіміз біздің спортшыларға үлкен қуаныш және алға жылжуға жігер береді. Өз атымнан және спортшылар атынан мемлекетімізге, Астана қаласы әкімдігіне алғыс айтамын. Біздің ендігі мақсатымыз 2019 жылы Италия елінде өтетін сурдлимпиада ойындарында жүлделі орыннан көріну. Оған әлемнің мықты құрама командалары қатысады», деді шайбалы хоккейден сурдлимпиада құрамасының бас жаттықтырушысы Талғат Алпысов.

Шайбалы хоккейден өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты құлағының мүкісі бар жандар арасында төртінші рет өтіп отыр. Алғашқы ойын 2015 жылы өткен.Астана қаласының құрама командасы үшінші жыл қатарынан жеңімпаз атанып отыр