Мал шаруашылығының келешегі кооперацияда

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауында агроөнеркәсіп кешеніне үлкен маңыз бере келе: «Аграрлық сая­сат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек. Ауыл шаруашылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсету керек. 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауылшаруашылық өнім­дерінің экспортын, тиісінше кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырамын», деді.

Егемен Қазақстан
20.04.2018 23365
2

Біздің жеріміз кең, аграрлы елміз. Қол­дағы бар мүм­кін­діктерді тиімді пай­дала­на білсек, экологиялық таза, сапа­лы, арзан ет, сүт өнім­дерін өндіріп, оны терең өң­деп, шетелге шығарып, елі­міз­­дің бюджетіне қыруар қар­жы түсі­руімізге болады. Бүгін­де елімізде 200 мың­нан ас­там ауылшаруашы­лық құ­ры­­лымы бар. Олар­дың 70 %-дан ас­тамы ұсақ шаруа қо­жа­лықтары. Жеке­ше­лен­діру кезінде тым ұсақталып кеткен шаруашылықтарға ғылым мен озық тәжірибе же­тістіктерін, жаңа ин­но­ва­циялық технологиялар­ды, қуат­­ты техникаларды пайдалану мүм­­кін емес. Нәтижесінде агро­өнер­кәсіп кешеніне инвестиция келмей, ауыл ша­руашылығы қарқынды даму жолы­на түсе алмай отыр. Бұл жағ­дай­дан шығудың жолы – ұсақ шаруа­шы­­лық­тарды біріктіру. Ал бірігудің ең тиімді жолы – кооперация. Бұл деге­н­і­міз – шаруалардың одағы. Коо­пе­ра­­тив шаруа қожалықтарының бір­қатар жұмыстарын өз мойнына алып, шаруаларға қызмет етеді, сол қыз­мет­терінің ғана тиіс­ті ақысын алады.

Елбасы­мыз Н.Назар­баев­­тың мал шаруа­шылығын қарқынды дамытып, таяу жылдары шетелге мыңдаған тонна ет экспорттау туралы тапсырмасын орын­дауды, соңғы кездегі мал етін пай­д­аланудың өсу қарқыны ірі қара мал шаруашылығын дамытуды бірін­ші кезекке шығарып отыр. Бү­гін­де елімізде 14 мыңнан астам шаруа қо­­жа­­лығы «Сыбаға» бағдарламасы ар­қы­лы ет өндірумен айналысады. Етті мал өсірумен айналысатын 550 асыл тұ­қым­ды шаруа қожалығы бар. 2010-2016 жылдары шетелден 74 мың бас ірі мал әкелінді, оның 56 мы­ңы немесе 76 %-ы ет бағытындағы мал­дар. Сырттан әкелінген малдың 26- %-ы АҚШ-тан, 22%-ы Ресейден, 20%-ы Аустралиядан, 19%-ы Еуропа ел­дерінен, 13%-ы Канададан алынды. Сатып алынған малдардың 95 %-ын «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ еншілес компаниялары арқылы қар­жы­ландырылды. Бұдан басқа елі­мізде жыл сайын 75000 аналық бас бір өңірден екінші өңірге сатылады. Алай­да миллиардтаған қаржы жұмсап шетелден мал әкелінгеніне қарамастан, түліктердің өсу қарқыны төмен. 2010-2017 жылдары елімізде ірі қара мал саны небәрі 4,1% ғана өсіп, 2017 жылы 6,3 млн басты құрады. Экспортталып жат­қан ірі қара мал еті де көп емес. Не себеп­ті мал басы мен оның өнімділігі өспейді деген заңды сұрақ туындайды?

Осы бағыттағы негізгі жол­дардың бірі мал тұқымын асыл­дандыру мен оны өз төлі есебінен өсіру болып табы­ла­ды. Бұл республика бойынша мал­ды қолдан ұрықтандыру мәселесін жол­ға қоюды талап етеді. Әрбір елді мекенде, тауарлы-сүт фермаларын­да асыл тұқымды бұқалардың ұрығы­мен қам­тамасыз етілген, қолдан ұрық­тан­дыру пункттері жұмыс істеп, ауыл округтеріндегі барлық мал толық есепке алынып, сапалы ұрықтармен қолдан ұрықтанылуы керек. Еліміздегі ірі қара малдың басым көпшілігі жеке қосалқы шаруашылықтардың қолында екенін, оларсыз бордақылау алаңдарын жуық арада мал басымен толтыра алмауымыз мүмкін екенін ескеріп, жекеменшік малдарды асылдандыруға барынша көңіл бөлінуі керек. Сонда бордақылау алаңдарына «гетерозис» принципі бо­йынша жоғары қосымша салмақ беретін мал тұқымдары келе бастайды. Мал шаруа­шылығы дамып, елімізде төрт түлік өнімдеріне деген сұранысын толы­ғы­мен қамтамасыз еткенге дейін, 60 % ірі қара басы шоғырланған жеке қосалқы шаруашылықтарға мемлекет тарапынан камқорлық (мал тұқымын асылдандыру, мал азығы­мен көмектесу, мал- дәрі­гер­лік жұмыс­тар, т.б.) көрсетілуі керек. Егер осы маңызды мәселелер іске асырылатын болса, елімізде 3-4 жыл көлемінде мал тұ­қымының сапасы түбегейлі жақса­рып, саны өсіп, өнімділігі артады. 

Біз соңғы жылдары шетелден онда­ған мың асыл тұқымды мал сатып әкел­дік. Асыл тұқымды мал әкелінген ел­дерд­ің шөбі шүйгін, табиғаты жұмсақ екені белгілі. Ал біздегі жағдай мүлдем басқаша. Біз малдарды тек сабанмен, тіпті жемді мол беріп ұстай алмаймыз ғой. Мал азығы сапалы, құрамы құнарлы коректік заттардың түр-түріне бай болуы керек. Қажет болса малдың қанын алып, қандай қоректік заттың жетпейтінін тексеріп отыру қажет. Сонда ғана күніне әр сауын сиырдан 30-40 литр сүт, бордақыға қойылған малдардан 1,5-2 килоға дейін қосымша салмақ алуға болады. Бәрі азыққа бай­ла­ныс­ты. Ғылыми деректерге сүйенсек, жануар­ларға тәулігіне 1 кило жем-шөп­ті аз беру олардың өнімділігін кемінде 4-5 % төмендетеді екен. Ал елі­міз­де қажетті 20 млн тонна мал азы­ғын­ың 12 млн тоннасы ғана дайында­лады, яғни жетіспеушілік 8 млн тоннаны немесе 40 % -ды құрайды. Бұл мал шаруа­шылығында миллиардтаған тең­генің өнімі өндірілмейді деген сөз.

Сол себепті егін шаруашылығын әртараптандырып, жүгері, арпа, сұлы, жоңышқа, рапс, соя сияқты егіс көлемдері мен олардың өнімділігін арт­тырып, құрамажем шығарудың көлемін 6-7 млн тоннаға дейін өсіруіміз керек. Бағалы жем-шөп дақылдарын өсіруді ынталандыру үшін егілген гектарға субсидия берілуі қажет. Мал азығы жүрдім-бардым қарайтын мәселе емес. Еуропада, жері құнарсыз Израильде қалай сауын сиырдан 40 литрге дейін сүт алады? Өйткені олар құнарлы азықпен азықтандырады. Біз де осыған жетуіміз керек. 

Өз төлі есебінен өсіруде мал шығы­­нын бол­дырмаудың маңызы ерек­ше. Алай­да түліктерді бағуда, әртүр­лі ауруларға қарсы емдеу-про­фи­лак­­ти­калық шараларды дер кезін­де жүр­гізу­де меншік иелері тара­пы­нан тиіс­ті зоотехникалық-мал­дәрі­герлік талап­тар сақталмайды. Мен­шік жеке болғандықтан олардың жауап­кер­шіліктері қатаң қаралмайды, мал шы­ғынына тиісті дәрежеде мән берілмейді. Нәтижесінде шетелден қымбат бағаға сатып әкелінген асыл тұқымды малдар өлім-жітімге ұшырауда. Асыл тұқым­ды малдың әрқайсысының құны 5000-7000 доллар екенін ескерсек, ауыл шаруашылығы мал өлімінен орасан зор шығынға батып отырғанын байқай­мыз. Оны болдырмау үшін шаруалар мен фермерлерді зоотехникалық-малдәрі­гер­лік ғылымның негізіне оқытқан жөн.  

