Аймақтар • 20 Сәуір, 2018

Қостанайда балалардың «Алтын микрофон» ән байқауы басталды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстық халықтық көркемөнерпаздар  шығармашылығы орталығы ХҮІ халықаралық «Алтын микрофон» ән байқауын өткізіп отыр. Оған 7 мен 21 жас аралығындағы 70 үміткер қатысуға  ұсыныс білдірген.

Қостанайда балалардың «Алтын микрофон» ән байқауы басталды

Қазақстанның әр шалғайынан келгендерді айтпағанның өінде, байқауға  Ресей, Болгария, Армениф және Литвадан  жас әншіоер қатысатын болады. Әлемнің әр түкпіріндегі белгілі продюсер, музыканттар, мәдениет  қайраткерлдері мүше кәсіби қазылар алқасын Қазақстан республикасының өнер қайраткері, композитор, Ұлттық өнер университетінің  профессоры Кеңес Дүйсекеев басқаратын болады.

Сәуірдің 20-21 –де байқаудың іріктеу туры өтеді, ал 22 күні жеңімпаздар анықталып, Гала-концерт өтеді.

 Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай