Аймақтар • 16 Сәуір, 2018

Ауыл әкімдеріне «Нива» берілді

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе өзінің аумағы мен территориялық құрылымы жөнінен республика облыс­тары арасында ең ірілердің қатарында. Оған Еуропаның шағын 2-3 мемлекеті сыйы­п кетеді. Өңірдегі ауылдық округтердің де о шеті мен бұл шетіне көз жетпейді.

Ауыл әкімдеріне «Нива» берілді

Су жа­ңа, жол талғамайтын жүрдек автокөліктер болмаса, ауыл әкімдері өздеріне жүктелген міндеттерді атқаруға үлгере алмай қалуы әбден мүмкін. Осыны ескерген Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жер­гілікті бюджет есебінен аймақтағы ауыл әкімдеріне «Нива» автокөлігін беру жөнінде шешім қабылдады. Өткен жұма күні оларға жеңіл әрі ауа райы­ның кез келген жағдайында пайдалануға ыңғайлы қызметтік автокөлік кілттері тапсырылды.

Аталған автомобильдер өз елімізде құрастырылған. Сондық­тан да бұл игі қадамның екіжақты тигізген шапағаты бар деген орынды. Яғни біріншіден, жоғарыда айтылғандай, осы арқылы облыстағы ауылдық округ­тің әкімдері сенімді авто­кө­лікке ие болса, екіншіден, мұ­ның өзі отандық тауар өнді­рушілерді қолдау болып табылады.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