Бүгінгі таңда ішкі нарықта ірі қара мал етін пайдалану көлемі 440 мың тоннаны құрап отыр. Еліміздегі халық санының және халқымыздың ірі қара мал етіне деген сұранысының өсуі ірі қара мал етін пайдалану көлемін таяудағы 3-4 жыл көлемінде 4-5 % өсіреді. Елбасымыз Н.А.Назарбаевтың ірі қара мал етін экспорттау жөніндегі тапсырмасын орындау үшін ішкі нарықта пайдаланатын етті қоса есептегенде елімізде 500-510 мың тонна ет өндірілуі тиіс. Бұл маңызды міндетті орындау бордақылау алаңдарына ет контингентінің көптеп келуін талап етеді. Ол өз кезегінде ірі қараның аналық басының тез арада көбеюіне байланыс­ты. Бүгінде елімізде ет бағытындағы асыл тұқымды шаруашылықтар саны 530 болса, олардың әрқайсысында орта есеппен 220-230 бас асыл тұқымды аналық мал бар. Бұл аз. Оны шешу жолдарының бірі аналық малды шетел­ден сатып алу. Шетелден мал сатып алушы ауылшаруашылық та­уар өндірушілердің жем-шөп базасы, тиісті мал қорасы, малдәрігерлік қыз­мет­керлері болуы керек. Оларға мемлекет тарапынан 7-8 жыл көлеміне арзан­датылған пайызбен берілген кре­дит­тердің пайыздық ставкасы субсидиялануға тиіс. 
Шетелден мал сатып алу барысында өткен тәжірибеден қорытынды шығарған жөн. Атап айтқанда, малды сұрыптау, білімді, тәжірибелі мал дәрігерлері арқылы мал сатып алы­натын елдердегі эпизоотиялық жағ­дай­ларды алдын-ала, жан-жақты зерт­теу, әртүрлі жұқпалы аурулардан аман болуын қадағалау, сатып алына­тын малдың тиісті карантиндік мерзім­дерінің сақталуын қатаң бақылауға алу, малды алыс шетелдерден емес, шекара­лас немесе табиғи климат жағ­дай­лары ұқсас елдерден арзан бағаға сатып алу сынды шаралар назарда болуға тиіс.

Етті мал шаруашылығында еңбек өнім­ділігін көтеру үшін шаруашылық­тарды ірілендіріп, атқарылатын жұ­мыс­тарды кооперация негізінде бөлісу, мамандандыру арқылы шешкен жөн. Бұл елімізде бұрыннан келе жатқан, сыннан өткен тәжірибе. Кеңес өкіметі кезінде ірі-ірі колхоз, совхоздар болды. Сол кездің өзінде әр облыста бірнеше арнайы мамандандырылған мал бордақылайтын шаруашылықтар болатын. Бұл шаруашылықтарда облыс көлеміндегі 150-180 килоға жеткен бұқашықтар, еркек қозылар мен кәрі саулықтар жинақталып, бордақыланып, жоғары кондицияға жеткізіліп ет комбинатына өткізілетін. Шаруашылықтардан қабылданған малды салмағы мен қоңына қарай мемлекеттік етке өткізу жоспарына жатқызып түбіртек-құжат жазып беретін. Етке өткізу жоспары бойынша жекеменшіктен жиналатын мал басы да осы шаруашылықтарға өткізіліп, ет жоспарын орындауға жатқызылатын. Мұндай шаруашылықтардың мал бордақылауға қажетті берік жем-шөп базасы болатын, мемлекет тарапынан мал бордақылауға құрамажем, барда, шелуха, жом сияқты мал азық­тары бірінші кезекте босатылатын. Қазіргі нарық заманында өмірдің өзі дәлел­деген мал бордақылаудың осы тәжі­рибесін толық пайдалануға болады. 

Әрине жеке қосалқы шаруашы­лық­тарда, отбасылық, шаруа қожа­лық­тары мен фермерлерде, мал бор­дақылаумен айналысуға болады. Бірақ онда еңбек өнімділігі төмендейтіні анық. Ал ірі маманданған шаруашылықтардың төңірегіндегі ірілі-ұсақты ондаған шаруа қожалықтарымен кооперация­лау арқылы келісімшарт негізінде еңбек бөлісуі еңбек өнімділігін еселеп көтереді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жыл он екі ай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Осындай коопе­ра­ция­­лық негізде мал басын өсіру мен бор­дақылаудың озат тәжірибесі Ақтөбе облысы Алға ауданындағы «Актеп» ЖШС-да жинақталған.

«Актеп» ЖШС-ның 5 8959 гектар жері бар. Оның 11300 гектары егіндік жер болса, 46 000 гектары жайылым ретінде пайдаланылады. Серіктестікте 106 адам жұмыс істейді. Мал басын өсіру үшін «Қазагроқаржы» АҚ арқылы 2000 бас ангус тұқымды сиыр АҚШ-тан әкелінген. Олар асыл тұқымды абердин-ангус бұқаларымен ұрықтандырылуда. Әрине бұл аналық малдарды күтіп бағуға, төл алып өсіруге ерекше жағдайлар жасалынған. 
Ал «Ірі қара малды күтіп бағу және өсіру» жобасы бойынша шаруа қожалықтары серіктестіктен асыл тұқымды аналық малдарды бағуға, төлдетіп өсіруге алып, алынған төлдің еркек бұқашықтарын серіктестіктің мал бордақылау алаңына қайтарып отырады. Шаруа қожалықтары келісімшарт негізінде асыл тұқымды аналық басты күтіп, баққаны үшін және бордақылау алаңына өткізген бұқашықтардың салмағы мен қоңдылығына сәйкес есеп айырысады. Мұндай байланыстар екі жаққа да тиімді. Ауылда жыл он екі айға жұмыс орындары ашы­лады. Шаруа қожалықтары қаржы жұм­самай-ақ асыл тұқымды аналық басты жалға алып, өсіргені, төл алға­ны үшін ай сайын аванс алып отырады. Алын­ған төлді «Актеп»-тің бордақы­лау ала­ңына өткізіп қосымша табыс табады. 

Міне осындай серіктестіктер әр облыста, аудандарда ұйымдасты­рыл­ғаны жөн. Бордақылау алаңдарын қой, жылқы малдарын бордақылау үшін ашу да күн тәртібінде тұр. Жыл са­йын қозы бөлу науқанында шаруалар еркек қозыларын өткізе алмай арзан баға­мен әркімге сатып әлек болуда. Ал еркек тоқтының еті Қытайда, Араб ел­де­рінде, Иранда, Еуропада диеталық өнім ре­тінде қазір үлкен сұранысқа ие. Осы мәселеге ерекше көңіл бөлінсе шару­а­лар ұтқан болар еді.

Ауыл шаруашылығын коопера­ция­лау туралы заңның қабылданғаны­на 2 жылдан асты. Кооперацияның заңдық база­сы жасақталды. Енді осы заң негі­зінде жергілікті жерлерде терең дәйектілікпен ойластырылған күнде­лікті жұмыстар атқарылуы тиіс. «Актеп» ЖШС жұмысы – етті мал шаруашылығын дамытудағы озат тәжірибе. Осындай маманданған мал бордақылау кешендерін әр облыста ұйымдастырса, бұл салада еңбек өнімділігі бірнеше есе өседі, өнімнің сапасы артады және бағасы да арзандайды. Ал кооперация туралы заңға қан­дай өзгерістер енгізу керек, оны тәжірибе көрсетеді.

Қуаныш АЙТАХАНОВ,
экономика ғылымдарының
докторы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.11.2018

Арқалықта қуатты, заманауи ет комбинаты жұмысын бастады

22.11.2018

Жеке куәлікті саусақ таңбасы алмастыратын болады

22.11.2018

Президенттік олимпиададан олжалы оралды

22.11.2018

Жамбыл облысында жылқы ұралағандар ұсталды

22.11.2018

Дамир Исмағұловтың қарсыласы анықталды

22.11.2018

Алматының ірі жылу магистралінде апат болды

22.11.2018

Еуразия ұлттық университетінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

22.11.2018

Мәнерлеп сырғанаушылар Загреб пен Таллинде сайысқа түседі

22.11.2018

Елбасы мақаласы шетелдік БАҚ назарында

22.11.2018

Тарихи сана тұғыры – ұлттық болмыс

22.11.2018

Шымкенттіктерге арнайы медициналық көмек көрсетті

22.11.2018

Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

22.11.2018

«Digital Urpaq» Пионерлер сарайы өз жұмысын бас­тады

22.11.2018

Қалдықтар да кәдеге жарайды

22.11.2018

Зиялы қауым өкілдері «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жайлы не дейді?

22.11.2018

Baǵdarlamalar baıandylyǵymen baǵaly

22.11.2018

Дулат Исабеков: Қазақ баспасөзінің көшбасшысы – «Егеменге» жазылыңыз!

22.11.2018

Астана Операда «Күміс ғасыр балеттері» көрсетіледі

22.11.2018

«Османлы мемлекеті мен Орталық Азия хандықтары қарым-қатынастарының құжаттары» көрмеcі ашылды

22.11.2018

Балалар Барнаулға неге барады?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Baǵdarlamalar baıandylyǵymen baǵaly

Elbasy Nursultan Nazarbaev bıylǵy jylǵy halyqqa Joldaýynda úkimet múshelerine qaratyp, «Bizde árqıly baǵdarlamalar qabyldanyp jatyr. Indýstrıalyq baǵdarlama, ınfraqurylymdyq baǵdarlama, sondaı-aq, áleýmettik máselelerdi qamtyǵan kóptegen baǵdarlama bar.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу