20 Сәуір, 2018

Қайрат Мәми халықаралық конференцияға қатысты

312 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Бішкек қаласында Қазақстан Республикасы Консти­туциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми Қырғыз Респуб­ликасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Консти­туцияның үстемдігі және тікелей әсері: Конституцияны құқықтық қорғауды қамтамасыз ету мәселелері» атты ха­лық­аралық конференцияға қатысты.

Қайрат Мәми халықаралық конференцияға қатысты

Конференция жұмысына шетелдердің конституциялық бақылау органдарының, Құқық арқылы демократия үшін Еу­ро­палық Комиссия, Еуропалық Кеңес (Венеция комиссиясы) және Қырғызстанда аккредиттел­ген басқа да халықаралық ұйым­дардың өкілдері, сондай-ақ таяу және алыс шетелдердің белгілі ғалымдары қатысты.

Конференция барысында Қ.Мәми «Конституцияның үс­тем­­дігін қамтамасыз етуде конс­титуциялық әділет органдарының рөлі» атты бірінші секцияның мо­дераторы ретінде сөз сөйледі. 

Өз баяндамасында ол келе­сілерді атап өтті.

«Бүгінде халықаралық ау­қым­да конституция туралы тезис «тірі конституция» тұжырымдамасына негізделіп, дамып отыратын құ­қықтық материя ретінде танылған. Оны одан әрі жетілдіру оған түзе­тулер енгізу жолымен ғана емес, конституциялық бақылау орган­дарының шешімдері негізінде де жүзеге асырылып келеді. Негізгі Заңның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. 

Конституциялық әділет органдары өздерінің күнделікті қызметінде осы ережелерді басшылыққа алады және олардың шешімдері құқықтық үстемдігі қағидатын өмірде жүзеге асыруға бағытталған. 

Осы үздіксіз процесте конс­ти­туциялық практиканы қалып­тастыруға қажетті жағдай жа­сау­дың маңызы өте зор. Ол конс­ти­туциялық нормалардың нақ­ты кү­шін, олардың біркелкі қол­да­ны­луын қамтамасыз ету үшін қажет. 

Осы мақсатта Қазақстанда өткен жылы конституциялық ре­форма болды, оның мәні Пре­зи­денттің кейбір өкілеттіктерін Парламент пен Үкімет арасында қайта бөлумен қорытындыланады. 

Конституциялық Кеңес өзінің өкілеттіктері шеңберінде ел заң­намасының жұмыс істеуінің пәрменді кепілі болып табылады», – деп қорытындылады сөзін Қ.Мәми. 

Бішкек қаласында Қазақстан Конституциялық Кеңесінің Төр­ағасы бірқатар елдердің конс­ти­туциялық әділет органдары басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.