19 Сәуір, 2018

Қазақстандағы Адам құқық­тары жөніндегі уәкіл сессияға қатысты

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы Адам құқық­тары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Адам құқықтары жөніндегі Тәуелсіз тұрақты комиссия­сының 13-сессиясына қа­тысты, деп хабарлады Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.

Қазақстандағы Адам құқық­тары жөніндегі уәкіл сессияға қатысты

Отырыстың күн тәртібі мұ­сыл­ман әлеміндегі әйелдер мен балалардың құқықтарын дамыту, сондай-ақ заманауи сын-қатерлер жағдайында ИЫҰ-ның Исламдағы бала құқықтары туралы пактісін жетілдіру мәсе­лелерін қамтиды.

Қатысушы мемлекеттердің баланың шығу тегіне және дініне қарамастан, кемсітушіліктің барлық түрінен қорғау жөнінде шараларды қабылдау, сондай-ақ жаһандық және өңіраралық қарулы жанжалдар мен қақты­ғыстар жағдайында балаларды қорғау нормаларын күшейту қажеттілігі туралы ортақ пікір айтылды.

Ашық талқылау барысын­да Қазақстан Омбудсмені әріп­тестеріне заңнамалық база­ны және құқық қолдану тәжіри­бе­сін жетілдіру, мемлекет­тік орган­дардың үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар­мен өзара әрекеттестігі, сондай-ақ ұлттық заңнамаларда тиісті халықаралық нормалар мен стандарттарды енгізу мәнмәтінін­де Қазақстандағы балалардың құқықтарын көтермелеу бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

Бірқатар құқық қорғау бағыт­тарында, атап айтқанда, гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге және балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелерінде қазақ­стан­дық тәжірибені тарату үшін ұсы­нылғаны атап айтылды.

Осыған байланысты сессия­да қаралған құжат жобасына бірқатар нақты ұсыныстар берілді.