Қазақстан • 20 Сәуір, 2018

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 2018 жылдың 21-23 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК өкілдері. 

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

"Суық циклонның атмосфералық фронттары Қазақстанға жылжып келеді. Оның әсерінен батыста, содан кейін солтүстікте және 23 сәуірде республиканың шығыс аудандарында жаңбыр күтіледі. Оңтүстік облыстарда жаңбыр найзағайлы және екпінді желмен жауатын болады. Солтүстік облыстарда жаңбыр, кей уақыттарда сулы қар мен тұман күтілуде", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар Оңтүстікте найзағайлы жаңбыр жауып, солтүстікте сулы қар түседі. 21 сәуірге Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дауылды ескерту жарияланды, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. Петропавл қаласында 21 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні секіндына 23 метр болады.