Футбол • 20 Сәуір, 2018

Роналдудың рекорды «Реалға» көмектеспеді

318 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осының алдында жазғанымыздай Еуропаның ірі 5 біріншілігіндегі жағдай қалың жанкүйердің үнемі назарында. Алайда, «Манчестер Сити», «Бавария», ПСЖ командалары чемпион атанған соң, Англия, Германия, Франция біріншіліктеріндегі тартыстың қызығы кетіп қалды. Ал Испания Ла-лигасында 2-орынға Мадридтің қос клубы таласуда.

Роналдудың рекорды «Реалға» көмектеспеді

Екі клуб осы жолы бір-бірімен кездесті. 33-тур ойындарында ұшырасқан «Реал» мен «Атлетик» терезесі тең ойын көрсетті. Негізі бұл матчта корольдік клубқа жеңіс ауадай қажет тұғын. Себебі, турнир кестесінде Диего Симионе шәкірттері жоғары тұр. Ал Зиданның командасына осы ойында жеңіске жетіп, «Атлетикомен» ұпай жағынан теңесіп алу қажет болды.

Бірақ, ойынның 14-минутында Иньяки Уильямс есеп ашып, қонақтарды алға жетеледі. «Сантьяго Бернабеуге» жиналған қалың көрермен қақпаға қиыс бағытталған доптарды көріп, 2-орыннан үміт үзе бастаған. Дегенмен, мұндай қысылтаяң сәтте құмырадан шыққан жын секілді көпшіліктің тілеуін бір соққымен орындай салатын Криштиану Роналду «Реалды» құтқарып қалды. 87-минутта таразы басын теңестіріп, алаң иелеріне 1 ұпай әперді. Ең бастысы, дербидегі ұятты жеңілістен сақтады. Айтпақшы, Роналдудың бұл голы тағы бір рекордтың мұртын бұзды. Қазір бұған қатты таңқалатын дәнеңе де жоқ. Себебі, Роналду гол соққан сайын әлем футболында немесе Испан ла-лигасында тұрақты түрде бір рекорд бұзылыатын болған. Ал бұл жолы португал футболшысы өз рекордын өзі жаңарыпты. 2014 жылғы маусымда ол 12 ойында 20 гол соққан екен. Енді КриРо соңғы өткізген 12 ойынында 22 гол соғып отыр.

«Барселонаның» чемпион болатынына ешкім күмәнданбаса, ал екінші орынға әлі де «Реалдың» таласы бар. Күнтізбеге көз жүгіртсек «Атлетиконың» ойындарының көбісі аутсайдерлерге қарсы өтпек. Дегенмен, Ла-лиганың күмісінен Зинедин Зидан командасы үміт үзбейді.

 

Турнир кестесі

О

Клуб

О

Ұ

Т

Ұ

Д-А

ҰПАЙ

1

БАРСЕЛОНА

33

25

8

0

83-19

83

2

АТЛЕТИКО

32

21

8

3

54-15

71

3

РЕАЛ МАДРИД

33

20

8

5

80-36

68

4

ВАЛЕНСИЯ

33

20

5

8

61-35

65

5

БЕТИС

32

16

4

12

53-53

52

6

ВИЛЬЯРРЕАЛ

33

15

6

12

45-40

51

7

СЕВИЛЬЯ

33

14

6

13

41-52

48

8

ХЕТАФЕ

33

12

9

12

38-31

45

9

ЖИРОНА

32

12

8

12

44-49

44

10

СЕЛЬТА

33

12

8

13

52-46

44

11

ЭЙБАР

33

12

7

14

37-46

43

12

РЕАЛ СОСЬЕДАД

32

11

7

14

57-52

40

13

АТЛЕТИК

33

9

13

11

36-39

40

14

ЛЕГАНЕС

33

11

6

16

28-41

39

15

АЛАВЕС

32

12

2

18

29-45

38

16

ЭСПАНЬОЛ

33

8

12

13

26-40

36

17

ЛЕВАНТЕ

32

6

13

13

28-48

31

18

ДЕПОРТИВО

33

6

9

18

32-65

27

19

ЛАС-ПАЛЬМАС

32

5

6

21

22-64

21

20

МАЛАГА

32

4

5

23

20-50

17