Әлем • 22 Сәуір, 2018

Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанның жаңа тағайындалған премьер-министрімен телефонда сөйлесті

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Қырғызстан Үкіметінің ресми сайты.

Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанның жаңа тағайындалған премьер-министрімен телефонда сөйлесті

Телефонмен болған әңгімеде, ең алдымен Бақытжан Сағынтаев Мухаммедкалый Абылгазиевті жаңа қызметімен құттықтады. Сондай-ақ, екі ел премьері үкіметтер ара достықты дамытуға бағытталған қазақ-қырғыз қарым-қатынасының өзекті мәселелері туралы сөйлесті. 

Тараптар Қазақстан президенті Назарбаев пен Қырғызстан президенті Жээнбеков арасында жасалған келісімдерді орындау жайында да әңгіме өрбітті.