Жеңіл атлетика • 22 Сәуір, 2018

Алматыда дәстүрлі қайырымдылық марафон өтуде

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда Орталық Азиядағы ең ауқымды спорттық іс-шара өтуде. Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған «Алматы марафонына» 38 елден 140 мыңнан аса адам қатысты.

Алматыда дәстүрлі қайырымдылық марафон өтуде

Дәстүрлі жарысқа қатысушылар 3, 10 шақырымға (жүгіру және скандинавиялық жүріс) және 21, 42,2 шақырымға (жалғыз және эстафеталық команда) жүгірді.

AIMS және IAAF сертификаттаудан өткендерге жаңартылған бағыттар бойынша жүгіру ұсынылды. Сертификат 2023 жылға дейін жарамды.

Мәрешілердің барлығы Алматы Марафоны 2018 естелік медалімен марапатталады. Қатысушылардың бастау жарналарынан алынған қаражаттар қайырымдылық мақсаттарға жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар