Қазақстан • 17 Сәуір, 2018

Цифрландыру жердің жай-күйін зерттеу саласына да жетті

935 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Әдетте, жер көлемі жағынан Қазақстанның дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің бірі екендігін жиі айтып, мақтан тұтамыз. Ал жеріміздің сапасы қандай, ауыл шаруашылығына арналған алқаптардың көлемі қанша, мал жайылымына жарамды жерлер қалай анықталады, топырақтың құрамын зерттеу жұмыстары қалай жүріп жатыр, жер кадастры мәліметтері қалай қалыптасады? Жерге қатысты мұндай маңызды мәселелермен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жер кадастры құрылымдары айналысады.

Цифрландыру жердің жай-күйін зерттеу саласына да жетті

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бі­рыңғай провайдері ретінде құрыл­ған корпорация халыққа қызмет көр­­сету орталықтары, сондай-ақ жыл­­жымайтын мүлік, зейнетақы тө­­­лем­дері мен жер қатынастары бой­ы­нша қызмет көрсету саласын да­мытып қана қоймай, бизнес-про­цес­терді автоматтандырып, қыз­мет­­тер мен ақпараттық базаларды электронды нұсқаға өткізіп, Қазақ­стан­ның цифрлы мемлекетке айналуына барынша жағдай жасауды мақсат тұтады. Бұл орайда халықтың цифрлы сауаттылығын көтеру жұ­мыстары да қарқынды жүріп жатыр.

Мемлекет аумағындағы жер ре­су­рстарының табиғи және шаруа­шы­­лық жағдайы туралы деректер ба­засы – Мемлекеттік жер кадас­трын өзекті мәліметтермен қам­та­масыз етіп, ақпараттарды жаңарту және толықтыру үшін біздің мамандар мемлекеттік тапсырыс бой­ынша жер кадастры ғылыми-өнді­ріс­тік жұмыстарды жүзеге асырады. Атап айтқанда, топырақтың құ­ра­мы мен құнарлылығын анық­тау, геоботаникалық зерттеулер жүр­гізу, кадастрлық карталар мен агро­өндірістік картограммаларды да­я­р­лау, жердің жағдайы мен пайда­ла­нылуын қадағалау үшін мониторинг жүргізу сияқты қызметтерді атқарады.

Аталған зерттеу-тексеру жұмыс­та­ры­ның қорытындысы бойынша элек­тронды карталар жасалып, ол «Циф­рлы Қазақстан» бағдарламасы ая­сында электронды нұсқада ұсы­ны­лады. Яғни қарапайым тілмен айт­сақ, кез келген азамат «Жер-ка­дас­­трлық сызбасы» сервисі арқылы www.aisgzk.kz сайтындағы бірыңғай мемлекеттік жер реестрінде тіркелген жер телімдерімен танысып қана қой­май, олардың кадастрлық нөмірі мен құқықтық түрін, ауданы мен ны­санын, сапалық сипаттамасы мен пай­далану мерзімін, орналасқан же­рін оңай анықтай алады. Сондай-ақ топырақ және геоботаникалық кон­турлар туралы ақпаратты да осы сер­вистен табуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясының Жер кадас­тры департаменті атқарып жат­қан жұмыстардың нәтижесін әрбір қазақстандық өз игілігіне жарата алады, әсіресе ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтар үшін тиімді. Мәселен, мемлекеттік корпора­ция қыз­­меткерлері зерттеу бары­сын­­да 630 мың гектар егістік алқа­бы­ның тұз­данып, сор топыраққа ай­нал­­ға­нын анықтады. Сондықтан бұл те­лімдердің иелеріне жердің тұз­да­нуы­на қарсы күрделі іс-шаралар қол­да­нуға ұсыныс жасалды.

Айталық, егер диқандар жер телі­мін­дегі топырақтың генетикалық құ­ры­лымы мен қасиетінен хабар­дар болса, бұл жерде нақты қандай да­қыл­­дың жақсы өсетінін де түсінеді. Ал топырақтың құнарлылық дең­гей­ін, яғни бонитет балын білсе, егіс­тігінің әлеуетін байқап, пайда­сын бағамдай алады. Сондай-ақ жер­дің өсімдік жабынын анықтайтын геоботаникалық зерттеулерге сәйкес ша­руа­лар жайылымға арналған ал­қап­тарының жай-күйімен таны­сып, қай жерде қанша мал бағу­ға болатынын ойластырып, өз қожа­лы­ғындағы жер телімдерін ұтым­ды пайдалануға мүмкіндік алады. Осы­дан-ақ ауылшаруашылық өнді­рі­­сі, соның ішінде егіншілік және мал шаруашылығымен айналысатын аза­маттар үшін жер кадастры ғы­лы­ми-өндірістік жұмыстарының ма­ңыз­дылығын түсінуге болады.

Жалпы, Қазақстанның жер аума­ғы 272,4 млн гектарды құраса, оның 81,3 пайызы ауылшаруашылық алқап­тарына жатады. Соның ішінде егіс­тіктер 25,2 млн гектарды, ал жай­ылымға арналған жерлер 186,4 млн гектарды алып жатыр. Топырақ сапа­сы жағынан Қостанай, Ақмола, Сол­түстік Қазақстан облыстарының жер ау­мағы алдыңғы қатарда.

2003 жылдан бері жүргізілген зерт­теулерге сәйкес уақыт өткен сайын табиғи және адами факторлардың әсе­­рінен жердің сапа көрсеткіштері де төмендеп бара жатқандығы бай­қалады. Бұл, әрине өте өкінішті әрі қатерлі жағдай. Сондықтан Жер-ананың жай-күйін анықтап, күтім жасау және орынды пайдалану үшін жер кадастры ғылыми-өндірістік жұ­мыстардың қарқынын күшейтіп, Қа­зақ­стан территориясының бі­рың­­ғай кадастрлық картасын қа­лып­тас­тыру аса маңызды жоба екендігі дау­сыз.

Агроөнеркәсіп кешенін дамы­ту­дың 2017-2021 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасына сәйкес 2017 жылы «Азаматтарға арналған үкі­мет» еліміздің 4,5 млн гектар жері­нің топырақ құрамын зерттеді. Со­ны­мен қатар 3,8 млн гектар табиғи жем-шөптік алқапқа геоботаникалық зерт­теулер жүргізіліп, 3 млн гектар жер топырағының бонитет балы анық­талды. Ал биыл топырақ құра­мын зерттеу жұмыстары – 7 млн гек­тарға, геоботаникалық зерттеулер – 7,3 млн гектарға, топырақтың бонитет балын анықтау жұмыстары 4 млн гектар жерге жүргізілмек.

Мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын ұлғайып келе жатқандықтан топырақ және геоботаникалық зерттеу жұмыстарын уақтылы және сапалы орындау үшін қажетті мамандар саны да өсіп келеді. Мәселен, был­­тыр осы мақсатта 88 маман жұ­мыс­қа қабылданды. Биыл да жер қа­ты­настары саласы бойынша бі­лім алып жатқан студенттер мен ма­гис­тр­анттарды жұмысқа тарту іс-ша­ра­лары жүргізіліп жатыр. Ал бұл өз кезегінде жоғалып бара жатқан то­пырақтанушы, геоботаник сияқты тар шеңберлі мамандықтарға деген сұ­ра­нысты арттыруда. Мұндай оң үрдіске еліміздің жоғары оқу орындары назар аударып, қолайлы шешім қабылдайтынына сенімдімін.

Айта кетейік, «Азаматтарға ар­нал­ған үкімет» мемлекеттік кор­по­рациясы Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың «Ұлт жоспары – бес инс­титуттық реформаны жү­зеге асыру жөніндегі 100 нақ­ты қадам» бағ­­дарламасы аясын­да құрыл­ды. Оның құрамына төрт рес­пуб­ли­ка­лық мемлекеттік кәсіп­орын – «Халыққа қызмет көрсету ор­­та­лығы», «Зейнетақы төлеу жө­нін­­­дегі мем­лекеттік орталық», «Жер ка­дас­тры ғылыми-өндірістік орта­лы­ғы» және «Жылжымайтын мүлік орталығы» кіреді.

Абылайхан ОСПАНОВ,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасы