Кеше сенаторлар алты заң қабылдады

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында сенаторлар бірнеше заң қабылдады. Бұл құжаттардың қай-қайсысы да халықтың көкейіндегі біраз мәселенің оң шешімін табуына ықпал етпек. 

Егемен Қазақстан
20.04.2018 2462
2

Ал палатаның бейсенбі күнгі отырысы Мемлекет басшысының ұсынысымен Жоғарғы соттың судьялығына Анатолий Смолинді сайлаудан басталды. Елбасының ұсынысын сенаторларға Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов жеткізді. Ұсынылған кандидатураны Сенат депутаттары бірауыздан қолдады. 

Кәсіпкерлікке кедергі азайды

Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде әзірленген «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мә­се­лелері бойынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» Заң аясында қолданыстағы 14 кодекске және 109 заңға түзету енгізу көзделген. Аталған құжат биз­несті қайта реттеуге, оның жөнсіз шы­ғындары мен әкімшілік кедергілерді жоюға және кәсіпкерліктің дамуын ынта­ландыруға бағытталған. Сонымен қатар Қазақстанның «Doing Business» индикаторы бойынша рейтингін жақсарту амалдары да бекітілген. 
Осы мәселе бойынша баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов алынып тасталған тексерістер бұған дейін тиімсіздігін көрсеткенін және қайталанып келгенін атап өтті. 

Ендігі жаңашылдық ретінде бұрынғы жүйе өзгертіліп, профилактикалық бақылау институтының енгізілетіндігі аталды. Нақтырақ айтқанда, жаңа заң қолданысқа енгеннен кейін тексерушілер анықталған кемшіліктер бойынша әкімшілік істі бұрқ еткізіп қозғамай, алдымен профилактикалық әрекет жасауға міндеттеледі. 

«Сонымен қатар жер және құқықтық кадастрды кейіннен біріктіру мақсатында жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы қызметтерді Әділет министр­лігінен «Азаматтарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясына» беру ұсы­нылады», – деді ол.

Дүниежүзілік банк жүргізетін «Doing Business» индикаторы еліміздің дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылуына ықпал ететіндіктен, заңда оның мұқият қа­ралғандығын айттық. Алайда Сенат депутаты Еділ Мамытбеков өзінің қосымша баяндамасында бір заңға бола көптеген заңдардың өзгеріске ұшырауы ел экономикасының дамуына кедергі болатындығын көлденең тартты. Сондай-ақ  ол «Doing Business» рейтингі бойынша еліміздің 190 мемлекеттің ішінде 36-орында болғандығына қарамастан әлі де жетілдіретін тұстарын атап өтті. Мәселен, салық салу, құрылысқа рұқсат беру, электр желілеріне қосылуға келісім беру, несие алу мен халықаралық сауданы дамыту бойынша  орталық және жергілікті атқарушы органдар қа­перге алатын мәселелер жеткілікті болып отыр. Сенатор әлі де тексерушілердің құ­рығы ұзын екендігін, ал кәсіпкерлердің әрбір екіншісі сыбайлас жемқорлықтан зәбір көріп отырғандығын жеткізді. 

Осы тектес ұсыныстар мен талқылаулардан соң сенаторлар заңды толықтай қабылдады.

Ассамблея туралы заң жаңғырды

Сенаторлар қабылдаған маңызды құ­жат­тың бірі – «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар болды. 
Аталған заң жобасы Елбасының 2017 жылғы 4 қыркүйекте Парламент сессиясының ашылуында берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленіп отыр. Сонымен қатар Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи еңбегінде айқындалған міндеттерді лайықты орындау осы заң арқылы да жүзеге асырылады. 

Ассамблеяны еліміздің саяси жүйесінің толық құқықтық субъектісі ретінде бекітіп, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданғалы 10 жыл уақыт аралығында Ассамблея институтының өзі жаңаша өзгерістерге ұшырады. Елімізде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етудің үлгісі жаңа сатыға көтерілді. 

– Осы заңның негізін құрап отырған «Этносаралық келісім» термині оның қолданылу аясын тарылтып отыр, ал іс жү­зінде Ассамблеяның миссиясы едәуір кең ауқымға ие. Осыған байланысты, Ас­сам­блеяның негізгі мақсаты мен міндет­терін «этносаралық келісім» деп емес, «қоғам­дық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамта­масыз ету» деп анықтап, заңның бар­лық мәтіні бойынша осы терминология­ны қолдану ұсынылды, – деді сенаторлар алдында баяндама жасаған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Осы орайда, «Қоғамдық келісім» рес­публикалық мемлекеттік мекемесінің, яғ­ни Ассамблеяның жаңа институтының пай­да болуы ескеріле отырып, сондай-ақ Ассам­блеяның қызметіндегі этномәдени бірлес­тіктердің маңызды рөлі назарға алынып, аталған ұйымдардың мәртебесі белгі­ленген. Сонымен қатар заң жобасында облыс әкімдіктері жанындағы Ассамблея Аппа­рат­тарының функцияларын кеңейту ұсынылды.

Ал қосымша баяндама жасаған сенатор Бақытжан Жұмағұлов Қазақстанда барлық реформалық, рухани-әлеуметтік өзгерістер Ассамблеяның институты негізінде жүзеге асырылып жатқандығына тоқталды.  

– Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттық сана мен рухани жаңғырудың, әрі жаңғырту процесінің алдыңғы шебінде келеді. Сондықтан да оның рөлі де, жауапкершілігі де жоғары, – деді Б.Жұмағұлов. 

Аталған заң сенаторлар тарапынан бірауыздан қолдау тауып, қабылданды.  

Халық жайылымнан тарықпайды

2016 жылдың мамыр айында Елбасының Жарлығымен және тиісті заң арқылы Жер кодексінің жекелеген баптарына 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге мораторий енгізілгені белгілі. Атап айтқанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қазақстандықтарға жекеменшікке беруге, шетелдіктерге жалға беруге тыйым салынды. Енді аталған мәселелер нақты шешімін тапқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң кезінде қоғамның қызу талқысында болған жерге қатысты мәселелерді бірыңғайлайды. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев баяндады. 

Оның айтуынша, еліміз бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдерінің есебі негізінде ауылдық елді мекен тұрғындарына қосымша 27 млн гектар жайылым қажет. Ал қазір ауылдағы ағайын төрт түлігін 20 млн гектар жерге жайып отыр. Қосымша жайылым осы заң негізінде реттелмек. 

Жайылым үшін қажетті жерлерді қайтарып алу үшін өтемақы ретінде мем­лекет 180 млрд теңге, ал тұрғын үй құры­лысына қажетті жерлер үшін 1 млрд теңге қарастырған. Бұл сома облыс әкімдіктерінің сұранысы бойынша республикалық бюджеттен қажетінше бөлінеді. 

«Конкурстың жариялылығы мен қатысушылардың тең құқықтарын сақтау үшін хабарландырулар бұрынғыдай тек аудандық газеттермен шектелмей, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс және облыс әкімдіктері мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернеттегі ресми парақшаларына орналастырылады.  Жерді иеленушілердің жерді тиімді және сапалы пайдалануға байланысты міндеттемелері алғашқы бес жылда – жыл сайын, одан кейінгі кезеңде суармалы жерлер 3 жыл сайын, суарылмайтын жерлер 5 жыл сайын мониторингтен өткізіледі. Бір қолға берілетін жердің мөлшері жергілікті мәслихаттар мен әкімдіктердің бірлескен ұсынысы арқылы Үкіметте бекітіледі», – деді Ө.Шөкеев. 

Жаңа заң бойынша шекара белдеуіндегі жер жалға берілмейді және оны тек жергілікті халық жайылым ретінде пайдалана алады. Ал шекаралық аумақтағы жерлер тек қазақстандықтарға ғана жалға беріліп, шетелдіктермен некедегі Қазақстан азаматтарына беруге тыйым салынған. Сонымен қатар қолданыстағы мораторийдің ауқымы кеңей­тіліп, тіпті шетелдіктердің 1 пайыздық үлесі бар заңды тұлғаларға жер жалға беріл­мейтін болып бекітілген. Алдағы уа­­қытта жерге байланысты шешімдер қабыл­дау кезінде қоғамдық пікір де барынша ескерілмек.

Заңды депутаттардың талқылауы барысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы: «Қазақтың жері – қазақтың жаны мен демі, тіршілігі, тәуелсіздігіміздің тірегі. Жер – ұлтаралық татулықтың негізі. Бірнеше ғасыр бойы отарлау саясатының зардабын тартқан қазақ халқы шетелдіктерге жерді жалға беруді қабылдай бермейтіндіктеріне көзіміз анық жеткендей болды. Осы бір көңіл ауанын ескеріп, жерді сауда мен саясаттың құралына айналдырмауымыз керек», деп сөзін түйіндеп өтті. Ал сенаторлар заңды толық қабылдады.

* * *

Сенаторлар, сондай-ақ «Қазақстан мен Тәжікстан Үкіметтері арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкі­меті арасындағы Ауғанстан Ислам Респуб­ликасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық темір жол транзитін қамтамасыз ету тура­лы келісімге өзгеріс енгізу туралы хат­таманы ратификациялау туралы», «Тәуел­сіз Мемлекеттер Достастығына қатысу­шы мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіз­дікті қамтамасыз ету саласындағы ынты­мақ­тастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдарды да қабылдады. 

Сонымен қатар орталық атқарушы ор­ган­дарға депутаттық сауалдарын жолдады.

Серік ӘБДІБЕК,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Роналду алғаш рет ойыннан қуылды

21.09.2018

Еліміздегі депозит шарттары өзгермек

21.09.2018

Qasiet pen qasiret

21.09.2018

Жабайы бәсекелестік немесе жолаушыларды заңсыз тасымалдау белең алып барады

21.09.2018

Ректор Мәлік Ғабдуллин

21.09.2018

Парасаттылық пен азаматтықтың өнегесі

21.09.2018

Танзанияда паром суға батып, 44 адам қаза тапты

21.09.2018

Антон қарттың айтқандары

21.09.2018

Көшенің сәнін келтіріп...

21.09.2018

Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

21.09.2018

Алда елді елге қосу мұраты тұр

21.09.2018

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері қаралды

21.09.2018

«English for Jastar» – жаңа жоба

21.09.2018

Нақты істердің партиясы

21.09.2018

300 мың адам диктант жазды

21.09.2018

2017 жылы машина жасау өнімінің көлемі 1 трлн теңгеге жуық болды - Елбасы

21.09.2018

Әліпби ауыстыру – үлкен өзгеріс

21.09.2018

Елбасы. Елорда. ЭКСПО

21.09.2018

Парламенттік тыңдау өтеді

21.09.2018

Инвесторларды тарту мәселелеріне арналды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу