Өнер • 20 Сәуір, 2018

Астанада бір актілі «Мың бұралған Ұлы Дала ордасы» балетінің премьерасы өтті

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облыстық мәде­ниет басқар­масының қолдауымен, Степногор әкімдігінің ұйымдас­тыруымен осы қаланың елорданың 20 жылдығына арнаған сый­лығы ретінде Астананың Жастар сарайы сахнасында бір актілі «Мың бұралған Ұлы Дала ордасы» балетінің премьерасы өтті. Аталған қойы­лымды көрермен ерекше ықыласпен тамашалады.  

Астанада бір актілі «Мың бұралған Ұлы Дала ордасы» балетінің премьерасы өтті

Реті келгенде айта кету керек, балеттің музыкасы мен либреттосын Қазақстан Ком­позиторлар ода­ғының мүшесі, өнер ше­бері және Мәдениет бө­лімінің басшысы Айсұлу Тани жазды. Ал режиссер-хорео­графы – Үкілі Ыбырай атын­дағы Ақмола облыстық филармониясының хореографы Гүлмира Орда­баева. Ал балеттің жеке орындау­шылары – Медина Нұр­­ма­ғамбетова мен Тимур Бо­ри­сов. Қойы­­лым Астананың көрікті жер­ле­рінің сұлулығын сипаттай­тын 10 суреттен тұрады. Хо­реография академиясы, «Ша­быт» шығармашылық үйі, Бейбітшілік пен келісім сарайы және тағы басқалары бас­ты кейіпкерді сәулет өне­рінің әсемдігімен таңғал­дырып, арманын биікте шал­қытады. Бұнда нәзік сезім, өмірге құштарлық, ғашықтық пен мөлдір махаббат жатыр. Астана – арман мен үміттің қаласы! Жалпы, балетке 116 адам қатысты. Шығарманың басты ерекшелігі – хорео­графияның төрт түрлі бағы­тын, яғни балет халықтық, қазіргі за­манғы және бал билерінің бірігуі. Сонымен қатар барлық балет әртістері қаланың әуесқой шығармашылық ұжымдарының – халықтық балет сту­диясы, «Серпантин», «Ра­дуга», «Экс­клю­зив» және «Нұр» ансам­бльдерінің мү­шелері екенін айта кету керек.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы