Аймақтар • 22 Сәуір, 2018

Қостанайда мемлекеттік қызмет аллеясы болады

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызметшілер күні және  ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 20 жылдығы аясында мемлекеттік органдар көптеген шараларды межелеп отыр. 

Қостанайда мемлекеттік қызмет аллеясы болады

Республикалық «90 мың түп жаңа ағаштар» акциясы шеңберінде  Мемлекеттік қызмет және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті қызметшілері облыс орталығындағы аллеялардың бірін тазалап, оған ағаш отырғызды.

Алдағы таяу уақытта бұл аумақ «Мемлекеттік қызмет аллеясы» деген атау алатын болады. Ол Қостанай қаласындағы  Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысына орналасқан.  

«Департамент қызметшілері алдағы уақытта осы аллеяны үнемі тазартып,  көркейтуді, көгалдандыруды, тағы да жаңа ағаштар отырғызып, адамдар отыратын  орындықтар жасауды міндетіне алады. Ол қалалықтар мен қала қонақтары бос уақытын өткізуге, демалатын қолайлы орынға айналады» дейді  департамент басшысының орынбасары Ерлан Салықбаев.

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай