Кәсіпқой бокс • 19 Сәуір, 2018

Геннадий Головкин Ванес Мартиросянмен жұдырықтасатын болды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 5 мамыр күні америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен жұдырықтасады.

Геннадий Головкин  Ванес Мартиросянмен жұдырықтасатын болды

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 5 мамыр күні Карсондағы (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center аренада өтеді.

«HBO-ға қайта шығып, StubHub Center-дің алаңында жұдырықтасатыныма қуаныштымын. Себебі олардың тамаша бокс фанаттары бар. Мен өз жанкүйерлеріме тағы бір Big Drama Show-ды сыйлаймын», - деді Г.Головкин.

Ванес Мартиросянның шыққан тегі армиян боксшы. Төрт жасында отбасы АҚШ-қа көшкен. Ал бокспен жеті жасынан бастап шұғылдана бастаған. Әкесінің өзі әуесқой боксшы болған. Ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жетпесе де, болашағынан үлкен үміт күтуге болатынын байқатқан. Әуесқой бокста барлығы 130 кездесу өткізіп, 120-да жеңіске жеткен.

2005 жылы небәрі 20 жасында кәсіпқой боксқа ауысады. Алғашқы құрлықтық чемпиондық жекпе-жегін 2009 жылы өткізген.

Ванес Мартиросян осыған дейінгі жекпе-жектерін бірінші орта салмақта өткізген. 33 кездесуде ешкімге есе жібермеген. 2012 жылы кубалық Эрисланди Ларамен тең түседі. Араға бір жыл салып америкалық Деметриус Андрадеге ұпай айырмасымен жол беріп, алғаш рет жеңіледі.

2015 жылы отандасы Джермелл Чарлодан жеңілген. 2016 жылы кубалық Эрисланди Ларамен екінші кездесу өткізіп, ұпай айырмасымен жол берген. Одан бергі екі жылда шаршы алаңға шықпаған.