Қазақстан • 17 Сәуір, 2018

Кәсіпкерлер үшін заңнамалық базаны жетілдіру маңызды

215 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. 

Кәсіпкерлер үшін заңнамалық базаны жетілдіру маңызды

Заң жобасының мақсаты биз­нес-ортаны жақсарту мен кеңей­ту, кәсіпкерлерге әкімшілік кедер­гі­лерді қысқарту және ауыртпалықты азайту аясында заңнамалық базаны жетілдіру болып табылады.

Заң жобасы мемлекеттік бақы­лау-қадағалау қызметін рефор­ма­лауға, ақпараттық құралдарды рет­теуді және реттеуші әсерді талдау тетігін жетілдіруге, табиғи моно­п­о­лия субъектілері мен квази­мем­лекеттік сектор көрсететін мін­детті қызметтерді реформалауға, сондай-ақ бәсекеге кедергі жасайтын нормаларды алып тастауға бағытталған.

Одан басқа, заң жобасымен бизнес шығындарын жаппай төмендету және «Doing Business» рейтингінде Қазақстан жағдайын жақсарту жөніндегі шаралар көзделіп отыр.

Заң жобасымен бірқатар заңна­малық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Сондай-ақ профилактика­лық бақылауды қамтитын мемлекет­тік бақылау мен қадағалаудың жаңа жүйесі ұсынылады. Мәселен, іріктеу тәртібімен жүзеге асырылатын тексерулердің орнына негізгі айырмашылығы әкімшілік іс жүргізуді қозғамастан құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен алдын алу болып табылатын профилактикалық бақылаудың жаңа институты енгізіледі. Осыған байланысты, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске көрсетілген функциялармен және әкімшілік іс қозғау жөніндегі уәкілетті органдардың құзыретімен ұштастырылған тиісті өзгерістер енгізіледі. Бұл ретте, субъектіге (объектіге) бару арқылы профи­лактикалық бақылау мен қада­ға­лау тәуекелдерді бағалау негі­зін­де жүзеге асырылатын болады.

Заң жобасы аясында бақы­лаудың жиырма саласы мен бірқатар бақылау функциялары қайталанушы және тиімсіз ретінде алынып тасталады.

Сонымен қатар заң жобасымен жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті қызметтерді көрсету жө­ніндегі табиғи монополия субъек­­тілері мен квазимемлекеттік кәсіп­орын­дардың жұмысын реттеу жөнін­­дегі ережелер енгізіледі. Атап айт­қанда Үкіметке осындай көр­­се­­тілетін қызметтердің тізбе­сін бекіту жөніндегі, ал экономика сала­сын­­дағы уәкілетті органға олар­­ды көрсету тәртібін айқындау жөнін­­дегі құзырет беретін ереже көзделді.

Мемлекеттік реттеу құралдарын сапалы бағалау үшін заң жобасымен жергілікті деңгейдегі және орта­­­лық мемлекеттік органдар ве­домство­­ларының барлық шешім­­де­ріне реттеуші әсерді талдау рәсі­­мін қол­дану, сондай-ақ бизнеске әсер етуді бағалауды күшейту ұсы­нылады.

Қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитариялық-эпиде­миологиялық салауаттылығы саласында тексерулердің нәтижелері туралы актілерге шағым жасау жөніндегі апелляциялық комиссия институты енгізіледі.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.