Мәулен Әшімбаев Тараз тынысымен танысты

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Сапар барысында ол облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен бірге «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан көп пәтерлі тұрғын үй құрылысының жұмысымен танысты. 

Егемен Қазақстан
16.04.2018 1212
2

Тараз қаласының «Автобекет» маңынан салынып жатқан 14 шағын ауданның және Ы.Сүлейменов көшесінің соңынан салынып жатқан 15 шағын ауданның егжей-тегжейлі жобасымен танысқан М.Әшімбаев халық үшін «Нұрлы жер» бағдарламасының тиімділігін атап өтті. Мәселен, 14 шағын ауданның жалпы жер көлемі 100 гектарды құрайды. Мұндағы құрылыс 200 көп қабатты үй немесе 5460 пәтерге арналған. Сондай-ақ 15 шағын ауданның жалпы жер көлемі 362,2 гектарды құраса, мұндағы құрылыс 280 көп қабатты шағын үйлер немесе 9,0 мыңға жуық пәтерге жоспарланған. Жалпы, жуық арада өңірде 784 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне беріліп, «7 – 20 – 25» президенттік бағдарлама бойынша 9 мыңға жуық отбасын баспанамен қамту көзделген. Құрылыс нысанына арнайы келіп, құрылысшылармен кездескен М.Әшімбаев Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуіндегі басым бағыттарға тоқталып, аталған бастамалардың ел дамуына ерекше әсер ететінін айтты.

Жұмыс сапары барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушы-профессорлар құрамымен, университет студенттерімен және «Жас Отан» жастар қанаты IV съезінің делегаттарымен кездесті. Онда таяуда ғана өткен «Жас Отан» жастар қанатының IV съезі еліміздегі жастар саясатының дамуына тың серпін бергені айтылды. Аталған съезд аясында «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан», «Қазақстанда жасалған», «Білім. Ғылым. Инновация» және «Саламатты ұлт» тақырыбындағы 5 панельдік сессия өткен болатын. Нәтижесінде мұнда көптеген игі бастамалар көтеріліп, тың ұсыныстар айтыл­ған еді. Осы орайда М.Әшімбаев еліміздің бас партиясы тарапынан жастарға арналған жаңа жобалар қолға алынғанын айтты.

Сондай-ақ кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көріп, қалың оқырманға жол тартқан 18 оқулық жайында да кеңінен әңгімеледі. Өз сөзінде М.Әшімбаев жастарға Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін түсіндіріп берді. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйым өкілдерімен, Әулиеата өңірінің зиялы қауымымен және «100 жаңа есім» жобасының қатысушыларымен жүздескен М.Әшімбаев елімізде бастау алған игі бас­тамалар жайына тоқталды.

Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Төр­аға­сының бірінші орынбасары «Рухани жаңғыру» өңірлік кеңсесіне арнайы барып, аталған бағдарлама бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Өз кезегінде партияның облыстық филиалының ХХІ конференциясына қатысып, партия алдында тұрған басым бағыттар жөнінде әңгімеледі. Сонымен қатар өңірде партия жұмысын одан әрі жандандыру керектігін сөз етіп, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» халыққа түсіндіріп, оны жүзеге асыруда жамбылдықтардың белсенділік танытуы керектігін айтты. Конференция бары­сын­да Жамбыл облысының әкімі Асқар Мыр­зах­метов «Нұр Отан» партиясы Жам­был облыс­тық филиалының төрағасы болып сайланды.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.01.2019

Алматыда көп балалы аналар баспана кезегін күтіп жүр

23.01.2019

«Сервистік әкімдік» Open space режимінде жұмыс істейді

23.01.2019

Ресей 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатыспауы мүмкін

23.01.2019

Қытайдың ІЖӨ-нің өсу қарқыны ең төменгі деңгейге жетті

23.01.2019

Жас мамандарға пайдалы ақпарат (видео)

23.01.2019

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының қожайыны анықталды

23.01.2019

Футбол күнтізбесі жарияланды

23.01.2019

«Иван Ярыгин» турниріне қатысады

23.01.2019

Данияр Елеусінов шаршы алаңға наурызда шығады

23.01.2019

Маңғыстауда арнайы мониторинг тобының алғашқы отырысы өтті

23.01.2019

«Ойыншық» сабындар

23.01.2019

Мұстафа рухын іздеген қазақтар

23.01.2019

Тұранның тұғырлы тұлғасы

23.01.2019

Инновациялық идеяларды тиімді пайдаланса...

23.01.2019

Ғылым деңгейі неге төмен?

23.01.2019

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

23.01.2019

Қайырымдылық байқауына іріктеу жалғасып жатыр

23.01.2019

Г.Әбдіқалықова Армения елшісімен кездесті

23.01.2019

Бес әлеуметтік бастама: Атқарар іс аз емес

23.01.2019

Ауылда отырып, аукционда жеңген фермер

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу