Аймақтар • 16 Сәуір, 2018

Қызылордада «Ұлы дала дәстүрі» атты танымдық кеш өтті

1589 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қоғамдық қор өкілдері «Ұлы дала дәстүрі» тақырыбында танымдық кеш өткізді деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі.

Қызылордада «Ұлы дала дәстүрі» атты танымдық кеш өтті

Ұлттық салт-дәстүр, мәдениетінің уызына қанып өспеген ұрпақтан толыққанды азамат шыға қояды дегенге сену қиын. Бәлкім, бір биіктерді бағындырар. Бірақ, бойында ұлттық кемдік көрініп тұрады.

Бұрындары үлкендер жас балаларға айдар қоятын еді. Айдар шаш - тіл мен көзден сақтайды деген ұғым болған. Олар ел үмітін ақтайтын ер тұлғалы азамат болып өседі деген сенімде болыпты. Ұл баланың айдары ол сүндетке отырғызылғаннан кейін алынған. Бүгінде бұл дәстүр сақталмайды.

Танымдық кеште қазақтың бастаңғы жасау, шашу, бата беру сияқты дәстүрлері жайлы айтылып, қазақ аруларының әшекей бұйымдары, әйел затының жасына, отбасындағы орнына қарай тұтынатын заттары көрсетілді.

Кеш тағлымы ұлттық рухты ұлықтауға арналған.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы.