Өнер • 16 Сәуір, 2018

Қостанайда «Көктем-қыздар» респубикалық ән байқауы  өтті

740 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда  белгілі сазгер Қалибек Деріпсалдиннің әндерін орындаушылардың үш күнге созылған республикалық «Көктем-қыздар» ән байқауы мәреге жетті. Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығына  арналды.

Қостанайда «Көктем-қыздар» респубикалық ән байқауы  өтті

Әнші, сазгер, республикаға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі,  Амангелді ауданының құрметті азаматы Қалибек Деріпсалдиннің әндерін  әндері елімізде танымал, көп орындалады.  Осы жолы оның әндерін орындаушылардың республикалық ән байқауына Алматы, Астана қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан  және Қостанай облыстарынан әншілер қатысты.

Қазылар алқасының құрамына  елімізге белгілі мәдениет қызметкерлері, өнер адамдары кірді, оған белгілі композитор Ермұрат Үсенов төрағалық етті. Үшінші орынды үш әнші бөлісті.  Ол  Қостанай облысының Алтынсарин ауданынан Гүлбақыт Жаңбырбаева,  қостанайлық Азамат Мұқатов, Ақмола облысынан Әлім Әмірғазинге берілді. Екінші орынды Ақтөбе облысынан келген Нұртас Омаров пен Қостанай облысының  Меңдіғара ацуданынан Қанат Ражанов алды. Бірінші орын Батыс Қазақстан облысынан келген дуэт Дария Бақытова пен Дастан Есентеміровке бұйырды. Ал байқаудың бас жүлдесін  жамбылдық күміс көмей әнші Жанатбек Қадыров иеленді.

Байқаудың гала-концертінде жүлдегерлермен қатар республикаға аты белгілі әншілер Қалибектің әндерін орындады. Гала-концертте композитор Қалибек Деріпсалдиннің өзіне де құрмет көрсетілді. 

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай