Қазақстан • 18 Сәуір, 2018

Астанада Қытай елінің көрікті мекендері туралы фотокөрме өтті

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше елордадағы Ұлт­тық музей мен Қазақ­стан­­дағы Қытай елінің ел­ші­­лігі бірлесіп «Таң­ға­жайып Қытай һәм Аспанасты елінің кө­рік­ті ­мекендері» атты фото­көрме ұйым­дас­тырды. 

Астанада Қытай елінің көрікті мекендері туралы фотокөрме өтті

Көрме сөресіне қойыл­ған суреттер бір ғана Цзянсу провинциясының өндіріс­тік қуаты және экономи­ка­лық әлеуетіне, сондай-ақ аймақ­тың табиғи географиялық ландшафты ерекшелігіне арналған екен. Аталмыш провинция Қытай елінің шығысы, яғни теңіздің жылы лебі шайып жатқан көрікті өлке. Өндірісі де дамы­ған. Аймақтың ішкі жалпы өнімі жан басына шаққанда елдегі ең жоғары көрсеткішке ие. Тұрғындар саны 80 млн. Өткен жылғы ЭКСПО көрмесі аясында Қытай павильонында Цзянсу провинциясы­ның арнайы апталығы өтті. Про­­вин­ция экономикасы –  «Бір белдеу – бір жол» стратегия­сы мен еліміздегі «Нұрлы жол» мем­лекеттік бағ­дарла­ма­сы­ның басты инвесторы. 

Көрменің саяси маңызы жайлы көпшілікті хабардар еткен Ұлттық музей дирек­торы­ның орынбаса­ры Абай Саты­балдин, екі ел арасын­да мәдени-гумани­тар­лық сала бойынша ынты­мақтастық қатынас­тар дамып келе жатқанына тоқталса, өз ке­зегінде сөз алған ҚХР Қазақ­­стандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Хань­хуэй мырза өз елінде жетекші өңір санатынан орын алып отырған Цзянсу өлкесінің бүгінгі дамуы жалпы Қытай экономикасының бір көрсет­кіші екеніне тоқталып, аталмыш көрменің міндеті – екі ел достығын бекемдей түсуге бағытталғанын айтты.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ,

«Егемен Қазақстан»