Әлем • 22 Сәуір, 2018

Әзербайжан парламенті елдің жаңа үкімет басшысын бекітті

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжан парламенті пленарлық отырыста елдің жаңа премьер-министрі ретінде президенттің сыртық саясат бойынша көмекшісі Новруз Мамедовтің кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды inform.kz.

Әзербайжан парламенті елдің жаңа үкімет басшысын бекітті

Н.Мамедовтың кандидатурасын ел президенті Ильхам Әлиев ұсынған.

Премьер-министрдің кандидатурасын мақұлдағаннан кейін мемлекет басшысы қалған үкімет мүшелерін тағайындайды.