Футбол • 20 Сәуір, 2018

«Юве» әлде «Наполи»?

256 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алпауыт лигалардың ішінде чемпиондығы әлі анықталмаған, әрі бәсекесі белден асып тұрған – Италия «Сериясы». «Скудеттоға» таласып тұрған екі клуб – «Ювентус» пен «Наполи» бір-бірінің аңдысын аңдып келеді. Бұл жолы «Юве» ұпайдан шашау шығарып алды.

«Юве» әлде «Наполи»?

33-турда басты назар осы екі клубтың ойынында болды. «Ювентус» «Наполиден» 6 ұпай озып шығып, арқасын кеңге салып жүрген. Кезекті кездесуде де «қарт сеньораға» анау айтқандай төніп тұрған қауіп жоқ еді. Қарсыласы «Кротоне» ілініп-салынып жүрген аутсайдердің аутсайдері. Алайда, сол осал командамыздың өзі аяқасты түлеп шыға келді. 17-минутта Алекс Сандро есеп ашып, Массимилиано Аллегри командасы алға шықты. Бір гол соғып, артық күшін жұмсамайтын, шабуылға сараң келетін туриндіктер кездесудің 65-минутында алаң иелерінен байқаусызда гол жіберіп алды. Қалған 25 минуттың ішінде «Реал» қақпасына «Бернабеуде» 3 гол соққан «Ювентус» түк бітіре алмады. Айналсоқтап қайта-қайта шабуылдағанымен, нақты голға қолы жетпеді. «Ювентус» 1 ұпай алды дегеннен гөрі, 2 ұпай жоғалтты деуге тура келеді.

Ал оның басты бәсекелесі «Наполи» әзер дегенде тығырықтан жол тауып кетті. Өз алаңында «Удинезеден» 2 гол жіберіп, жеңіліп жатты. Қонақтар бірінші таймда есеп ашып еді, дер кезінде Инсиньо жауап қатты. «Удине» екінші голын соққаннан соң да, Маурицио Сарридің командасы таразы басын теңестірді. Ойынның соңына қарай Аркадиуш Милик пен Лоренцо Тонеллидің соққан қос голы «Неаполь» жанкүйерлерінің маңдайынан ащы терді бір сүртті. Әйтпегенде, чемпиондықтың ауылы алыстай түсер ме еді? Енді «Наполи» «Ювентустың» жаза басқанын күтетін болады.

Айта кетейік, 22 сәуір күні болатын турда «Ювентус» пен «Наполи» кездеседі. Осы матчтың тағдыры биылғы чемпиондыққа тікелей әсер етпек.

 

Турнирлік кесте

О

Клуб

О

Ұ

Т

Ж

Д/А

ҰПАЙ

1

ЮВЕНТУС

33

27

4

2

78-19

85

2

НАПОЛИ

33

25

6

2

70-23

81

3

ЛАЦИО

33

19

7

7

79-43

64

4

РОМА

33

19

7

7

52-27

64

5

ИНТЕР

33

17

12

4

54-22

63

6

МИЛАН

33

15

9

9

44-37

54

7

АТАЛАНТА

33

14

10

9

50-34

52

8

ФИОРЕНТИНА

33

14

9

10

47-37

51

9

САМПДОРИЯ

33

15

6

12

51-49

51

10

ТОРИНО

33

11

14

8

47-39

47

11

БОЛОНЬЯ

33

11

5

17

37-44

38

12

ДЖЕНОА

33

10

8

15

26-33

38

13

САССУОЛО

33

8

10

15

24-53

34

14

УДИНЕЗЕ

33

10

3

20

42-54

33

15

КАЛЬЯРИ

33

9

5

19

30-56

32

16

КЬЕВО

33

7

10

16

29-51

31

17

СПАЛ

33

5

14

14

30-52

29

18

КРОТОНЕ

33

7

7

19

30-58

28

19

ВЕРОНА

33

7

4

22

26-65

25

20

БЕНЕВЕНТО

33

4

2

27

28-78

14