Қазақстан • 19 Сәуір, 2018

«Егемен Қазақстан» ҰБТ онлайн тест жүйесін іске қосты

1693 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Egemen.kz сайтында ҰБТ онлайн тест жүйесі іске қосылды. Тест сұрақтарын республикалық Kazbilim орталығының мамандары әзірлеп ұсынып отыр.  

«Егемен Қазақстан» ҰБТ онлайн тест жүйесін іске қосты

Жақында бас басылым басшысы Дархан Қыдырәлі мен республикалық Kazbilim орталығының жетекшісі Аятжан Ахметжанұлы екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Екіжақты келісім негізінде әр аптаның сейсенбісінде оқырман газет ішіндегі кітапша түрінде жарияланған Ұлттық бірыңғай тестілеу сұрақтарымен танысып, оның дұрыс жауаптарын белгілеп, қанша балл жинағанын біле алатын. Енді egemen.kz сайтындағы ҰБТ тесті арқылы кез келген оқушы пәнді және қажетті нұсқаны таңдай отырып онлайн тест тапсыра алады. Сұрақтың дұрыс жауаптары мен белгіленген нұсқаның бұрыс немесе дұрыстығы бірден шығатын болады. 

Бір айта кетерлігі, онлайн тест сұрақтары енгізілген нұсқалар толықтырылып отырады.