Қазақстан • 20 Сәуір, 2018

Ұлттық намысқа рух беретін қадам

771 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласын халық қа­зақ елінің рухани дамуы мен жа­ңаруының тұғырнамасы ретінде қа­былдады. Бұл мақала ұлттық санамыз бен рухани өремізді дүр сілкіндіретін, ұлт болып ұйыс­уға, ел болып белді бекем бууға, ұлттық намысты ту ету­ге бастайтын тарихи қадам бол­ды. Мақалада көтерілген ла­тын әліпбиіне көшу туралы ой қазақ елін жаңа өзгерістер бе­лесіне бастады, қоғамда үлкен қы­зығушылық тудырды. Демек, ұлт­тың рухани жаңғыруына бас­тайтын нақты қадамдардың ал­дыңғы қатарына латын жазуына көшіру мәселесінің қойылып, нақ­ты міндеттердің белгіленуі ұл­т­тық сананы сілкінту, жаң­ғыр­­ту мақсатынан туындап отыр­­ғандығы анық.  

Ұлттық намысқа рух беретін қадам

Тiл тарихын бiлмей, тiлдi дамыту мүмкiн емес. Өзi­нiң бүкiл сана­лы өмiрiн қазақ жаз­ба тiлiн лек­си­­­калық шұ­барлықтан, басқа тiл­дер­дiң синтаксистiк ықпалынан та­­­­зартумен айналысып, қазақ тiлi ғы­­лымын дамытқан ғалым Ахмет Бай­тұрсынұлы 1913 жылы шыққан «Қазақ» газетiнiң тұңғыш санында былай деп жазады: «...Өзiмiздiң елiмiздi сақтау үшiн бiзге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Ол үшiн, ең алдымен әдебиет тiлiн өркендету керек. Өз алдына ел болуға, өзi­нiң тiлi, әдебиетi бар ел ғана жарай алатындығын бiз ұмытпауға тиiспiз». 

Тіл – халықтың ділі, жан дүниесі. Тіл – ұлттың дінін, мәдениетін, болмысы мен руханиятын тасымалдаушы құрал. Тіл ұлт күретамырындағы тір­шілік көзі – қан іспетті. Оның өн бойында халықтың ділі мен діні, салты мен санасы бұрқырап тасып жатады. Ұлттың ұлт ретіндегі өмі­рінің қалыптасуы немесе жойылуына себеп болатын бірегей фактор да осы тіл. Бұл мәселені жіті түсінген А.Бай­тұрсынұлы: «Өз ұлтына басқа жұрт­ты қосамын дегендер әуелі сол жұрт­тың тілін аздыруға тырысады... Ұлт­тың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жо­ғалады», деп айтып кеткен. Біз Ах­мет Байтұрсынұлы құрастырған әлiпбиге мұқият зер салып қарайтын бол­сақ, онда қазiргi халқымыздың тi­ре­лiп отырған тiл мәселесiнiң ше­шi­мiн оның XX ғасырдың басында-ақ ше­шiп кеткенiне ғылыми түрде то­лық кө­зiмiз жетедi. Соның айқын дә­ле­ліндей Елбасымыз «Қазақ тілі әліп­биін кириллицадан латын графика­сына көшіру туралы» Жарлыққа да қол қойды. 

Бағдарламалық мақалада, сонымен бірге жастар мәселесі де барынша қамтылған. Жастар – болашақтың бас­тауы, ал болашақтың жарқын болуы үшін жастардың психологиясын, с­ана-сезімін, мінез-құлқын, дүние­та­нымын, бағыт-бағдарын өзгертуден бас­тау керектігі де анық. Бұл бағытта Ел­басының «Мәңгілік ел» идеясы біз­дің темірқазық іспетті. 

«Мәңгілік ел» идеясы ата-бабала­ры­мыздан, яғни ортағасырлық түр­кілік заманнан бастау алса, қазақ халқы тарих сахнасына шыққанда осы идея­ны жалғастырып, бүгінгі күнге дей­ін алып келді және тәуелсіздігіміз ор­ныққан кезде сонау түpкiлiк дәуірде Tүрік қағанатының «манифесі» ре­тін­де «Мәңгі тасқа» жазып қал­ды­рғандай, Елбасымыз Нұрсұлтан На­­зарбаев халыққа Жолдауында қазақ елі­нің ұлттық идеясы ретінде жарияла­ды. Ұлттық идея мәселесі бүгінде барлық посткеңестік мемлекеттерде маңызды болып отыр. 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық ма­қаласын түсіндіру бойынша аудан­дық іс-шаралар жоспары әзір­ле­ніп, жүйелі түрде жұмыстар атқа­ры­луда. Бағдарламаны іске асыру бой­ынша желілік кестеге сәйкес бар­лық жоспарланған іс-шаралар мер­­зімінде өткізілуде. Сондай-ақ ау­данда облыстық, республикалық дең­­­гейдегі іс-шаралар жоспарланып, жа­ңаша форматта іс-шаралар ұйым­дас­тырылуда. Бағдарламаны жүзеге асыруда азаматтық сектор институттарын тарту тапсырылған. Әлеуметтік жо­балар мен түрлі іс-шараларды іс­ке асыру шеңберінде бірлескен жұ­мыс жүргізілуі тиіс. Бұл бағытта Та­лас ауданында жүйелі жұмыстар жү­р­гі­зі­луде. Ауданда ресми тіркелген 24 үкі­меттік емес ұйым бар. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын аудан көлемінде жүзеге асыру мақ­са­тында аудандық жобалық офис құ­рылды. Офис құрамына тәжірибелі ма­мандар тартылды. Офис мамандары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен», «Тәрбие және білім», «Ру­хани қазына» және «Ақпарат тол­қыны» бағыттары бойынша жұмыс жа­сайды. 

Мемлекет басшысының қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жү­зеге асыруда ақпараттандыру жұ­мыстарының маңызы зор. Осы тұрғыда ауданымыз бойынша Ел­басының «Болашаққа бағдар: ру­ха­ни жаңғыру» бағдарламалық ма­қа­ласына арналған 60 көрнекі ақпарат құ­ралдары ілінді. Сондай-ақ аудан мек­тептерінде, кітапханаларда «Ру­ха­ни жаңғыру» бағдарламасы бойынша бұрыштар ашылып, арнайы кабинеттер жасақталған, стендтер орналасқан. 

Аудандық «Талас тынысы» газе­тін­де Елбасының бағдарламалық ма­қа­­ласына арналған арнайы айдарлар ашылды. «Талас тынысы» газетіне Ел­басының бағдарламалық мақаласы бой­ынша 66 мақала, сонымен қатар об­лыс­тық, республикалық басылым беттерінде де бірнеше ауқымды ма­қа­лалар жарық көрді. Сондай-ақ бағ­дар­ламаны ақпараттық қолдау бойынша «Фейсбук» әлеуметтік желісінде «Талас ауданы – Рухани жаңғыру» па­рақ­шасы ашылып, онда барлығы 100-ден астам материал жарияланған. Жас­тар ресурстық орталығы мен кей­бір мекеме қызметкерлері де әлеу­мет­тік желіде ақпарат таратуда бел­с­ен­ділік танытуда. 
 
Досмаханбет ӘЛИЕВ,
Талас ауданының әкімі

Жамбыл облысы