Аймақтар • 20 Сәуір, 2018

Сәтбаев қаласында 45 балаға 50 мың теңгеден табыс етілді

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәтбаев қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы қарсаңында ерекше қажеттіліктері бар 45 балаға көмек көрсету мақсатында «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық акциясы өтті. Аталған игі шара Сәтбаев қаласының 45 жылдығы мен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналды.

Сәтбаев қаласында 45 балаға 50 мың теңгеден табыс етілді

Шынболат Ділдебаев атын­­да­ғы мәдениет сарайы­ның­ залында ерекше қажет­тіліктері бар балалар мен олардың ата-аналарының шы­ғармашылық жұмыстары арнайы ұйымдастырылған көрмеге қойылды. Шара барысында бұл жұмыстар сатылымға шығарылып, көбі өз иелерін тапты. 

Жалпы, ерекше қажет­тілік­тері бар балалар өте қай­сар және шыдамды болып келеді. Тағдырдың ауыр сынына ұшы­раған бұл бала­қайлардың өмірге деген құш­­­­тарлығы адамды еріксіз тәнті етеді. Олар түрлі қиын­дықтарға қара­мастан, би билеп, ән айтып,  су­рет те салады.

Іс-шара барысында ерекше қажеттіліктері бар 45 балаға 50 мың теңгеден арнайы сертификаттар табыс етілді. Ал Амантай Ержанға екі бөлмелі пәтердің кілті берілді. Марапаттау рәсімінен кейін балалар өз өнерлерін көр­сетіп, жұртшылыққа тамаша көңіл күй сыйлады. Балалардың саx­наға әр шы­ғуын көрермендер ерекше ризашылықпен қарсы алды.

Аталған қайырымдылық ак­ция­сына Қарағанды облысы әкімі аппараты «Қоғам­дық келісім» КММ дирек­торы Ерлан Құсайын, «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова және  Қарағанды об­лыстық ҚХА жа­нындағы қайы­ры­м­дылық жасаушылар мен тәлім­герлер клубының төрағасы Сергей Водько қатысты.

Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы,
Сәтбаев қаласы